Э н. профессор М. Д. Жұмабаева. Силлабус «5В090800 «Бағалау» мамандығының студенттеріне/магистранттарына арналған ««Іскерлік қазақ тілі» курсының типтік бағдарламасы



Дата11.01.2017
өлшемі0,65 Mb.
#7483
түріЖұмыс бағдарламасы

Алматы, 2014

Құрастырғандар: аға оқытушы Қ.Жақыбаева

аға оқытушы Н.Әміреев

д.э.н. профессор М.Д.Жұмабаева
. Силлабус «5В090800 – «Бағалау» мамандығы» мамандығының студенттеріне/магистранттарына арналған ««Іскерлік қазақ тілі» курсының типтік бағдарламасы (міндетті компонент үшін) Жұмыс бағдарламасы» негізінде құрастырылған7

Жұмыс бағдарламасы Тілдер кафедрасының мәжілісінде қарастырылған

№ «_____» хаттама__________________2014 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Г.Садыр




Кіріспе
Кәсіби қазақ тілін оқыту үрдісінде болашақ маманды қалыптастыру үшін сөйлеуде қолайлы жағдай туғызу, тіл үйренушілерді мамандығына сәйкес оқыту, мамандықтарына қатысты лексикалық минимумды игерту қарастырылады. Кәсіби қазақ тілінің зерттеу нысаны — сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.

Кәсіби қазақ тілі пәнін оқыту практикалық сабақтар, ОБСӨЖ (Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін жұмысы), СӨЖ (Студенттің өздік жұмысы) арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіби қазақ тілін оқытудың мақсаты: коммуникативтік құзыреттілік дағдыны қалыптастыру және дамыту, бәсекеге қабілетті әрі құзыреттілігі жоғары тұлғаның кәсіптік маңызы бар жағдайларда ғылыми тілмен қазақша ойын толық және анық жеткізуі үшін тілдік кәсіби бағдарға дайындықты қамтамасыз ету.

Кәсіби қазақ тілін оқытудың міндеттері:

  • қазақ тілін кәсіптік қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту;

  • қазақ тілін іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту;

  • студенттердің ауызша және жазбаша кәсіби салада сөйлеу тәртібі мен мәдениетінің деңгейін көтеру;

  • мамандық туралы энциклопедиялық және зияткерлік – мәдени мәліметтермен студенттердің білімін толықтау;

  • студенттердің диалогтық және монологтық сөйлеуін, ауызша және жазбаша түрде дамыту.


Алдыңғы деректемелер: мәліметтерді беруге дайындығы болуы; белгілі бір тақырыпты талқылауға деген өз қабылдауының болуы; тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылай білуі; алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіре алуы; мәліметтерді беруге дайын болуы; нұсқау, кеңес бере білу; мәліметтерді беруге дайындығы болуы керек.

Кейінгі деректемелер: оқудың басты стратегиясын пайдалану; мәтіннің негізгі идеясын түсініп, қажетті ақпараттарды ала білу; мамандық бойынша ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білу, таңдаған кәсібі бойынша баяндама жасай білу. оқу-кәсіби сала бойынша сәлемдесуді, алғыс білдіруді, сұхбаттасуды, келісуді, келіспеуді, талап етуді және т.б. білуі тиіс.
Пәнді оқу барысында студенттер бакалаврдың біліктілік моделіне сәйкес төмендегідей біліктіліктерді меңгеруі керек:

Пән бойынша үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды сөз әдебі тұрғысынан орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сөйлеуде, жазуда, ойды жеткізуде сыпайы сөздерді таңдап алуға дағдыландырады.

Пәндік мамандандырылған:

Тыңдалым бойынша:

  • берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;

  • түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жекелік мағыналық бөлшектері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс;

  • іскер-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білу тиіс;

Оқылым бойынша:

  • оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі;

  • мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі;

  • мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы,баяндаманы оқу барысында оқудың стратегияларын қолдана білуі;

  • мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

  • хабарға, ақпаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білу тиіс;

Жазылым бойынша:

  • мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырта, толықтыра, өз бетінше өңдей білуі тиіс;

  • ғылыми баяндама, мәлімдеме, баяндама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білуі тиіс;

  • нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары, тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі тиіс.

Айтылым бойынша:

  • өздеріне ұсынған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады.

  • берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі;

  • баяндама жасай білуі, сұхбат құра білуі тиіс;

  • айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпараттар ала білуі;

  • мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарастарын серіктесіне жеткізе білуі;

  • естіген ақпараттары жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс;

  • қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері мен оған қажетті тілдік сөз орамдарын, сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеуде орнымен қолдану, үйрету;

  • сөз мәдениетінің негізін ұлттық әдеп пен тілдік этикетті білдіретін шаблондар арқылы игерту;

  • кәсіби тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін ресми кездесулерде, келіссөздерде, пікірталастарда қолдана алуға дағдыландыру;

  • іскерлік қарым-қатынастағы оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңның» 4-бабында жазылғандай қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналғандықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында барлық деңгейлерде типтік бағдарламалар негізінде тақырыптар беріледі.

Кәсіби қазақ тілінде берілген бағдарлық тақырыптарды игеру арқылы ресми тілде сөйлеу, жазу түрлеріне машықтандыру, кәсіби терминдер бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарын сауатты жүргізу ескеріледі. Сонымен қатар, кез келген ресми және бейресми жағдайларда қарым-қатынас жүргізе алатын тақырыптық диалог үлгілері, аудио материалдары да кеңінен қамтылған.




Күнтізбелік-тақырыптық жоспар













р/с

Тақырып атаулары

Апта бойынша бөлінуі

Практикалық сабақтар

СОБЖ

СӨЖ

1

2

4

5

6

1.

Бағалаудың негізгі ұғымдары

3

1

2

2.

Бағалаудың қағидалары және бағалауға әсер ететін факторлар

3

1

2

3.

Бағалау қызметін құқықтық реттеу

3

1

2

4.

Бағалауда қолданылатын жүйелік талдау

3

1

2

5.

Бағалаудың негізгі аспаптарына шолу және капитализация әдісі

3

1

2

6.

Уақытқа байланысты ақша құны

3

1

2

7.

Бағалау қызметіндегі математикалық статистиканың әдістері

3

1

2

1 – аралық бақылау

8.

Бағалау қызметіндегі математикалық әдістерді қолдану

3

1

2

9.

Қаржылық есеп беру мен коэффициценттердің талдануы

3

1

2

10.

Қаржыландыру аспаптарын талдау

3

1

2

11.

Элвудтың ипотекалы-инвестициялық техникасы

3

1

2

12.

Бағалаудағы шығындық тәсіл

3

1

2

13

Сатуда тура және салыстырмалы талдау тәсілдерін қолдану кезеңдері

3

1

2

14.

Бағалаудағы табыстық тәсіл

3

1

2

15.

Физикалық- калдық әдісі бойынша капитализация әдісі

3

1

2




Барлығы 90

45

15

30

2 - аралық бақылау

Емтихан сессиясы


Практикалық, зертханалық сабақтар мазмұны, бақылау түрі және бағалау


р/с

Практикалық сабақтардың сұрақтары

Әдебиеттер




Бақылау түрі

Жоғары балл

1

1. Бағалаудың анықтамалары

2. Мүліктің құнын бағалаудағы негіздемелер Құнның баға мен шығыннан айырмашылығы

3. Көшеде жүру тәртібі


1. З.Күзекова

«Қазақ тілі» практикалық курсы, Алматы,

Рари-тет,

2. З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Сұхбат,

сұрақ –жауап,

әңгіме-

леу, ой бөлісу, пікір-талас



100

100
100



2

1. Бағалаудың өз ара байланысты қағидаларының үш тобы

2. Өндіріс факторлары: жер, капитал, еңбек 3.Бағдаршамның шығу тарихы



З.Күзекова

«Қазақ тілі» практикалық курсы, Алматы,

Рари-тет,

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экон.фак.-не арналған)



Пікір-талас

Жеке жұмыс, топтық жұмыс


100
100


100

3

1. ҚР бағалау қызметін реттеу туралы бойынша заң.

2.Бағалау бойынша есеп беруді рәсімдеуге қойылатын талаптар

3.Базар тынысы


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн.Практика-лық курс, Алматы, 2009ж.

Пікір-талас

Жеке жұмыс, топтық жұмыс



100
100
100

4

1.Жүйелік талдау зерттеудің теориялы-қолданбалы бағыты ретінде

2.Бағалау қызметін жүйелік талдауда қолданылатын ақпараттық технологиялар

3. Көк базар тарихынан


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Раритет», 2011ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Әңгіме

леу, пікір-талас баяндау



100

100

100


5

1.Сатып алу кезеңі. Жалпы ренталық мультипликатор

2. Таза ағымдағы құн. Элвул техникасы. Капитализация коэффиценттеріне шолу.

3. Электр қуатын үнемдеу


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Раритет», 2011ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Әңгімелеу, пікір-талас, баяндау

100

100

100


6

1.Ақшаның алты қызметі.Бірліктердің жинақталған құны. Күрделі пайыз сұлбасы.

2. 72- жылдың ережесі және жинақталу. Дискретті және үздіксіз жинақталу.

3. Суды үнемдеу


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Монолог, диалог

100

100

100


7

1. Мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістері
. Сызықтық регрессия. Сызықтық емес регрессия.
3.Бұқаралық ақпарат құралдары

З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Жеке жұмыс

100

100

100


Бірінші аралық бақылау

8.

1. Бағалауда эконометрикалық әдістерді қолдану. Болжам әдістері

2. Excel графикалық құрамы көмегімен болжамдар жасау.

3. Қазақ тіліндегі сайттар


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Монолог, диалог

100

100

100


9

1. Бухгалтерлік баланстың тік және көлденең талдануы.

2. Есеп беру мәліметтері бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептелген іскерлік белсенділіктің коэффициценттері

3.Сүйікті ісіңіз


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.


Пікір-талас

Жеке жұмыс, топтық жұмыс



100

100

100


10

1. Ұдайы ипотекалық несие төлем сомасының есебі.

2. Несиелік дисконттар және несиені ұзақ мерзімді қайтару.

3. Тойыңыз тойға ұлассын


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Ойын түрлері

100

100

100


11

1. Элвуд формуласы. Элвудтың «С- таблицасын» қолдану.Ипотека-лық қарыз бен элвуд техникасы.

2. Сөз әдебі

3. Қазақтардың жиі тойлайтын тойы


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Сұхбат,

сұрақ –жауап,

әңгіме-

леу, ой бөлісу, пікір-талас



100

100

100


12

1. Шығындар мен құн. Қайта қалпынакелтіру-дің толық құны мен орын басудың толық құныТура және жанамашығындар. Тозуды бағалау, физикалықтозу,

функционалды тозу.

2. Көшбасшыңы-ның сөйлеу әдебіне қойылатын талаптар

3. Әр үйге шаттық орнайды




З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Сұхбат,

сұрақ –жауап,

әңгіме-

леу, ой бөлісу, пікір-талас



100

100

100


13

1. Аналогтарды таңдау. Қосарланған сату. Жалпы түзетулер. Салыстыру бірліктері

Құрылыс жүргізілген учаскелер. Сату бағасы мен табыс қатынасы негізделген жобаларды бағалау.

