Тәрбиеші, сынып жетекші және кураторлардың міндеттері:
салауатты өмір салтына ынталандыру;
сыныпта достық ортаны, өзара түсіністікті құру;
білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге баулу;
ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге) арналған консультациялар);
білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесу;
аптасына бір рет (дүйсенбіде) сынып сағаттарын өткізу.
Кешенді жоспардың орындалуын бақылау мен басшылық жасау білім ұйымдарының бірінші басшыларына жүктеледі.
Орындалған іс-шараларды әлеуметтік желілерде жариялау, #БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ ХЕШТЕГІН ТЕГТЕУ
Ескерту: Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда ұсынылған мақсат, міндеттер мен мазмұнын сақтай отырып, өңірдегі жергілікті ерекшеліктерді ескеру маңызды.
Жоспарды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі; Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрлігі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі; Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайларминистрлігі;
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі; Қазақстан халқы Ассамблеясы
Достарыңызбен бөлісу: |