Эстетикалық мәдениеттің құрылымы мен түрлері
Эстетикалық мәдениеттің құрамына: эстетикалық қажеттілік; эстетикалық қызығушылық; эстетикалық талғам; эстетикалық әрекет; кәсіби біліктіліктер кіреді. Сондықтан жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру үшін осы айтылған құрамдас компоненттердің әрқайсысының студенттің бойында болуын міндетті түрде ескеру және оларды қалыптастыру қажет деп есептейміз. Демек, эстетикалық мәдениетті қалыптастырудың мақсаты – тұлға бойында эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсінуін, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, білімі мен біліктілігін, қабілеттерін жоғары деңгейге жеткізу болып табылуы тиіс.
Көркем өнер — көркемдік талғамды қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Көркемдік тәрбиенің басты құралдары — бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы табиғаттан, адамдар тірлігінің қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық мерекелерінен, т. б. алған эстетикалық әсерлерінің шығармашылық іс-әрекеттері барысында терең бекуіне, олардың әсемдікті өз қолымен жасауға талпынысы нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Туған ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдернің ауысу құбылысы, құстардың үні, жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезімінде, түйсігінде әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады. Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-әрекеттерінің аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі, көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балалардың шығармашылық белсенділігіне, сол арқылы олардың талғам өрісінің дамуына зор ықпал жасайды.
Балалар өмір құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсіндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу т. б. жұмыстар кезінде тереңірек танып, білуге мүмкіндік алады. Балабақшаның ересектер тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемі мен пішінін бояулар мен түстер арқылы бейнелей білуге жаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжетті сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, пластилин, т. б.) әшекейлеудік тәсілдеріне машықтанады, бұйымдар үлгісін жасаудың жолдары мен оларды сәндеп әшекейлеудің амалын үйренеді. Ал, мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Қолданатын сазбалшық немесе пластилин арқылы сомдайтын бейненің сыртқы кескінін, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының ерекшеліктерін, күнделікті көргендерін еске түсіре отырып мүсіндей білуге, мүсіндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, бөлшектердің өзара жарасымды байланысы туралы алғашқы түсініктерді игеруге мүмкіндік алады.
Қазақ халқы, түрлі қоғамдық сатыларды басынан өткере отырып, өзіне тән адамгершілік-эстетикалық мәдениетінің алтын қорын жасап келеді. Ол құндылықтар: ауыз әдебиетінің сан алуан жанрлары мазмұнында, ақын-жыраулар толғаулары мен ғұламалардың қанатты сөздерінде, теңдесі жоқ тарихи-сәулеттік ескерткіштерінде, Қорқыт ата қобызынан бастап халықтың мұң-мұқтажы мен көңіл-күйін домбыра үнімен күмбірлеткен күйлері мен ұлт табиғатымен біте қайнасқан ән-жырларында, жүн мен теріні, ағаш пен мүйізді, алтынды аптап, күмісті қаптап жасаған қолөнер туындыларында, табиғат сұлулығын танып білудің сапалы жемісі саналатын, біздерге мәңгілік мирас болып қалған айшықты ою-өрнек өнерінде сақталған. Міне, осы бай құндылықтар, қазақтың ұрпақ тәрбиесінде пайдаланып келген тәлім-тәрбие құралдары, асыл арналары саналады.
Қасиетті ата-бабаларымыз өз бойындағы барлық асыл қасиеттерін ұрпақтарының сана-сезіміне сіңіруді басты мақсат ете отырып, ұрпағының ақылды, адамгершілігі мол, мейірімді, сыпайы мінезді қалыптасуымен бірге, оның бойынан сымбаттылықты, сұлулықты, өнерге деген бейімділік пен шеберлікті көруді арман еткен және сол қасиеттерге баулудың жолдарын, құралдарын, әдістерін жасап отырған. Осылардан халқымыздың арманы мен талап-тілегін көреміз.
Қазақ халқының адамгершілік-эстетикалық тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп, толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар. Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.
Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы үрдісінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру үрдісі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз. Жеке адам қоғам өмірінің өнімі болғанымен, оның тірі организм екенін ұмытпау керек. Әлеуметтік және биологиялық қатынастар жеке адамның қалыптасып дамуына әртүрлі әсер етеді.
Адамның табиғи дамуы сан алуан әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып отырады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т.б. Өсе келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс істеу арқылы ептіліктер мен дағдылары қалыптасады және олардың барлығы да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады.
Жеке адамдық құндылықтар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз. Жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері.
Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына байланысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кең пейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та адамгершілікке жатады. Адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмнің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада да қолданылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар арасындағы тәлім-тәрбие тұжырымдамасында, ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жастарға жан-жақты эстетикалық тәрбие берудің бір бөлігі – эстетикалық мәдениетті қалыптастыру; сұлулыққа, тазалыққа үйрету; мәдениеттілікке баулу; адамзат қоғамына бұрын-соңды жасалған мәдени мұраның жүйелі меңгеруге жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу қажеттігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген. Осыған байланысты болашақ мамандық иелерінің іс-әрекетінің, бейнесінің заман талабына сай өзгеруі, олардың бойында кәсіби мәнді сапалар қалыптасып, тұлғасының дамуы көзделеді. Әсіресе, жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі артады.
Адамдардық эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.
Эстетика қандай түрде дамыса да, негiзiнде әсемдiк түсiнiгi жатады. Абстракциялық-логикалық түрде дамыса да, көркем бейне түрiнде дамыса да әсемдiк түсiнiгi – негiзi. Оны не деп бiлуi, не деп түсiнуi – осы өзектi проблема әрбiр елдiң мәдениетiнде өзiнше шешiм тапқан.
Бiздiңше, қазақ эстетикасында, қазақ эстетикалық мәдениетiнде де әсемдiк ұғымы – негiзгi ұғым, негiзгi түсiнiк. Қазақ эстетикасының ерекшелiгi осы ұғымға байланысты. Сонда әсемдiк деген ұғым эстетикалық негiзi бола тұра, барлық, бүкiл эстетикалық ұғымдарды сыйдырмаса да, барлық эстетикалық мәдениеттi ерекше сыр-сипат нұрына бөлеп тұрады. Бiздiң ойымызша, қазақ эстетикасында, қазақ мәдениетiнде осы негiзгi эстетикалық ұғымды әсемдiкдеп атап, мән-маңызға толған түсiнiктiң ерекшелiктерiн сипаттап көрсек, бұл жағдайда әсемдiк деген не деген сұрақ туады. Ол қандай түрде қазақ эстетикалық мәдениетiнде қалыптасқан, дамыған? Әсемдiк қазақ эстетикалық мәдениетiнде терең орын алып, кеңiнен дамыған; сонымен қатар бүкiл қазақ мәдениетiнiң, рухани бейнесiнiң қалыптасуында ерекше орны бар түсiнiк. Қазақ халқы әсемдікті не деп түсініп білген деген сұраққа жауап іздеп – былай деп таптық: әсемдiктi қазақ халқы– өмiр деп бiлуi, түсiнуi. Әсемдiктi өмiр деп бiлу, басқа мәдениетте де орын алған.
Адам өмір сүру шеңберіне ендірілген, әлем өнерде бейнеленеді. Эстетикалық алдымен практикалық әрекетпен бірге көрінеді, болмыстың бөлігі, оның маңызды құрамдасы ретінде қарастырылады. Қазақстан номадтары дүниетанымының ерекшеліктерін, басқа халықтар өнеріндегі әлем суреттемесімен ұқсас және сонымен бірге одан айрықша әлем суреттемелері оларда жасалып шығарылатын, мифтер аңыздар, ертегілер және эпос көрсетеді.
Әлеуметтік орта, тіршіліктің табиғи өтуі, малшылық және аңшылық тұрмыс қазақ өнерінде бейнеленеді. Ұлттық дәстүр, эстетикалық талғам, тәжірибе, әдет, ойлау мәнері табиғатпен үйлесімділікте көрініс табады. Солай, оған табыну ежелгі түркілік қасқырға тәу етуде («қасқырдың жүзі игілікті») маңызды орын алады.
Өмірдің мәні мәңгі, уақыттан тыс, бәрі өз ұғынылуы шамасында өмір сүреді. Ежелгілер мәңгілік деп өмірлік бастаманың түпсіздігін, шексіздігін, берілген әлемнің тағдырлығын есептеді. Оның жерлік, аспандық және жер астылық шеңберлері кереметтер мен айналуларды, мәңгі өлу мен тірілуді, туындау мен жойылуды, жандар ауысуын, жаратылыстан тыс үйлесулерді талап ететін, барлық заңдылықтарды өздеріне енгізді. «Күнікей сұлу» ертегісінің кейіпкері ханды қасқырға, ал оның уәзірін түлкіге айналдырып жіберді.
Әлемді көреген игеруде құбылыстар, олардың өзіндік өлшеміне сай, шынайы обьективтігінде бөлініп көрсетіледі. Қабылдаушы санасында жай ғана құбылыс бейнесі емес, қатынастар бейнесі сай келеді. Эстетикалық обьектіні таңдауда адамның өзіндік жеке әрекеттінің шарты ретінде, оның қасиеттері дараланады. Әлем адаммен, оның өмірімен байланысты, бүкіл сезіммен қабылданатын табиғатпен обьективті-нақтылы қарым-қатынастарында танылады.
Қуаттылық пен эпикалық кеңдік және алыптылыққа қазақ фольклорының көркем бейнелері толы. Мәңгі аспан, таулар мен дала – оларда поэзия бастаулары мен діни түсініктер күрделі қиылысқан, әмбебап алғашқы бейнелер. Таулар мен далалар – ежелгілердің іс-әрекет өрісі. Әрекетшіл адамдар мен бағынбайтын табиғат күрес және бірлік қатынастарында тұр. Эпос көшпелінің өмірін идиллиялық түрде бейнелеуден алыс. Табиғатпен мәңгі күрестегі суреттер қауіп-қатерге, қайшылыққа, кернеуге толы. Динамикалық, қозғалыс өмір көңіл-күйінің көшпелілік типінде анықтаушы болып табылады, онда әлемді қабылдау кинетикалық, туғаннан өлгенге дейінгі бүкіл өмір онда – жол, қозғалыс. Табиғат суреттемелері қашанда ауысып отырады. Суреттемелер динамикалы, қазіргі түсінікте экспрессияға толы.
Суретші табиғат құбылыстарын олар көріністерінің жалқы ретінде көреді және оларды тұтастық бөлігі ретінде ретке келтіреді, оларды ұйымдастырады. Эпос өзімен эстетикалық сананы, әлемді көркем игеруді паш етеді. Табиғатты эстетикалық қабылдау адам өмірінен, оның еңбек әрекетінен ажыратылмайды, ол ода барған сайын күш пен қуатты, болмыстың жарқын қуанышын бағалайды.
Атап айтқанда көркем қабылдауға қоршағанның бүкіл толықтығын аңдау, адам тағдырының табиғаттан бөлек еместігін, оның ырғақтарына бағынуды сезіну тән. Әсіресе эпос қаһармандарына, мәңгі тірі шексіз әлем ретінде, табынуға лайық, дала қымбат. Өмірден кете бере, Төлеген («Қыз-Жібек») бұл әлемнің сұлулықтарын енді көрмейтініне қатты қынжылады.
Жер бедерін бейнелеуде фольклор үлкен шеберлікке жетеді. Бұл онда нәзік сезімді байқаушылардың дарыны көпқырлы табиғатты тануды аңсаумен қосылған, сөзбен берілген пейзаждық сурет. Онда таным мен әлемді эстетикалық қабылдау үйлескен. Табиғат мұнда - өзінің танушы және оны өз әрекетінде өзгертуші адаммен органикалық қосылған тұтастығы. Көшпеліге таулар да жақын әрі қымбат. Оның бейнесімен ол өзі үшін ең қымбат пен мәңгіге – биіктік пен тазалықты – байланыстырады. Олар – мәңгі өмірдің рәмізі, оның түпкі отаны. Тау бейнелері салтанатты және поэтикалық: арудың пәктігі, тұңғиықтар мен жетпейтін шыңдар, қанатын жайған қыран, айбынды арыстан т.т.
Табиғатпен динамикалық тепе-теңдіктегі, үйлесімділіктегі эпикалық кейіпкер – ішкі және сыртқы жетілудің үлгісі. Ол – рудың, жердің қорғаушысы, ол ғарыштан, өзінде бәрін қамтиды – табиғат ырғықтарын, дүлей күштердің қайтадан тіріліуін көрсетеді. Батырдың сезімдері тұтас, толық. Эпикалық батырдың көзімен көрінген табиғат та тұтас, құдіретті және жетілген, оның құбылыстары айқын әрі аумақты, онда ұсақтық жоқ. Эпоста батырларды табиғат пен салыстыру пластикалық аумақты, бедерлі, сезілетін және сенімді. Міне бірегейлік және теп-теңдіктің күшінде табиғат адамды, оның сыртқы және ішкі дүниесін ашады. Солай, қыз бен жігіттің әсемдігін жануарлар әлемімен салыстыратын зооморфизмде мифология, алғашқы қауымдық дүние түйсінудің ерекшеліктері, адам өзін әлі табиғаттан бөлмеген уақыттағыдай, анық көрінеді.