2. Жұрт алдында сөйлеу әдебі

3. Үй салу оңай ма?




З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Әңгімелеу баяндау

Сұхбат,


сұрақ –жауап,

әңгіме-


леу, ой бөлісу, пікір-талас

100

100

100


14

1.Бағалаудағы табыстық тәсілге негізделген методология. Бағалаудың ағымды және болашақ құнын бағалау.

Бағалау объектісінің нарықтық құнын бағалаудағы табыс тәсілінің орны. Табысты тура капитализа-

циялау әдісі. Ақша ағымдарын дисконттау әдісі.

2. Пікірталас мәдениеті

3.Адам, сен алдымен, өзіңді таны


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.


Пікір-талас

Жеке жұмыс, топтық жұмыс



100

100

100


15

1. Жерді

пайдаланудың теориялық негізі. Жер экономика-сының калдық теориясы.

Ғимарат үшін калдық теориясы. Жалпы меншік үшін калдық техникасы.

2. Келіссөзде кезедесетін орамдар (оралымдар)

3. Компьютерсіз өмірді елестете аласыз ба?


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.


Пікір-талас

Жеке жұмыс, топтық жұмыс



100

100



100

Екінші аралық бақылау















ОБСӨЖ өткізу кестесі





р/с

СӨЖ тапсырмалары

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

Жоғары ұпай

1

Мемлекеттің экономикалық саясаты

«Экономика» және «Қаржы-қаражат» газеттері, «Есепші» журналы


Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау


1-апта

100

2

Мүлікті бағалаудың қазіргі кездегі түсінігі

«Экономика» және «Есепші» журналы, «Қазақстан іскері» газеттері, «Есепші» журналы


Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу


2-апта

100

3

Құн түрлері

«Қазақстан іскері», «Экономика» газеттері, «Есепші» журналы


Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау


3-апта

100

4

Жылжымайтын наар сипаттамасырық

Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары

Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу


4-апта

100

5

Өндіріс факторлары

«Экономика» және ««Қаржы-қаражат»», «Қазақстан іскері», газеттері,«Есеп-ші» журналы


Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау



5-апта

100

6

Бағалаудың принциптері ж»не әдістері

«Экономика» және «Қаржы-қаражат», «Қазақстан іскері», газеттері,«Есепші» журналы


Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу

6-апта

100

7

Бизнестің бағасын анықтауға арналған ақпараттық базаның қалыптасуы

«Экономика» және «Қаржы-қаражат», «Қазақстан іскері», газеттері,«Есепші» журналы


Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау

7-апта

100

8

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау

Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары

Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау

8-апта

100

9

Бизнесті табыстық әдіспен бағалау

Газет-журнал, ғылыми мақалалар материалдары

Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу

9-апта

100

10

Қаржылық құжаттарды дайындау

Газет-журнал, интернет материалдары


Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау

10-апта

100

11

Кәсіпорында шығын тәсілін бағалау

Газет-журнал, интернет материалдары

Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу

11-апта

100

12

Бизнесті бағалаудағы салыстырмалы әдіс

Газет-журнал, интернет материалдары,


Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау

12-апта

100

13

Бизнесті бағалау бойынша есепке қойылатын талаптар

Газет-журнал, интернет материалдары


Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу

13-апта

100

14

Объектінің нарықтық құнын анықтау

Аралық бақылау тапсырмалары

Тест тапсыр-

малары

14-апта

100


15

Күрделі пайыз және дисконттау, аннуиттер

Газет-журнал материалдары

Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу

15-апта

100

* Ескерту: СӨЖтапсырмаларын бақылау және бағалау бекітілген кесте бойынша ОБСӨЖ сабағында жүргізіледі

Сөйлесім бойынша тақырыптар мен тапсырмалар




Тақырыптар

Сөйлесім тапсырмалары

Пайдаланылған

әдебиеттер



Көшеде жүру тәртібі

Сұрақтарға жауап беріңіз. Микродиалогті толықтыру. Сұхбатты рөлдерге бөліп оқу. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 4-7 беттер.



Бағдаршамның шығу тарихы

Сұрақтарға жауап беріңіз. Суретке қарап әңгіме құрау. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 7-10 беттер.



Базар тынысы

Базарда сауда жүргізу. Жағдаяттық тапсырма бойынша жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 11-14 беттер.



Көк базар тарихынан

Диалогтен базардағы саудаға қатысты сөздер мен сөз тіркестрімен жұмыс. Дөңгелек үстел.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 4-7 беттер.



Электр қуатын үнемдеу

Тақырыпқа қатысты сөздермен жұмыс. Диалогті монологке айналдыру. Арнайы сұхбат жүргізу. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 14-17 беттер.



Суды үнемдеу

Тірек сөздермен жұмыс. Берілген сұрақтармен жұмыс. Пікірталас.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 22-24 беттер.



Бұқаралық ақпарат құралдары

Диалогпен жұмыс. Микродиалогті толықтыру. Мақала, публицистикалық очерк,сыни мақала, Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 25-28 беттер.



Қазақ тіліндегі сайттар

Аудио материалмен жұмыс. Диалог бойынша сұрақтармен жұмыс. Бейнематериал

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 28-31 беттер.

9.

Сүйікті ісіңіз

Диалогті монологке айналдырыңыз. Диалогті рөлдерге бөліп оқу. Аудио, материалмен, радио бағдарламасымен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 39-45 беттер.

10.

Тойыңыз тойға ұлассын

Диалогті рөлдерге бөліп оқу. Микродиалогті сұрақтармен толықтыру. Диалогті толықтыру. Сурет, фотосурет, пейзаж, портрет. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 53-55 беттер.

11.

Қазақтардың жиі тойлайтын тойы

Тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерімен жұмыс. Сұрақтарды мәтін мазмұнына сәйкес орналастыру. Аудио материалмен жұмыс. Сауалнама.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 56-58 беттер.

12.

Әр үйге шаттық орнайды

Полилогті рөлдерге бөліп оқу. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беру. Микродиалогті сұрақтармен толықтыру. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 59-58 беттер.

13.

Үй салу оңай ма?

Полилог бойынша сұрақтарға жауап беру. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен жұмыс. Сауалнама. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 64-67 беттер.

14.

Адам, сен алдымен, өзіңді таны

Диалогті рөлдерге бөліп оқу. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беру. Полилогті рөлдерге бөліп оқу. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 68-72 беттер.

15.

Компьютерсіз өмірді елестете аласыз ба?

Полилог бойынша сұрақтарға жауап беру. Диалогті рөлдерге бөліп оқу. Микродиалогті сұрақтармен толықтыру.Мақаладан проблеманы анықтау. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 72-74 беттер.


СӨЖ жұмысының әдістемелік нұсқауы
1. Журнал толығымен қазақ тілінде дайындалуы тиіс.
2. Журналға атау, таңба ойластырып, оған журналдың бірініші бетіне бас редактордың мақаласы ретінде негіздеме жасау. Журналдың атауы, таңбасы мамандыққа қатысты қазақ тілінде болғаны жөн. Ол ерекше заманға сай, тартымды болуы керек.
3. Журналдың ішінде редакциялық алқаның құрамы көрсетілуі керек. Редакция мүшелерінің суреттері (редактор, журналистер, фототілші, корректор т.б), лауазымдары, атақ дәрежесі, журналдың нөмірі, мазмұны, бағасы, таралымы, шыққан баспасы, қаласы, байланыс мәліметтері салынуы керек.
4. Журнал сыртқы мұқабасын қоспағанда кем дегенде 12 беттен тұруы керек.
5. Журналдың әрбір беті қызықты, мазмұнды, кәсіби-танымдық материалдардан, ақпараттардан, сұхбаттардан, студенттік өмір оқиғаларын баяндайтын мәліметтерден, суреттерден, жарнамалардан құралады.
6. Мақалалар топ мүшелерінің атынан дайындалып, ұсынылады. Таңдап алған проблемаларға қатысты бірнеше мақалаларды оқып, өзіндік көзқарасты, пікірді өз мәтініңе айналдыру қажет.
7. Әрбір мақала өте ұзақ емес, өзекті, тың, болашақ мамандар үшін пайдалы, бүгінгі таңдағы күрделі, даулы тақырыптарды қозғауы тиіс.
8. Журнал бетінде қолданылған кәсіби сөздер мен терминдердің, сөз орамдарының глоссарийі берілсе.
9. Сондай-ақ жалпы қаржы саласына қатысты қазақы ұғымдардың түсініктемесі, мақал-мәтел, нақыл сөздер, жұмбақтар, күлкілі оқиғалар да іріктеліп салынуы тиіс.
10. Журнал бетінде қазақ тіліндегі жарнамалар, бос жұмыс орындарына хабарландырулар беруге болады.
11. Журналдың бір беті студент шығармашылығына берілсе, мүмкіндігінше университет «жұлдызын» ашып, оның суреті, шығармашылығы, қысқаша өмірбаяны салынуы тиіс.
12. Журнал бетіндегі суреттер студенттердің төл туындылары болуы тиіс.
13. Журнал бетіндегі ақпараттар стильдік, грамматикалық жағынан сауатты болуы тиіс.
14. Университет өміріндегі жаңалықтар, шешімі табылмай отырған мейлінше күрделі мәселе бойынша кейбір мамандардан алынған сұхбаттар беруге болады.
15. Жұмыс істеп жүрген университет түлегінен сұхбат алып, болашақ мамандарға кеңестер беруге болады.

СӨЖ-ге қойылатын жалпы ұпайы – 100.

СӨЖ-ді бағалау критерийлері:


  1. Журналдың безендірілу талабына сәйкестігі – 15 ұпай;

  2. Журналдың сауаттылық деңгейі – 20 ұпай;

  3. Журналдың тақырыбының ашылуы – 20 ұпай;

  4. Дәрісханамен байланыс жұмыстарын жүргізуі – 20 ұпай;

  5. Студенттің шешендігі – 15 ұпай;

  6. Студенттің артистизмі – 10 ұпай.



1-аралық бақылауға жұмысына арналған сұрақтар

1. Бағалау дегеніміз не?

2. Бағалаудың қандай түрлері бар?

3. Бағалауда құн не үшін қажет?

4. Құн дегенімз не?

5. Құнның қандай түрлері бар?

6. Мүліктің құнын қалай бағалайды?

7. Нарық жағдайындағы меншіктің жай-күйі қалай?

8. Өндіріс факторлары дегеніміз не? Оған не жатады?

9. Құнның баға мен шығыннан айырмашылығы неде?

10. Бағалау объектісінің орналасуымен байланысты факторларды атаңыз.

11. Бағалау бойынша есеп беруді рәсімдеуге қойылатын талаптарды атаңыз.

12. Ақша ағымдарын дисконттау әдісі туралы не білесіз?

13. ҚР бағалау қызметін реттеу туралы бойынша заң.

14. Жылжымайтын мүлікті, жылжитын мүлікті, зияткерлік меншікті бағалау ережелері

15. Бағалау бойынша есеп беруді рәсімдеуге қойылатын талаптар.

16. Бағалаушының іс құлықтық кодексін атаңыз.

17. Жүйелік талдау зерттеудің теориялы-қолданбалы бағыты ретінде қалай

қолданылады?

18. Бағалау қызметін жүйелік талдауда қолданылатын ақпараттық технологияларды

атаңыз.

19. Жалпы ренталық мультипликатор туралы не білесіз?



20. Өзіндік капиталға жалпы жылдық түсімдер қайдан түседі?
Сөйлесім сұрақтары:

1.Көше тәртібін бұзған жолаушыны көрсеңіз қандай ескерту жасар едіңіз?

2.Көше тәртібін өрескел бұзған жүргізушіні байқасаңыз қандаай шара қолданасыз?

3. Алғашқы бағдаршам қалай пайда болған? Оны ойлап тапқан кім?

4. Түрлі-түсті бағдаршамдар қашан пайда болды?

5. Базардың «көк базар аталуының себебі не?

6. Көк базар тарихы туралы не білесіз?

7. Базарға көк-сөк сатып алуға бардыңыз. Диалог құрастырыңыз.

8. Электр қуатын қалай ұнемдеуге болады? Ақыл-кеңесіңізді беріңіз.

9. Күннен алынатын электр қуатының пайдасы туралы не айтасыз?

10. Әлемдік электр көзін үнемдеуге қосар үлесіңіз турал ыайтып берсеңіз.

11. Судың адамға берер пайдасы туралы не айтасыз?

12. Әлемдік су көздері туралы не білесіз?

13. БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымдарының болжамы туралы не білесіз?

14. Қазақша БАҚ туралы не білесіз?

15. Қазақша газеттен оқыған қызық әңгімеңіз туралы айтып беріңізші...

16. Қазақша сайтттардың мазмұндылығы,сауаттылығы туралы пікір қосыңыз.

17. Қазақша сайттардың қызықтылығы, тартымдылығы туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.

18. Бала тәрбиесіне қай жастан көңіл бөлген жөн?

19. Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың, қоғамның, ортаның әсері мен рөлі қандай?

20. Әдепті адам деп қандай адамды айтар едіңіз? Жастар арасындағы адамгершілік

қарым- қатынас жайлы не айтасыз?

21. Қазақтар адам жасын қалай бөлген?

22. Өзіңіздің сүйікті ісіңіз туралы айтсаңыз.

23. Адам сүйікті ісімен айналысса, көптеген жетістікке жетеді дегенге қосарыңыз...

24. Болашақтағы жоспарыңыз туралы айтып берсеңіз.

25. Болашақтың формуласын жасай аласыз ба?
2-аралық бақылау жұмысына арналған сұрақтар

1.Бағалауда эконометрикалық әдістерді қалай қолданады?

2.Болжам әдістері турал не білесіз?

2. Excel графикалық құрамы көмегімен болжамдарды қалай жасайды?

3.Математикалық бағдарламалау әдістерін атаңыз.

4. Өндірістік программалауды оптимизациялау қалай жүзеге асырылады?

5. Бухгалтерлік баланстың тік және көлденең қалай талданады?

6.Тәуекелділікті қалай төмендетуге болады?

7.Есеп беру мәліметтері бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептелген іскерлік белсенділіктің коэффициценттері қалай жүзеге асырылады?

8.Есеп беру мәліметтері бойынша шығындар мен табыстар туралы есептелген коэффициценттер қалай қойылады?

9. Қаржылық коэффициценттер дегеніміз не?

10. Ұдайы ипотекалық несие төлем сомасының есебі қалай жүргізіледі?

11. Несиелік тұрақтылық дегеніміз не?

12. Несиенің негізгі сомасының есебі қалай жүргізіледі?

12. Несие мерзімінің есебі қалай анықталады?

13. Пайыз ставкасының есебі қалай жүргізіледі?

14. Несиелік дисконттар және несиені ұзақ мерзімді қайтару қалай белгіленеді?

15. Элвуд формуласы туралы не білесіз?

16.Элвудтың «С- таблицасын» қалай қолдануға болады?

17. Шығындар мен құн қалай есептеледі және белгіленеді?

18.Тура және жанама шығындар дегеніміз не?

19. Бағалаудағы табыстық тәсілге негізделген методология.

20. Бағалаудың ағымды және болашақ құны қалай бағаланады?

21. Бағалау объектісінің нарықтық құнын бағалаудағы табыс тәсілінің орны туралы не

білесіз?

22. Табысты тура капитализациялау әдісі туралы айтыңыз.

23.Ақша ағымдарын дисконттау әдісі туралы не білесіз?

24.. Жерді пайдаланудың теориялық негізі туралы не білесіз?

25. Жер экономикасының калдық теориясы туралы не айта аласыз?
Сөйлесім сұрақтары:

1. Қазақша ай таттарының шығуы туралы не білесіз?

2. Григориан күнтізбесі туралы естігеніңіз бар ма?

3. Туған күніңізді қалай тойлайсыз?

4. Сіздің отбасыңыздағы жиі тойланатын той туралы әңгімелеңіз.

5. Қазақтардың жиі тойлайтын тойы туралы не айтасыз?

6. Қазақстандықтардың жиі тойлайтын тойы және қалай тойлайды?

7. Әр үйдегі ынтымақ, шаттықты қалай орнатуға болады?

8. Сіз отбасыңыздың бақытты болуы үшін не істер едіңіз...

9. Адам алдымен өзін қалай таныта алуы керек? Қай жағынан өзін таныту керек?

10. Қазіргі қоғамдағы адамды дәрежесіне,атақ-даңқына, байлығына қарай бағалауға қосар

ойыңыз...

11. Білімді ұрпақ – келешектің негізі» дегенге қосар ойыңыз...

12. «Келешектің негізі – білімде» деген пікірге не айтар едіңіз?

13. «Туған жерді шын мәнінде құрметтей аламыз ба? деген ойға қосар пікіріңіз.

14. «Әнші құм - табиғат ескерткіші» туралы естідіңіз бе?

15. Қазақстндық ғылым және ғалымдар туралы не білесіз?

16. Қазақстан ғарышы туралы білетініңізді ортаға салыңыз.

17. «Болашақ» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері туралы қосар ойыңыз.

18. Айтыс өнерінің ерекшеліктері туралы әңгімелеңіз.

19. Қазақтың күй өнері туралы не білесіз?

20. Компътердің пайдасы мен зияны тура қосар ойыңыз.
Емтиханға арналған сұрақтар

1. Бағалау дегеніміз не? Бағалаудың қандай түрлері бар? Бағалауда құн не үшін қажет?

2. Құн дегенімз не? Құнның қандай түрлері бар? Мүліктің құнын қалай бағалайды?

3. Нарық жағдайындағы меншіктің жай-күйі қалай?

4. Өндіріс факторлары дегеніміз не? Оған не жатады?

5. Құнның баға мен шығыннан айырмашылығы неде?

6. Бағалау объектісінің орналасуымен байланысты факторларды атаңыз.

7. Бағалау бойынша есеп беруді рәсімдеуге қойылатын талаптарды атаңыз.

8. Ақша ағымдарын дисконттау әдісі туралы не білесіз?

9. ҚР бағалау қызметін реттеу туралы бойынша заң.

10. Жылжымайтын мүлікті, жылжитын мүлікті, зияткерлік меншікті бағалау ережелері

11. Бағалау бойынша есеп беруді рәсімдеуге қойылатын талаптар.

12. Бағалаушының іс құлықтық кодексін атаңыз.

13. Жүйелік талдау зерттеудің теориялы-қолданбалы бағыты ретінде қалай

қолданылады?

14. Бағалау қызметін жүйелік талдауда қолданылатын ақпараттық технологияларды

атаңыз.

15. Жалпы ренталық мультипликатор туралы не білесіз?



16. Өзіндік капиталға жалпы жылдық түсімдер қайдан түседі?

17.Бағалауда эконометрикалық әдістерді қалай қолданады?

18. Болжам әдістері турал не білесіз?

19. Excel графикалық құрамы көмегімен болжамдарды қалай жасайды?

20.Математикалық бағдарламалау әдістерін атаңыз.

21. Өндірістік программалауды оптимизациялау қалай жүзеге асырылады?

22.Тәуекелділікті қалай төмендетуге болады?

23..Бухгалтерлік баланс тік және көлденең қалай талданады?

24. Есеп беру мәліметтері бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептелген іскерлік белсенділіктің коэффициценттері қалай жүзеге асырылады?

25.Есеп беру мәліметтері бойынша шығындар мен табыстар туралы есептелген

коэффициценттер қалай қойылады?

26. Қаржылық коэффициценттер дегеніміз не?

27. Ұдайы ипотекалық несие төлем сомасының есебі қалай жүргізіледі?

28.Несиелік тұрақтылық дегеніміз не?

29. Несиенің негізгі сомасының есебі қалай жүргізіледі?

30. Несие мерзімінің есебі қалай анықталады?

31. Пайыз ставкасының есебі қалай жүргізіледі?

32. Несиелік дисконттар және несиені ұзақ мерзімді қайтару қалай белгіленеді?

33. Элвуд формуласы туралы не білесіз?

34. Элвудтың «С- таблицасын» қалай қолдануға болады?

35. Шығындар мен құн қалай есептеледі және белгіленеді?

36.Тура және жанама шығындар дегеніміз не?

37. Бағалаудағы табыстық тәсілге негізделген методология.

38.Бағалаудың ағымды және болашақ құны қалай бағаланады?

39. Бағалау объектісінің нарықтық құнын бағалаудағы табыс тәсілінің орны туралы не

білесіз?


40. Табысты тура капитализациялау әдісі туралы айтыңыз.

41. Ақша ағымдарын дисконттау әдісі. Туралы не білесіз?

42.Жерді пайдаланудың теориялық негізі туралы не білесіз?

43. Жер экономикасының калдық теориясы туралы не айта аласыз?


Сөйлесім сұрақтары:

1.Көше тәртібін бұзған жолаушыны көрсеңіз қандай ескерту жасар едіңіз?

Көше тәртібін өрескел бұзған жүргізушіні байқасаңыз қандаай шара қолданасыз?

2. Алғашқы бағдаршам қалай пайда болған? Оны ойлап тапқан кім?

Түрлі-түсті бағдаршамдар қашан пайда болды?

3. Базардың «көк базар аталуының себебі не?

Көк базар тарихы туралы не білесіз? Базарға көк-сөк сатып алуға бардыңыз.

Диалог құрастырыңыз.

4. Электр қуатын қалай ұнемдеуге болады? Ақыл-кеңесіңізді беріңіз.

Күннен алынатын электр қуатының пайдасы туралы не айтасыз?

Әлемдік электр көзін үнемдеуге қосар үлесіңіз турал ыайтып берсеңіз.

5. Судың адамға берер пайдасы туралы не айтасыз? Әлемдік су көздері туралы не білесіз?

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымдарының болжамы туралы не білесіз?

6. Қазақша БАҚ туралы не білесіз? Қазақша газеттен оқыған қызық әңгімеңіз туралы

айтып беріңізші...

7. Қазақша сайтттардың мазмұндылығы,сауаттылығы туралы пікір қосыңыз.

Қазақша сайттардың қызықтылығы, тартымдылығы туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.

8. Бала тәрбиесіне қай жастан көңіл бөлген жөн? Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың,

қоғамның, ортаның әсері мен рөлі қандай?

