II тарау. Ономастиксіның теориялық мәселелері
бойынша, адам жеке-үлт және үлт ретінде адамзат тобына кіретіндігін естен шығармау керек [қара: Телия, 216].
В.Г. Костомаров пен Е.М. Верещагин “Ұлттық-мәдени компонент апеллятивтерден гөрі жалқы есімдерге тән” деп түжырымдайды [1990, 56]. Жалқы есімдердің мәдени- үлттык табиғатына әр түрлі көзқарасты талдай отырып, Е.А. Керімбаев мынадай пікірге келеді: “Әр халықтың онимиясында мәдени-тарихи ақпарат жинақталған, қоғамның мәдени тарихына байланысты жалқы есімнің ерекшеліктерін және типологиялық үлттық-мәдени ерекшеліктерін зерттеу ономастикадағы түбегейлі өзгеріс әкелетін бағыт болу керек” [1995, 14].
Сонда үлттық мәдениеттің көрінісі не? Негізінен жалкы есімдер екіншілік атау таңбалары болып табылады, яғни олар жаңадан жасалмай, тілдегі бар күралдар аркылы пай- да болады. Демек, ең алдымен, жалқы есім жасауға қаты- сатын және мәдени ақпаратты сақтайтын лексемаларды, сөзжасам модельдерін т.б. бөліп шығару керек. Оларды жасауға катысатын сөздерге байланысты белгілі бір ма- ғыналар жалқы есімге берілген. Дегенмен атау тағылған объекттің болмысымен тікелей байланыспаған мағына тек атау беруші үшін кей жақтарынан ғана дерек береді және халықтың мәдени реливантты концептерімен байланысты болады. Сонымен қатар адам өміріне қандай да бір объекттің қатысуына карай оны нақты жекелеу үшін ол туралы әр түрлі дерек жиналады. Мәселен, үзақ уақыт кошпелі өмір кешкен казақ халкы географиялык объектілерді атау үшін төмендегіні білдіруші лексикалық бірліктер қолданылған:
табиги объектілерді жекелеуші (батпақ жерлер - саз, томар, бьілқылдақ, батпақ, ми\ топырак түрлері - ащы, түщы, сортаң, кейбір жайлау түрлері - Са- рыжайлау, Жетіқоңьір);
әр түрлі дене бөліктері - анатомдык терминология (жал, бүгаз, қабырга, көз)\
126
Ономастика: зерттеу мәселелері
этнос атаулары - этнонимдер, ірі ру атаулары (мыс., қаімақ, қазақ) жэне кіші ру атаулары (мыс., түркі жэне монгол халықтарына тэн) - генонимдер (мыс., керей, уақ, матай, байыс);
түрмыс заттары (мыс., кереге, қазан, шумек, сан- дық, қоржын);
діни-мифологиялық кейіпкерлер мен бейнелер (мыс., шайтан, эулие, баба, ата);
тарихи жэне түрмыстық оқиғалар (мыс., Қалмаққыр- ган, Қалмаққүлаган, Ордақонган, Тақня- кеткен, Жындықатынбүлагы) т.б.
XX ғасырдың 60-жылдары қазақ ономастикасында бүл белгілер анықталып қойылған, бірақ қалыптасып келе жатқан лингвомәдени және этнолингвистикалық бағыттар- ға қатысты арнайы талданбаған. Топонимдік зерттеу- лерінде А. Әбдірахманов [1962] қазақ топонимдерінің жасалу ерекшеліктерін көрсегкен:
геоморфологиялық қүрылымды, рельефті және қазак шаруашылыгымен (мал шаруашылығы) байланысты жерлердің айрықша белгілерін нақты корсетуі;
өсімдік әлемімен байланысты топонимдердің көп болуы (малшыға жайлауды таңдауда оңай болады);
жануар әлеміне байланысты топонимдер (малшылар- га сол жердегі жабайы аңдар туралы мәлімет береді);
басқа заттарга үқсатып, солармен салыстыра атал- ған бейнелік топонимдер, сонымен катар географиялык объектілердің сыртқы белгілері, ерекшеліктерін көрсететін топонимдердің болуы. Белгілі бір оқиғаларға байланысты аталған топонимдерді де осы топқа жатқызуға болады.
Сонымен жалқы есімдердің семантикасында үлттық- мәдени компоненітің қатысы, В.Г. Костомаров гіен Е.М. Верещагиннің пікірі бойынша, “бүл компоненттер агау формасынан шығарылуы мүмкін (айталық - Новгород - новый город, Ленинград - город Ленина), дегенмен тари-
127
// та pay. Ономастиканың теориялық мәселелері
хи-әлеуметтік түрғысынам коннотация көбірек байқала- ды (мысалы, Киев - орыс калаларының анасы, Хиросима - жай ғана жапон қаласы емес, ядролық жарылыстан жапа шеккендер символы) [1990, 59].
Қазақ халқының тарихында да мүндай атаулар баршы- лық, мәселен, Түркістан - гүркілердің киелі бесігі, кеңес өкіметі кезінде ғарыш қаласы символына айналған Байқоңыр қаласы, ядролық жарылыс қүрбаны болтан, “Невада- Семеи' козғалысының басты себегікері - Семей қаласы т.б.
Демек жалқы есім жеке мәдени этностың вербалды белгілері жәнс символдары болып табылады. “Дәстүрлі халықтык (яғни үлттық) мәдениеттің тілдік кодының белгісі ретінде жалқы есімдер жеке ономастикалык кодты қүрып, тілде ерекше орын алады” [Толстой, Толстая 2000, 597]. Аталмыш еңбектің авторлары мәдениет ономасти- коны мен жалгіы тілдік ономастиконды бөліп қарастыра- ды. Соңғысы, біздің нікірімізше, тіл иесі гүрғысынан тал- данбайтын жалқы есім, тілдегі кірме және шет тілді жалкы есім қатысымен ерекшелінеді.
Мәдени ономастикон, яғни коне тілдік материал негізінде жасалған және белгілі бір этностың оміріндегі үлттық-мәдени ерекшелікті корсететін жалқы есім. Дегенмсн мәдени қүндылықтардын қалыгітасуын және олардың жалқы есім жасауына ықпалын анықтау үшін белгілі бір синхронды кезеңдегі мәдениет пен жалқы есімдер озара байланысын карастыру керек. Фразеоло- ғиялық бірліктерді зерттей отырып, Н.В. Телия “тілдік белғілердің мәдени интерпретациясы ментальдық бағыт- тарға қарай өзгереді” деген түжырым жасайды [1996, 216- 217]. Бүл түжырым жалқы есімге де қатысты, яғни әр кезеңде ономастикалык номинацияға сол кезеңге тән мәдени реалийлер кіреді. Халық ғүрпында әр кезендерде мәдениет сәйкестігі сақталса, мәдени интерпретация да сақталады.
128
Ономастика: зерттеу мәселелері
Қазіргі ономастикада жалқы есімнің үлттық-мәдени ерекшеліктерін зерттеу ең алдымен топоним мсн антропоним материалдары негізінде жасалады, ал жалқы есімнің басқа түрлері лингвомәдениеттаным, этнолингвистика түрғысынан зерттелмеген. Дегенмен олардыц мәдениеттің өтпелі кезендері туралы қосымша дерек берері сөзсіз. “Барлық ономастика этнографиялы - кісі атынан бастап қүдай атына дейін, қала атауынан бастап елді мекен немесе ғарыш объекті атауына дейін” деген гүжырымның тууы да заңды [Этническая ономастика, 5].
Достарыңызбен бөлісу: |