Эпоста ұжымдық санада тұрған, сұлулық туралы түсінікті қайтадан жасап шығарады. Оның теріс кейіпкерлері табиғаттың қиратушы күштерімен теңестіріледі. Төменгі, пасық өз халқы, жері үшін күресіп жатқан, қаһармандар бейнелеріндегі көтеріңкіге қарсы қойылады. Батыр қуатты, төзімді, батыл. Оның батырлық өмірі әсемдікпен көмкерілген. Шайқаста жеңу және өлу тамаша. Батырдың тірі табиғатпен, сұлулық үлгісімен, ең тамашамен байланысы қисынды:
Ауызекі поэтикалық шығармашылықта сұлулық табиғатқа да, адамға да тән. Бұл тіршілік қуанышы, оның обьективтілігі мен үйлесіміндегі табиғаттың гүлденуі. Әсемдіктің негізі, сұлулықтың қайнары – шындықтың өзінде, нақтылы сезімдік дүниеде.
Әсемдік эпикалық жағынан құрылымдық тұтастықтың сыртқы ерекшелігі ретінде бағаланады, ішке қарай тереңдемей, жалпы бөлінбеген түрінде көрініс табады. Онда сұлулық өмірлік-тәжірибелік те, идеалды және материалды да, нәрселермен таза эстетикалық сүйсіну де, заттарға практикалық-утилитарлық ұстаным да. Сұлулық өмірге керек, пайдалы заттарда сезіледі.
Симметрия ұстыны, ырғақты ұйымдасу қазақ өнерінде үйлесімді байыптылықты, әлемнің мөлшерлестігін білдіреді, көшпелінің қабылдау ерекшелігін, бөлек пен тұтастықтың шексіз байланысындағы, табиғаттың шынайы тұтастығын сипаттады. Симметрия, үйлесімділік, мөлшерлестік табиғи материалдық үстінен билік жүргізу туралы, оны игерудің жоғары дәрежесі туралы куәландырды.
Жасалған нәрселердің әсемдігі орасан зор дүниенің ажырамас бөлігі ретінде обьективті, әмбебапты. Адам мұқтаждық ететіннің бәрі: киім, қару, қалқан ж.т.б. тамаша. Өйткені адамдық әрекет өз табиғатында, мәнісінде тек утилитарлы болмады. Әдемі затта, ат әбзелінде, қаруда адам өз шеберлігінің табиғат материалынан үстемдігін көрді. Заттарды өндіру шығармашылықтың түрі болып табылады. Олардың әсемдігі пайдалылықтың негізінде пайда болады, бірақ тек оған келіп тірелмейді. Ол мақсатқа сәйкестілікке жақын, оның ең жоғары көрінісі болып табылады.
Эстетикалық сезімдер қоғамдық өндірісте, ғасырдың саяси, ақыл-ой, адамгершілік ахуалында қалыптасады. Сол уақытта олардың арасында тікелей тәуелділік жоқ. Материалды өндірістің даму деңгейі өнердің нақтылы-тарихи мазмұнымен бірдей емес. Әлемді барған сайын терең игеруде жетістіктер ғана емес, бірақ жоғалтулар да бар. Күрделі көркем даму процесінде адамзат бастапқы ежелгілердің эстетикалық түсініктерінен айырылмайды, ал оларды дамытады және байытады. ХХ ғ. адамына табиғатқа деген тұтас көзқарас, алдынғы ұрпақтармен ауызекі аңыздар, ертегілер, өлеңдер, эпикалық туындылар түрінде үзілмейтін тізбекте берілгеннің әсемдігін және үйлесімділігін қабылдау қажет. Олар құдайлар мен адамдарға да, дәстүрлер мен сенімдерге де, әлем және адам тағдыры туралы пайымдарға да, сонымен бірге ғасырлардың рухани тәжірибесінен алынған барлық игі-жақсыға, ежелгілердің дүниетаным ерекшеліктеріне де, олардың армандары мен үміттеріне де орын бар.
Материалды өндірістің жоғары месе сатысы, қоғамдық қатынастар мен таптық жіктелудің ерекшеліктері қазақ өнері дамуының сәбилік сатысын барлық оның артықшылықтары және кемшіліктерімен себептейді. Табиғатта оны жасаушыларды оның нақтылы-тарихи көріністерінің жалпы маңыздылығы және тірі тұтастығы қызықтырады. Суретшілер нәрселердегі тұтасқа көтеріледі, оны тұтас пластикалығында ашады. Әлемді жарқын көптүстілігінде көру, сонылық және өткірлік, әлем күрделілігін көркем ойдан шығарылғанда қамтып алу қабілеті, қиялдың тоқтаусыздығы, оны бейнелерде ұғыну – осының бәріне Қазақстанның көне өнері толы.
Алайда табиғат жай ғана енжар, одан суретші өнер нәрсесін құрастыратын, пластикалық емес. Бұл құралдардың қоймасы емес. Эстетикалық қатынас әлемді оның табиғи жайында, динамикалық және үйлесімді тепе-теңдігінде сақтайды, ал оны бүлдірмейді, бөлшектемейді. Суретшілер заттылыққа бойлап кетеді. Сол уақытта ежелгі өнерде талдау, оның заңдылықтарында әлемді білу жоқ, оның пайымдары жиі қарадүрсін, аңғал.
Өнермен дүниені игеру оны жасаушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін байытты және кеңейтті. Табиғатпен күрес және оған деген сенім, оның тұтастығынан, табиғилығынан ләззат алу – бұл негізгі бағдарлардың қиылысуында қазақ өнері дамыды.Табиғатты адам қиялына, оның ойластырғанына бағындыратын аңыздар, оны тұтас қамтитын және түсіндіретін болғанымен әлемді көркем игерудің негізгі формасы болудан қалады және жаңа негізде қайтадан түлейді. Мифологиялық, әлем заңдылықтарын білмеу, соқыр сенім белгілерімен бірге жалпылау, сонда да әмбебаптылыққа, тұтастыққа, батыл жалпылауға деген талпынысты өзімен алып жүрді.
Адамзат өткен көпғасырлық тәжірибесінен, соның ішінде көшпелі халықтардың табиғатқа деген тұтас-рухани қатынасынан, барлық жақсыны, олардың өзгермелігін, ерекшелігін, ұлттық дүние түйсінудің төлтумалығын сақтайды.
Бүгінгі күн практикасы жеткіншектер арасында адамгершілік-рухани деңгейі төмен, еңбекте шығармашылық белсенділігі жоқ, әлеуметтік ортаға бейімсіз, мінез-құлықтың халықтық эстетикасын сақтай алмайтындар қатарының аз еместігін көрсетіп отыр. Осыған сәйкес жеткіншектерді практикалық, көркемдік-эстетикалық тұрғыдан маңызды жұмыстарға баулудың, олардың халықтың дәстүрлі шығармашылығы негізінде эстетикалық тәрбиесін жетілдірудің қажеттілігі артады.
Қазіргі уақытта білім беру саласының маңызды проблемасы болып белсенді өмірлік позициясы бар, жаңа көзқарасқа ие, өзін және қоршаған ортаны қайта құруға, әр түрлі өмірлік және кәсіби міндеттерді жеке шеше алуға қабілетті тұлғаны даярлау табылады. Баланың осындай тұлғалық сапаларының дамуына оның мәдени ортамен өзара әрекеттестікте болуы оң ықпал етеді. Бүгінгі мәдени орта – халықтық және қазіргі мұралардың көркемдік-эстетикалық дамуының біртұтастығын құрайды. Ал бұл болса, көп ғасырлық ұлттық мәдени мұраларды тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру процесінде тиімді пайдалануды қажет етеді.
Эстетикалық сананың құрылымы ерекше күрделі. Ол эстетикалық қабылдауды, қызығушылықты, сезімді, талғамды, бағалауды қамтиды. Осы аталғандарға білім мен қабілеттің болуы аса маңызды. Өйткені білім жеткілікті болмай әрбір затты, бұйымды, қоршаған ортаны эстетикалық бағалауды жүзеге асыру мүмкін емес. Білім мен қабілеттің дамуына қажеттіліктің болуы әсер етеді. Өйткені психология ғылымында «кез келген қандай да бір мәнді қабілетті қалыптастыру үшін, алдымен белгілі бір ортамен белсенді қарым-қатынас формасындағы өмірлік қажеттілікті құру» тұжырымы жетекші қағидалардың бірі саналады. Әдебиеттерде эстетикалық қажеттілік индивидтің эстетикалық, рухани жетіспеушілікті болдырмайтын құралдар мен тәсілдерді іздеуде талап етілетін, өзінің іс-әрекетінде көрініс табатын жаңа сапасы тұрғысынан қарастырылады. Демек мұнда эстетикалық іс-әрекеттің болуы заңды құбылыс. Эстетикалық іс-әрекет белгілі бір эстетикалық құндылықты жасауға немесе орындауға бағытталған іс-әрекет болып түсіндіріледі. Сондықтан да эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда эстетикалық білімнің, эстетикалық қабілет (эстетикалық қабылдау, эстетикалық сезім, эстетикалық әсерлену, эстетикалық талғам, эстетикалық бағалау, эстетикалық белсенділік) пен эстетикалық қажеттіліктің болуы маңызды саналады
Осы айтылғандар негізінде жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетіне оның эстетикалық іс-әрекетке қажетті эстетикалық қабілеттерінің, көркемдік-эстетикалық білімі мен практикалық іскерлігінің кіріктірілген тұлғалық сапасы деп анықтама береміз.