9. Әдепті адам деп қандай адамды айтар едіңіз? Жастар арасындағы адамгершілік

қарым- қатынас жайлы не айтасыз?

10. Қазақтар адам жасын қалай бөлген?

11. Өзіңіздің сүйікті ісіңіз туралы айтсаңыз.

Адам сүйікті ісімен айналысса, көптеген жетістікке жетеді дегенге қосарыңыз...

12. Болашақтағы жоспарыңыз туралы айтып берсеңіз. Болашақтың формуласын жасай

аласыз ба?

13. Қазақша ай таттарының шығуы туралы не білесіз? Григориан күнтізбесі туралы

естігеніңіз бар ма?

14. Туған күніңізді қалай тойлайсыз? Сіздің отбасыңыздағы жиі тойланатын той туралы

әңгімелеңіз.

15.Қазақтардың жиі тойлайтын тойы туралы не айтасыз? Қазақстандықтардың жиі

тойлайтын тойы және қалай тойлайды?

16.Әр үйдегі ынтымақ, шаттықты қалай орнатуға болады? Сіз отбасыңыздың бақытты болуы үшін не істер едіңіз...

17. Адам алдымен өзін қалай таныта алуы керек? Қай жағынан өзін таныту керек?

18. Қазіргі қоғамдағы адамды дәрежесіне,атақ-даңқына, байлығына қарай бағалауға қосар

ойыңыз...

19. Білімді ұрпақ – келешектің негізі» дегенге қосар ойыңыз...

20. «Келешектің негізі – білімде» деген пікірге не айтар едіңіз?

21. «Туған жерді шын мәнінде құрметтей аламыз ба? деген ойға қосар пікіріңіз.

22. «Әнші құм - табиғат ескерткіші» туралы естідіңіз бе?

23. Қазақстндық ғылым және ғалымдар туралы не білесіз?

24. Қазақстан ғарышы туралы білетініңізді ортаға салыңыз

25. «Болашақ» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері туралы қосар ойыңыз.

26. Айтыс өнерінің ерекшеліктері туралы әңгімелеңіз.

27. Қазақтың күй өнері туралы не білесіз?

28. Компътердің пайдасы мен зияны тура қосар ойыңыз.
Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:

1.Қ.А.Жақыбаева., Г.Ш.Акимбекова. «Қазақ тілі» оқу құралы (жоғары деңгей). Жоғары оқу орындарының қауымдастығы Экономика, Алматы 2012

2. Ш.Бағиева. Іскери қазақ тілі. Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. Алматы, 2012

3. З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2009ж.

5.Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен,Алматы, 2009ж.

З. Күзекова, Р. Әбдіқұлова. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде тілді оқытып үйретудің екінші кезеңіне арналған оқулық. Алматы, «Раритет», 2011ж.

www.til.gove.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). − Астана, 2010.

7. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 4-7 беттер.


Қосымша әдебиеттер:

1. Ж.М. Аяпова. М. Арынов. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық сөздігі. Алматы. 2002 ж.

2. Г. Камешова. Қазақ тілі. Іскери қарым-қатынас үшін, Алматы, 2009ж.

3. З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Раритет», 2011ж.

4. З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

5. З.Күзекова., Г.Қарақұсова. Қазақ тілі (эконом). Алматы, «Қаржы–Қаражат», 1997ж.

6. Ғ.Ә.Байтілеуова., Ш.С.Сұлтанова. Іскерлік қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы, 2009ж.

7. Қ.А.Жақыбаева, Ш.М.Бағиева. Қазақ тілі. Жалғастырушы деңгей. «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық жобасының тыңдаушыларына арналған оқу құралы. Алматы, 2011ж.

8. http://www.nur.kz/

9. http://www.google.kz/


Бағалау саясаты

Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады.

Пән 100 – балдық өлшемде бағаланады.

Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.

Қазақ тілі пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы ) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР), 1-Рейтинг пен 2-Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан (ұпайдан) кем болмауы керек.



Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) төмендегідей есептеледі:

(1-рейтинг + 2-рейтинг):2 (орташа арифметикалық мәні)

1-Рейтинг (2-рейтинг те) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады.

Мысалы:


Семестрдің алғашқы 7 аптасында пән бойынша 7 тапсырманы орындау қарастырылады,осы бойынша студент 100 балдан әр тапсырма үшін келесі бағаларды алды: 70, 86, 65, 59, 91, 76, 56. Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташа арифметкалық мәні бойынша анықталады: (70+86+65+59+91+76+56):7(баға саны)=72. (1Аб).

1 аралық бақылауда(АБ) бұл студент/манистрант 100 балдан 65 балл алды.

1 Рейтинг былай анықталады: 1Р= (1Аб+1АБ):2, яғни (72+65):2=69.

Семестрдің келесі 8 аптасында бұл пән бойынша 6 тапсырма орындау қарастырылған, осыған сәйкес студент 52, 35, 96, 63, 45, 87 балл алды. Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы: (52+35+96+63+45+87):6=63. (2Аб). 2 аралық бақылауда 100 балдан 83 балл алды.

2-Рейтинг = (2Аб + 2АБ) : 2 құрайды, яғни (63+83):2=73. ЖР=(69+73):2=71 балды құрады.

Қорытынды бақылау ҚБ (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі кемінде 50 балл жинағанда ғана(ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.

Мысалы, студент емтиханда (қорытынды бақылау ҚБ) - 65 балл алды делік. Бұл жағдайда қорытынды бағасы 71(ЖР)х0,6+65(ҚБ)х0,4=68, әріптік жүйеде бағасы С-ға, дәстүрлі жүйеде «қанағаттанарлық», сандық баламада 2,08-ге сәйкес келеді. Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады. Курстық жұмыс (жоба) тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді (егер оқу жұмыс жоспарында курстық жұмыс қарастырылған болса).



