Маңызды мәселелер меи сурақтар, тапсырмалар:
Білім саласын жеке ғылымға бөлудегі алғы шарттары қандай?
Ғылым нысанасы мен нысанының болмысы қандай?
Ономастиканың нысаны, нысанасы, мақсаты және міндеттері қандай?
Тілден тыс факторларға, яғни экстралингвистикалық факторларға не жатады?
Мәтін және мәтінаралық (контекст) дегеніміз не? Ономастикалық мәтін, ономастикалық мәтінаралық дегеніміз не?
Жалқы есімдер туралы әр түрлі жанрларға жататын мәтіндерден қандай мәліметтерді алуға болады?
Жалқы есімдер разрядтары (антропонимдер, топонимдер, зоонимдер, космонимдер) ішінде гиперо- гипонимдік қатынастарды кесте бойынша бөліп көрсетіңіз.
Табиғи және жасанды жалқы есімдер туралы мәлімет беріңіз (мысалдарды келтіріңіз).
Төмендегі мысалдарды разряд бойынша топтасты- рыңыз. Қандай жалқы есімдер бірнеше разрядка катыс- ты? Қандай себептен?
14
Ономастика: зерттеу мәселелері
Алматы, Жалмауыз кемпір, Айша бибі, Аргын, Бура- бай, Ертіс, адыраспан, Сарыжаз ауылы, Ақтөс, Наурыз, Шолпан, Керей, Алпамыс, Үркер, Қудай, Медеу, Машка, Көкжал, Мэскеу, Миссисипи, орыс, Франция, А бай, маржам, Ермек, грузин, Талгат, Бухар жырау коіиесі, Алтай, Еалия, Гулбану, Меруерт, Рахат, Сары-Арқа, Жаца жъщ Курбан айт, Мекке, Амангелді көіиесі, Сена, Қобыланды батыр, Манас, Найман, Есіл, Арал, Зорька, қазақ.
Этимологиялық сөздіктерді пайдалана отырып, келесі жалқы есімдердің этимондарының қай тілге жата- тынын анықтаңыз: Арқалық, Мақпал, Талгар, Арасан, Қап- іиагай, Алтай, Маралды, Жанат, Мариям, Дидар.
Өз облысыңыздың әкімшілік көрсеткішін қолдана отырып, басқа онимдср негізінде қалыптасқан 15 топоним- дерді жазып алыңыз. Топонимдер жасауда онимнің қан- дай түрлері енімді қолданылады? Не себептен?
Төменде келтірілген эгнонимдерден мүмкіндігінше антропонимдік бірліктерді жасаңыз: керей, қыпшақ, жулдыз, ай, теке, мерген, бура, дулат, шекті.
Достарыңызбен бөлісу: |