Ә. Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі


Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту



бет3/9
Дата11.12.2021
өлшемі67,01 Kb.
#78992
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ӘБ Қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі

6. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту


Күтілетін нәтиже:
1. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген білімді педагог

2. Ақпараттық - коммуникациялық құралдардың көмегімен жүргізілген сан

алуан жұмыстардың нәтижесі

3. Мемлекеттік тілде ауызша сауатты сөйлей білетін, жазбаша сауатты

жаза білетін тұлға.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндері мұғалімдерінің

әдістемелік бірлестігінің ережесі
Қоғамдық-гуманитарлық пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті және шет тілі пәндері бойынша әдістемелік қызмет көрсетудің, оқу пәндері бойынша сыныптан тыс шаралар мен тәжірибе жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі құрылғысы болып табылады.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

11 мұғалімнен құрылған.

Әдістемелік бірлестік 2018 - 2019 оқу жылында мектеп директорының

31.08.2018 уақыттағы №76 бұйрығымен ашылып, әдістемелік бірлестік жетекшісі бекітілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті және шет тілі пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі мектеп директорының оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.

Тілдер әдістемелік бірлестігі өз қызметінде Бала құқығы туралы Конвенцияны сақтайды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарын, облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің бұйрықтарын, шешімдерін жетекшілікке алады.

Тілдер әдістемелік бірлестігі бірлестік мүшелері мен оқушылардың әр түрлі байқаулар мен ұжымдық жұмыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, басқа мектептердің әдістемелік бірлестіктерімен байланыс орнатады.

Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары ағымдағы жұмыс жоспарымен сай келуі керек. ӘБ жұмыс жоспары ӘБ отырысында қаралады, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының келісімімен келісіледі, мектеп директордың бекітуімен педкеңесте бекітіледі.

Әдістемелік бірлестік отырысы міндетті түрде тоқсанына бір рет өткізіледі. Әрбір отырыста мәселелер қаралып, шешім шығарылады. Оған хаттама жүргізіліп, ӘБ жетекшісі қол қояды. Әрбір ӘБ отырысы алдыңғы отырыста қабылданған шешімдердің орындалуы туралы есеп беруден басталады.

Қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі,ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі бірлестік мүшелерінің біліктілік санатын көтеруге, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға көмектеседі.

Тілдер әдістемелік бірлестігінің өзінің әдістемелік тақырыбы болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет