Кез келген тілдің лексикалық қорының негізгі қабатын жалқы есімдер құрайды. Жалқы есімдерсіз адамзат карым- қатынасы болуы мүмкін емес. Белгілі ғалым-топонимист
Э.М. Мурзаев былай деп жазған: “Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түрып қалған болар еді. Ал газеттер жер шарының әр жерінде болып жатқан оқиғаларды қалай жеткізер еді?” Бүл ойды ары қарай дамытып, кісі аттары, жануарлар, ғарыш, планеталар, әдеби және басқа ғылыми, өнер шы- ғармалары, тағам т.б. атауларын катыстырып айтуға болады. Егер атаулар жоғалса, адамзат оған жаңасын ойлап табады. Біздің санамыз осылай қалыптасқан, яғни бізді қоршаған үқсас дүниелерді ажырату үшін осы қызметте жүмсалатын ерекше сөздер жасайды. Бүндай сөздер заттарды, үғымдарды, қүбылыстарды ажырататын жалқы есімдер болып табылады.
Жалқы есімдер жалпы есімдерге қарағанда едәуір көп. Дегенмен, олар сөздіктерде барлық жағдайда келтірілмейді, лингвистер де оларды зерттей бермейді, мектепте оқыту үшін де көп қолданылмайды. Ономастикалық материал тек оқу қүралы ретінде филология факультетінде оқытылады,
Кіріспе
ал ономастика бойынша білім бүкіл элем атаулардан түра- тындықтан кажет-ақ. Жалқы есімдер әлемі ерекше және өте қызықты.
Оларға бүрыннан зерттеушілер көңіл бөлуде, өйт- кені тілдегі рөлі, өзіндік қүрылымы, сөйленістегі ерекше кызметіне қарай жалқы есімдер тілдің баска да лексикалық категорияларынан ерекшеленеді. Кейінгі жылдары жалкы есімдерді басқа ғылым салаларын, олардың табиғатын ашу үшін қолданатын арнайы ғылым - ономастикада зерттеле бастады. Ғылыми жаңалықтардың ашылуына, қалыптасу- ына орай оларды зерттеудің жаңа бағыттары мен атаула- ры да туындайды. Болашақ филолог ретінде тіл лексикасын зерттеуге қажетті жалқы есімдер туралы білімі жеткіліксіз екендігі студенттермен жүмыс барысында анықталды.
Жалкы есімдер адамның барлық түрмысына катысты, сондықтан ономастиканың теориясы мен прагматикасын білу лингвистер мен әдебиетшілерге, журналистер мен тарихшыларға, баска да филолог-мамандарға кажет. Жеткілікті ономастикалық білім тіл игеруде, мәдени-ара- лық қатынас пен аударма техникасын меңгеруге, шыгар- ма мазмүнын ашуда, оны түсіну үшін аса көмегін тигізеді.
Филология факультеттері үшін ономастика бойынша оқу қүралы аса көп емес. Орыс ғалымдары В.Н. Никонов, В.Д. Бондалетов, А.В. Суперанскаяның теория бойынша еңбектерін атауга болады.
Қазақстанда белгілі ғалым-ономаст Т. Жанүзақов- тың университет пен педагогика институттарының казак бөлімі студенттеріне арналған “Қазақ тілінің жалқы есімдері” атты алғаш рет жазылған оку-методикалык қүра- лы бар. Онда казақ топонимдері мен антропонимдерінің лексика-семантикалык және күрылымдық түрлері жөнінде деректер келтірілген. Бірнеше жылдан кейін, 1982 жылы, Т. Жанүзақовтың филология факультеті студенттеріне оқу қүралы ретінде колдануға болатын “Қазак ономастика-
4
Ономастика: зерттеу мәселелері сының очеркі” (орыс тілінде) атты монографиясы жарық көрді.
