тарау. Ономастиканың теориялық мәселелері Жалқы есімнің семантикалық мазмүны бойынша қара- ма-қарсы кабылдауларға қысқаша шолудан екі бағытты,
Н.Ф. Алефиренконың пікірі бойынша, “екі ғылыми гіара- дигманы - лингвофилософиялық және сөйленіс-ойы” деп белуге болады [1999, 146]. Бірінші бағыт “оним- апеллятив”, “жалқы жэне жалпы” дегі қарама-қарсы қоюға негізделеді, яғни жалқы есімнің семантикасы бірлікже тең (бір затты немесе қүбылысты атайды), апеллятивтің семантикасы ком бірлікке тең (бір түрге жататын заттар- ды немесе қүбылыстарды атайды). Екінші бағыт біртектес объекттерден біреуін белгісі бойынша жекелеуші немесе біртектес объектілердің жалгіы белгілерін көрсетуші сөйленісте қолданылатын маңызды сөз белгі ретінде жалкы есімді қарастырады. Мысалы, Алматы қ. - Астана қ. - Талдықорган қ. - бүл нақты қалалардың атауы, олар төмсндегі белгілері бойынша жекеленеді:
Қазақстан территориясында нақты жерде орналасқаны бойынша, яғни координаттың таксономиялық семасы бөлінеді;
әлеуметтік дәрежесі бойынша - әлеуметтік параметрлі таксонимдік семасы бар.
Дегенмен олардың әрқайсысы аймақтық-әкімшілік белгілері бойынша гопонимнің белгілі разряды астионимге жатады, сонымен біргс “қала” деногаттық мағынаға ие.
Сонымен онимдер мен апеллятивгер мағынасының ай- ырмашылығы - бір-біріне қарама-қарсы екі сөйленіс- ойдағы үрдістің - дифференциялау (онимдерде) және интеграциялау (агіеллятивтерде) нәтижесі болып табыла- ды. Н.Ф. Алефиренконың пікірі бойынша, ономастикалык семантика ең алдымен онимнің агауыш-репрезентативті қызметіне байланысты. Оним семантикасында жекелеуші белгілерді, апеллятив семантикасына қарағанда көп жи- нақтаған репрезентациялаушы компоненті басыңкы болады [1999, 149-150].
120
Ономастика: зерттеу мәселелері Қазіргі еңбектерде жалқы есімнің мағынасы мен семантикасы үғымдарын олардың атқаратын қызметінің маңыздылығын анықтау үшін дихотомия тіл/сөйленіс, вир- туалдық жалқы есім/актуальдік жалқы есім түрғысынан және тіл қызметінің нрагматикалық бағыгын ескеретін лингво-логикалық қүрылымдары ашылатын когнитивті- прагматикалық аспект түрғысынан қарастырылады.
Сонымен жалкы есімнің мағынасы мен семантикасын анықтау мен үғынудың әр түрлі болуына қарамастан төмендегіні боліп көрсетуге болады:
жалқы есім - гілдік бірлік, ол скі жақты болмыстан түрады, яғни жеткізу өрісі мен мазмүн өрісіне ие;
мағына - жалқы есімнің семантикасының қүрамды компоненті;
жалпы есімнен калыптасқан жалқы есімнің семантикасы сол апеллятив семантикасымен бірдей емес;
жалқы есімнің апеллятив мағынасының болуы не болмауы - бүл оның интегралды белгісі;
белгілі бір ономастикалык мағына нақты мәтін іиіінде анықталады жоне колданылады;