Сонымен, ғалымдардың ой-пікірлерін негізге ала отырып жеткіншек кезең баланың рухани-адамгершілік, азаматтық, көркем-эстетикалық сезімдерініің белсенді дамуына, эстетикалық көзқарасы мен эстетикалық талғамының қалыптасуына, эстетикалық қажеттілігінің дамуына ықпал ете алады деп, ой түйіндейміз.
Ерте заманнан әр бір ұлттың өзінше өмір сүру қалыбы, тұрмыс-тұрқы, әдет-ғұрыптық өзгешелігі, психикалық мінез-құлық ерекшеліктері, түсінік-пайымдары бар екені белгілі. Музыка өнеріндегі бұл құбылыс халықтың сол құпиясын әр алуан салада әр түрлі бояуда әшекелейді. Қай халық болсын өзінің ұлтының өнері мен дәстүрін аса бір ыждағаттылықпен дамытуға тырысады, оны жаңа дәуір, заман талабына сай етіп ыңғайлануына ат салысады.
Адам дүниені әсемдік үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамнын түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. Шынайы әсемдік адамның сұлу тұлға мұратына ұмтылуына әсер еткен әрі жан сарайын байытуға да ынталандырған.
Қазақ халқы өз дамуының таңында-ақ толық қалыптасқан, өз заманы үшін жоғары көркем мәдениетке ие болған. Одан арғы өз дамуында ол, өңделіп әрі байып, үлкен талдап қорытындылауға және көркемдік күшке, сонылыққа және ұлттық-эстетикалық құндылыққа қол жеткізді. Барлық ғасырларда ол қазақ халқының эстетикалық көзқарастары мен талғамдарының қалыптасуына ықпал етті.
Қазақ көркем шығармашылық мұрасының ерекшелігі, оның алғашқы әлі дамымаған жағдайын сипаттайтын синкретизм (яғни, жіктелмегендік, біріктірілгендік) болып табылады.Әрине, синкретизм революцияға дейінгі қазақ халық шығармашылығына ғана тән ерекше қасиет емес, ол қандай да бір шығармашылық әрекеттің дамуының алғашқы кезеңіне тән болады. Бірақ өнердің дамымағандығы, жанрлар мен түрлерге жіктелмегендігі өнер түрлерінің толығымен жоқтығын білдірмейді. Мысалы, революцияға дейін қазақтарда театр, хореграфия, симфониялық музыка, сурет өнері, графика, мүсін өнері болмаған, бірақ бұл өнер түрлерінің халық шығармашылығында біздің заманымыздан ең ертедегі кезеңінде қандай да бір нышандары, жеке элементтері орын алған. Халықтың көркем шығармашылығы дегеніміз жеке тұлғаны ғана, шамалы адамдар ортасын ғана және тіпті қандай да бір тапты ғана, қызықтыратын болмыстың сол эстетикалық заңдылықтарының көрінісі емес, ол бүкіл халық бұқарасы үшін өмірлік маңызды болады. Сондықтан көркемдік таным бүкіл халықтың өмірлік қажеттіліктеріне жауап беретін тақырыптарды қамтиды. Көркемдік танымның тақырыбында оның тұтастығының, біріктірілгендігінің, өнерді жалпы халықтық екендігінің, негізі қаланып қойған. Халық бұқарасының өнер туындысын қандай да бір бейнелі ойлау формасымен ғана тануға болмайды, ол бір мезгілде бірнеше формалармен (көркем сөз, бейнелі музыка) тануға болатындығы осының айғағы.
Қазақ өнері жалпы халық өмірімен, атап айтқанда, оның тұрмыс салтымен тығыз байланысты болған. Сондықтан көптеген ғасырлар бойы ауызша-ақындық шығармашылық пен халық музыкасы, қолданбалы өнер қазақ халқы үшін қоғамдық сананың негізгі формаларының көрінісі болды, оларда халықтың ойлары мен сезімдері, оның талпынастары мен әсемдік туралы түсінігі ерекше толық әрі айқын көрінді.
Қазақ халқының эстетикалық мәдениеті аса тереңде, көне заманғы дәуірден басталады. Қазақтар эстетикалық мәдениетін негізінен 3 түрлі салада жасады; біздің заманымызға жеткені де солар:
1) Материалдық мәдениет саласында. Бұлар қолданбалы өнер саласының туындыларында кездеседі. Онда сонау көне дәуірінде осы күнгі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың шығармашылығында ортақ әдіс-тәсілдер мен сарындар болғаны байқалады. Сол негіздің өзінде қазақтың киіз үйінің нобайы, өзіне ғана тән сипаттағы үй жиһаздары, киім-кешектер, ерекше бір стиль, жануарлардың, өсімдіктердің бейнесі, геометриялық, зооморфологиялық символикалық ою-өрнектер салынған.
2) Көркем сөз шығармашылығының туындылары қазақ халқының эстетикалық негізін құрған ру, тайпалар мен олардың бірлестіктері (тайпалық одақтар) сол заман дәрежесіне сай дамыған рухани мәдениетке ие болған, оны қазақтың XV-XVIII ғғ-дағы ақын-жырауларының шығармаларынан айқын көруге болады. Олардың шығармашылықтары ұлттық эстетикалық мәдениеттің қалыптасуына зор ықпалын тигізді.
3) Қазақ халқының қоғамдық саяси өміріндегі эстетикалық ой-пікірі. Бұл қазақ елінің көрнекті қоғам, мемлекет қайраткерлерінің, әдебиет пен өнердің айтулы өкілдерінің көзқарастарынан, сөздерінен, қалдырған рухани мұраларынан көрінер. Асан Қайғының, Доспанбет, Шәлгез (Шалкиіз), Ақтемберді, Бухар, Шал т.б. қазақ жырауларының жыр, талғауларында еңбекші бұқараның ой-арманы мен эстетикалық ұғымдары шынайы бейнеленген. Қазақтың халық поэзиясында сұлулық пен әсемдікті, ерлікті, батырлықты жырлау басым болып келеді.
Музыка – адам сезімінің нәзік тілі, яғни адамдардың бір-бірімен эстетикалық тәрбие беруде адам өмірінде музыканың атқаратын рөлі аса зор. Сондықтан жастарымызды музыка мәдениетіне тәрбиелеу ісін жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлінше көңіл бөлуіміз керек.
Қазақ ұлтының өнер саласындағы қасиеттеп, маңдайға басар мақтанышы – домбыра. Оның қос ішегінен күмбірлей төгілген құдіретті күй талайды тамсандырып, таңдай қақтырары шүбәсіз. Сондықтан біз оқушыларға домбырадан Құрманғазы мен Динаның қуатты күйлерін үйретіп қана қоймай, оның мазмұнына, шығу тарихына, айтайын деген ойына терең бойлап, түсініп ойнауға баулуға тиіспіз. Ең бастысы, «Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі», – деген М. Әуезовтің даналық сөзін әсте естен шығармасақ, эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөліне айрықша назар аударатыны сөзсіз.
Әр халықтың эстетикалық дүниетанымын, көркемдік және материалдық мәдениеттің құрайтын, өзіне тән өнер түрлеріне ерекшелінетін, музыкалық және ақындық қасиеттерін, қабілеттерін, икемдерін тәрбиелейтін құрал – ұлттық аспаптар. Соның бірі әрі бірегейі – домбыра. Мысалы, бесік жыры, түсаукесер, шілдехана, сүндет той, тілашар, тойбастар, бет ашар, жар-жар, сыңсу, жұбату, жоқтау, жарапазан, батырлар мен махаббат жыры, қисса-дастан, толғау, айтыс, терме, ән, күй т.б. толып жатқан әдебиет пен өнер туындылары домбыра үнімен ұрпаққа жетіп, жалғасын тауып отырады. Ән, өлең, терме, өсиет, жыр, толғау, айтыс, т.б. түрлері ой елегін шымырлатып, адамгершілікке баулиды.
Мақал-мәтел, жұмбақ, қисса-дастан, ертегілер жақсы мен жаманды ажыратуға үйретеді, ерлік пен махаббатты жырлайды, туған жері мен елін қорғауға үндейді;
Күй үні адамның тілі жетпейтін ішкі жан дүниесіндегі ойын жеткізіп, айнала әсемдік әлемін аялап қорғауға нәзік сезімен, көңіл-күйін түсінуге тәрбиеледі.
Әр ұлттың өзіндік жері мен суы, тілі мен мәдени ошағы, музыкасы мен поэзиясы, қолөнері мен тарихына сай мінез-құлқы да болады. Ал оны мақтан етіп зерделей түйіп оқыту, ұлттық сезімін ояту – сіз бен біздің міндетіміз. Өйткені, ата-бабалардың нақыл сөздерді, күйлері мен әндері, жыр мен толғау өсиеттері, айтыс, дастан сияқты толып жатқан өнер түрлері бізге домбыра аспабы арқылы жеткені мәлім.
Ана құрсағындағы сәбиге дейін музыка үні және сөз өнерінен ерекше әсер алып, оны тындаған ананың тебіренуіне байланысты іштегі бала тәрбиеленген. Домбырада неше түрлі әуеннің әсерімен берілген сөз маржаны адамды балқыта, елжірете өзіне тартады. Домбыра – адам тәріздес басы, екі құлағы, екі көзі, мойыны, екі ішекті сөйлейтін тілі бар, ауыз әдебиетінің түрлі салаларын жеткізуші аспан. Домбыраның көмейінен күңірене құйылған күй, оған қабаттаса шыққан үн, пернеден қосылған дыбыс асыл сөздердің маржаның жинаған және оны кеудесіне сыйғыза білген көненің көзі. Киелі домбыра аспабының үні бар жерде жамандық иесі болмайды. Ол адамның рухани жан дүниесін музыка арқылы емдеп, мінез-қүлқын жөндеуге, шығармашылықпен ізденуге, байсалды, сабырлы болып еңбек етуге үйретеді. Домбыра үні арқылы сөз ұйқастары құралып сан түрлі өлең жолдары ауыз әдебиетіне үлесін қосты. Ұйқасы шұбыртпалы, төкпе түрлеріне сай өлең жолдары неше түрлі сарындардың пайда болуына ықпалын тигізеді. Екі арна тоғысып, көптеген жанрларды дүниеге әкелді.
Ауыз әдебиеті мен музыка үлгілері ертеде жас ұрпақты тәрбиелеуде өзіндік орын алған. Ата-баба баланы он үш жасқа дейін домбыра үнімен тәрбиелеп, өз ана тілінің қадыр-қасиетін, мақал-мәтел, өсиет, нақыл, сөздерін сол арқылы оның бойына сіңіре білген. Бүгінде осы ата-бабаның ұсталған ұлы жолынан адасқан сыңайымыз бар сияқты. Сондықтан мектептерде білім деңгейі сапасының төмендеуіне жол берілді. Ұлттық сана-сезімнен жұрдай болып, салт-дәстүр негізінде сабақ беру тәсілінен мүлдем айырылдық. Ұлы Абайдың тәрбиелік мәні бар қара сөз деңгейі түгілі, оның өмір сүрген кезіндегі көзқарасына жете алмаған қазақ баласы үшін қазіргі атом, техника дамыған заманда өкінішті-ақ. Мұның бәрі ұлттық өнерімізді жоғалтып отырғынымыздан емес пе екен?
Ендеше бұдан былай домбыра аспабы арқылы ауыз әдебиеті сабақтарын тиімді түрде оқушыларға үйрете отырып, негізін қалау керек. Ал музыкамен айналысқан балада жамандық қасиет болмайды, сондықтан «Бұл ғылым (яғни музыка) өзінің байсалдылығынан айырылған адамдарды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді» деп, әл-Фараби айтқандай, музыка арқылы ауыз әдебиетін қосарландыра сабақ берсек, көп жетістікке жеткен болар едік.
Осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, біз қазақтың дәстүрлі көркем мәдениеті дегеніміз ғасырлар бойы қалыптасқан, халықтың көркемдік талғамы мен эстетикалық принциптері жинақталған, көркемдік энциклопедиясы іспеттес өнердің түрінің жиынтығы деген анықтама бердік.
Қазақтың дәстүрлі көркем мәдениетінің құрамдас компоненттері:
1. Халықтың аспаптық өнері.
2. Халықтың ән өнері.
3. Халықтың ауызекі шығармашылығы..
4. Халықтың сәндік-қолданбалы өнері.
5. Халықтың биі.
Достарыңызбен бөлісу: |