Бұл - қазақ ономастикасының кейбір бөлімдерін (антропонимия, топонимия, этнонимия, космонимия мен зоонимия) кешенді түрде зерттеуге арналған ғылыми еңбек. Монографияда ономастика бөлімдеріне лингвисти- калық талдау жасалған, казак жалкы есімдерін жасаушы лексемалардың қоры, қүрылымдық-сөзжасамдык модельдері, жалқы есімдер жалпы есімдермен, тарихи диалектологиямен өзара қатынасы, сонымен қатар әлеуметтік лингвистикамен байланысы зерттелген. Жүмыс- та тіл тарихынан, атау этнографиясынан, қазак халқының мәдениетінен бай дерек келтірілген. Қазақстанда ономастикалық лексикография жасау тәжірибесі болып табылатын кісі аттары, космонимдер сөздігі, халыктар мен рулар тізімі берілген.
Монографиялық зерттеу ретінде лексикалык күрам, этимология, күрылым, хронология түрғысынан эр аймак- тын антропонимдері мен топонимдерін қарастырған Т. Жанүзақов, А. Әбдірахманов, О.А. Сүлтаньяев, Е.Ә. Ке- рімбаев, В.У. Махпиров, Г. Сағидолдагийн, Қ. Рысбер- генова, Ф.Р. Ахметжанова, А. Әлімхақ Г.Б. Мәдиева т.б. еңбектері өзіндік деңгейде оқу қүралы болып табылады [36;39; 1; 128;81; 120; 119;9;58;]. Ономастика бойынша әдебиет тізімін кандидаттық және докторлык диссерта- циялар, жеке ғылыми макалалар толыктырады, соның ішінде Қазақстанның белгілі топонимісі О.А. Сүл- таньяев алғаш дайындаған орта мектепке арналған “Понятные непонятности” [1973] атты оқу қүралын атап өтуге болады.
Қазіргі кезде, өкінішке орай, Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттеріне арналған және жаңа талапқа сай теориялық материалдары бар арнайы оқу ономастикалық әдебиеті жоқ.
5
Кіріспе Аталған себептерден осы жұмысты жасау қажеттілігі туындады. Бұдан баска әл-Фараби атындағы Қазак ұлттық университетінің филология факультеті магистратурасы- ның “Тіл теориясы” мамандығы бойынша бірнеше жыл- дан бері Ономастиканың теориялық негіздері деп атала- тын арнайы курс оқылады. Осы құралды жазуда негізгі бағыт болған арнайы курс оқу бағдарламасы дайындал- ған. Онда жалкы есімнің жалпы ерекшелігі көрсетілген. Бағдарлама мазмұны ономастиканың бірнеше негізгі мәселелерін, реферат, курстық және дипломдық жұмыс тақырыптары тізімін ұсынады. Аталмыш оқу құралы Г.Б. Мәдиеваның “Теория и практика” атты кітабы негізінде нақтыланып, толықтырылып жасалды.
Жалқы есім - лексиканың ең жылжымалы, өзгер- мелі қабатын, атау беруші халыктың танымдық көзқара- сына сәйкес әлем моделімен анықталатын ономастикалық кеңістікті құрайды. Жалқы есімдер ерекшелігі мен құра- мына әр деңгейдегі лингвистикадан тыс жатқан факторлар (географиялық, идеологиялық, тарихи, әлемге көзқарас- тық, әлеуметтік, мәдени, тілдік қатынас) эсер етеді. Сол себептен жалқы есімдер ішінде көне атаулардан басқа едәуір орынды кірме және жасанды атаулар алады.
Жалқы есімдерді зерттегенде тілдің ономастикалық жүйесін кез келген синхронды талдау диахронды шолусыз болмайтынын ескеру керек, себебі, кез келген тарихи, этнографиялық деректер ономастиканың казіргі қалпын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі ономастикалық кеңістік әлеуметтік, психологиялық, тарихи жаңалық- тарымен ерекшеленеді. Адамның үлттық нышаны сәл өзгерсе, оның атауы да өзгереді. Бүрынғы кеңес өкіметінің, соның ішінде Қазақстанның топонимдік бейнесі соңғы кездері өзгергені соншалык, географиялык карталар мен анықтама материалдарын өзгертуге тура келді. Қазақтар- дың антропонимдік жүйесінде едәуір өзгерістер орын алды, мысалы, балаларына ат беру семантикалық