Себепсіз практикалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырманың бағасын 60балға, практикалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын 40 балға төмендетеді.

Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.

Пәннің қорытынды бағасы балмен төмендегі кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.





Балмен қорытынды баға (ҚБ)

Балдардың сандық баламасы (С)

Әріптік жүйемен бағалау

(Ә)

Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)


95-100

4

А

Өте жақсы

90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Орташа (Қанағаттанарлық)

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз



Курс саясаты
Курс саясатын студенттің сабақта өзін-өзі ұстау ережелері мен оқытушымен арақатынасына қойылатын талаптар жиынтығы құрайды. Аталмыш ережелер мен талаптар силлабуста көрсетілуі қажет. Қабылданған ережелерді орындау студенттер үшін міндетті болып табылады және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Әрбір оқытушының ережелер мен талаптарды таңдауға мүмкіндігі бар, алайда олар Университет студенттерінің этикасы мен академиялық әрекет саясатына қайшы келмеуі тиіс.

Қазақ тілі пәнін игеру практикалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ-на міндетті түрде қатысу болып табылады.

Өздік жұмыс практикалық сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды оқу немесе практикалық сабақтарына кірмей қалған немесе қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.

Оқытушының басқаруымен студенттің өздік жұмысы практикалық сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.

Студент ОБСӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша сауалнама түрінде, билет бойынша, тест түрінде өткізіліп 100 балдық жүйеде бағаланады (жазбаща тест түрінде).



Емтихан тест түрінде өткізіледі.

Студент сабаққа белгілі себептермен (анықтама қағазымен расталса) қатыспаған жағдайда, жіберіп алған материалдарды тапсыруына болады. Бірінші және екінші аралық бақылау (РК) өткен материалдарды сұрау бойынша (сұрақ,тест.глоссарий түрінде) өткізіледі және 100 балдық өлшемде бағаланады (сұрақ,тест.глоссарий түрінде).

Курсты меңгеру шарты:

Студент сабаққа қатысуы 80%-дан кем болмауы тиіс. Ауыруына байланысты сабақ жіберіп алған жағдайда (3 күнге жарамды 095-У анықтамасымен расталған жағдайда) Департаменттің Директорының (декан) өкімі бойынша жеке түрде тапсырманы тапсыру графигін алуына болады. График мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды. Сабаққа 5 минуттан астам кешіксе, сабақты себепсіз жіберген болып есептелініп 0 балл қойылады, сабаққа қатысуына болады. Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады. Студенттер Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен айналасындарға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс. Оқу тәртібі бұзылған жағдайда оқытушы Департаменттің директорының атына шара қолдануға ықпал ету туралы ұсыныс жасайды (пән бағасының күшін жоюы).Бақылау іс шаралары(Аб,АБ,ҚБ) кезінде көшіру және ұялы байланыс құралдарын пайдалану жағдайлары анықталған жағдайда алынған баға күшін жояды.

Практикалық сабақтардағы белсенділік. Студенттер практикалық сабақтарында белсенділік көрсетулері керек. Белсенділік көрсетпесе, басқа да бір алаңдатпа әрекетпен айналысса сабақ үшін 0 балл қойылады.

Сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын, СӨЖ және т.б орындау.

Курсты меңгерудің міндетті шарты сабаққа мұқият дайындалу болып табылады. Тапсырманы орындау кезінде қолданған интернет ресурстарын және де басқа ақпарат көздерін оқушылар міндетті түрде көрсетулері керек. Түп нұсқаға сілтеме жасалмай мәтінде 200 сөз қолданған жұмыс плагиат (шығармашылық ұрлық) болып есептелінеді. Плагиат фактісі анықталған кезде оқушы тапсырма үшін 0 балл алады, ал бұл факт қайталанған кезде бағасы күшін жояды.

Тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсыру. Студенттер тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсырады, немесе жеке тапсыру графигі болса соған сәйкес тапсырады. Жекелеген жағдайда оқытушының келісімімен белгіленген уақыттан кейін 7 күнтізбелік күн аралығында тапсыра алады бұл жағдайда осы тапсырма үшін қойылатын балл 80-нен аспауы керек. Жеті күндік мерзімі өткеннен кейін тапсырма қабылданбайды.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМАТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
Келтірілген контингент 13

Талап етілген әдебиеттер саны 16 негізгі 14 ; қосымша 2




Университет кітапханасындағы бар әдебиеттер

Сатып алуға тапсырыс

атауы

саны

атауы

саны

1

2

3

4

5

1.

Кәсіби қазақ тілі (Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит)  

10

Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Экономика жә...  

20


2.

Іскериқазақтілі  

100

Орысша-қазақша қазiргi экономикалық терминдердiн түсiндiрме сөздiгi  

20


3.

Іскериқазақтілі  

185







4.

Қазақтілі  

100







5.

Қазақтілі мен өлкетану № 1  

1







6.

Қазақтілі мен өлкетану № 2  

1







7.

Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Экономика жә...  

1







8.

Кәсіби қазақ тілі. 1 оқу кітабы  

135







9.

Кәсіби қазақ тілі. 2 оқу кітабы  

135







10.

Кәсіби қазақ тілі. 3 үй кітабы  

135







11

Іскерлікқазақтілі  

36







12

Іскерлікқазақтілі  

6







13.

Орысша-қазақша кәзiргi экономикалық терминдердiн тусiндiрме сөздiгi  

1







14.

Қазақ тіліндегі көнерген аталымдар лұғаты  

200










Ф-ПР-02.3.2-05-2014-03 Силлабус


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет