Э. С. Орынбаева жөніндегі орынбасары 2023 жыл. А. Аязбаева 2023 жыл



бет1/8
Дата06.11.2023
өлшемі223 Kb.
#189959
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
сЫНЫП жетекші Тәрбие біртұтас (1) (1)


«БЕКІТЕМІН» КЕЛІСЕМІН
Мектеп директорының м.а Директордың тәрбие ісі
___________Э.С.Орынбаева жөніндегі орынбасары
« _____» _________ 2023 жыл. _____________А.Аязбаева
« _____» _________ 2023 жыл.

«Жетісу облысы білім басқармасыныңТалдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «№27 орта мектеп - гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН
ТӘРБИЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ


СЫНЫП: 10 «Ә»
СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ: МАКСУТОВА АНАР ЖАНАТОВНА
2023 жыл


ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕ БАСШЫЛЫҚҚА АЛЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР



  • 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  • «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;

  • «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;

  • «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ Заңы;

  • «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы;

  • «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысы;

  • «Балалардың әл-ауқат индексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 21-р өкімі;

  • «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы;

  • Мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы (2020 жылғы 8 қаңтар);

  • Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы (2021 жылғы 5 қаңтар).

  • Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2022 жылғы 16 наурыз)

  • «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы.

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

  • ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ. 01 сәуір, 2023 жыл



КЕШЕНДІ ЖОСПАРДЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз - жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.
Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін:

  • ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін;

  • халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін;

  • әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет