ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының әлеуметтік-мәдени дамуы жөніндегі тұғырнамасында елімізде тұратын барлық халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінетіндігі және кез келген мәдениет қайталанбас, теңдесі жоқ қазына екендігі, сондай-ақ, белгілі бір халықтың өзін дүние жүзіне сол арқылы толық танытатыны айтылған. Сонымен қатар, бұрынғы өткен өзіндік мәдени дәстүрлерін еске түсіру, есте ұстануына, одан рухани қуат алып, өзіндік жасампаздық үрдісін тыныту үшін оған басқа мәдениеттердің белгілерін шеберлікпен өз бойына дарытуға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Халықтық мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерін мойындай келіп, Қазақстан халықтары мәдени қазыналарының бірлігі қалыптасатынын ескеріп, мемлекет барлық халықтардың мәдени мұраларын сақтап қорғайтыны, мәдениеттердің теңдігін және әрбір халықтың өз мәдени ерекшелігін орнықтыру, сақтау және дамыту құқығын қамтамасыз ететіндігі тұжырымдалған.
Қазіргі гуманитарлық сана мен білімдердің метатеориясы болып табылатын өзінтану ілімі қалыптасуының қисыны адамның дүниедегі орны мен өзара қарым-қатынастарының өзгеруіне байланысты. Өркениеттіліктің индустриалды толқынын ауыстыра бастаған ақпараттық қоғам, таза рационалды стратегияның адамның тылсымдық қабаттарын ескеретін еркін таңдау, автономдық пен орталықсыздандыру стратегияларымен алмасуы осындай жаңа пәнді қажет етті. Әл-Фараби кезінде атап өткендей, “ақылды жан” айқындамасы (гомо сапиенс) “мәдени жан” ұстынымен (гомо культурикос) ауысты. ХХІ ғасырда өзінтану пәнінің қалыптасуына күш көрсету мен авторитарлық басқарудың орнына келген бейбіт мәдениеті құндылықтары (адам құқықтары, орнықты даму, күш көрсетпеу, толеранттылық, диалог, плюрализм, демократия, азаматтық қоғам т.т.) үлкен рөл атқарады. Бұл үрдістердің тереңдеуі жаңа гуманистік өнер формаларының пайда болуына әкелді.
Қазақ көркем мәдениетінің болашағы этностағы екі субмәдениеттің (қазақ тілді және орыс тілді) сұхбатшылдық бағдарымен де айқындалады. Қазақ тарихы бірнеше өтпелі қоғамдардың болғанының куәсі және олардан халық абыроймен өте алды. Мысалы, орта ғасырларда Дала мәдениетінде тек көшпелі оқшаулық емес, мәдени диалогтар жүріп жатқан: араб тілі діни қатынастық құрал болса, парсы тілі – ақындардың тілі, түркі тілі – жауынгерлердің тілі болды. Қазақ өз болмысында тек өткенге ғана емес, сонымен бірге болашаққа да үлкен үмітпен қараған. Ғасырлардың талай қыр-сырларынан өткен қазақ көркем мәдениетін ертедегі грек мифологиясындағы өзін-өзі жағып жіберіп, сол күлден қайта тіріле беретін қасиеті бар қиял-ғажайып құс – Феникспен теңеуге болады. Әлемдік өркениеттің ең ертедегісінің бірі Шумерден бастау алатын, сақтар кейін ғұндар арқылы дүниенің жартысында ізін қалдырған, кейінірек орта ғасырларда мәдениеттің тамаша үлгілерін адамзат қорына қосқан Кіндік Азия - әлем қайнарының бірі.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану.- Алматы: Раритет, 2002. – 408 б.
Сейдімбеков А. Күңгір-күңгір күмбездер. - Алматы,1981. - б.
Касымжанов А.Х. Пространство и время великих традиций. – Алматы: ҚазҰУ, 2001.- 301 с.
Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. –Алматы: Ғылым, 1996. –168 б.
Тұрсынов Е. Истоки тюркского фольклора. Қорқыт.- Алматы: Дайк-Пресс,2001. – 168 с.
Қазақ даласының ойшылдары (XІІІ-XV ғ.ғ.). 3 кітап. – Алматы: ФСИ, 2001. – 196 б.
Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея.- Алматы: Қаржы-Қаражат,1994. – 48 с.
Әлем: Алманах.- Алматы: Жазушы,1991. – 496 б.
Мәдениет - ұлт болмысы.- Алматы: ҚазМӨҒЗИ,1998. – 212 б.
Шалабаева Г. Постижение культуры: мировозренческие парадигмы и исторические реалии Казахстана. – Алматы; Ақыл кітабы, 2001. - 420с.
Сапаралы Б. Адалбақан. – Алматы: Өнер, 1992.- 384 б.
Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов. – Алматы: Казахстан, 1998.- 184 с.
Байжігітов Б.К. Бейнелеу өнерінің философиялық мәселелері. – Алматы: Ғылым - Өлке, 1998. – 192 б.
Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. - Алматы, Өнер, 1987. - 128 б.
Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері. - Алматы, Рауан, 1992. - 119 б.
Кішібеков Д. Қазақ менталитеті. Кеше, бүгін, ертең. - Алматы. Ғылым, 1999. - 200 б.
Әлібеков Ш. Қазақ фольклорының эстетикасы.- Алматы, Рауан, 1991. - 128 б.
Нұрмұхамедов Н.Б. Қазақтың көне өнері. - Л.,1970. - 272 б.
Өмірбекова М.Ш. Ою-өрнектің қолданылуы. - Алматы, 1995
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
1.Мәдениет - адамның рухани болмысының мәйегі
Мәдениет адамның рухани болмысының айнасы ретінде 5
Эстетикалық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды
бір саласы 7
Эстетикалық мәдениеттің құрылымы мен түрлері 13
2.Өзін-өзі танудың рухани жолдары
2.1. Рухани құндылықтар 28
2.2. Адамгершілік бастаулары 36
2.3. Көркемдік құндылықтар 46
3. Өнер - әлемді және әлемдегі адамды тану құралы
3.1. Өнер - адамтану формасы 65
3. 2. Рәміз - өнер көрінісі ретінде 89
4.Музыка өнері
1 Музыка біздің өмірімізде 96
2 Қазақтың музыкалық өнері 101
5.Бейнелеу өнері
5.1 Бейнелеу өнері - дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін өнердің бір саласы 115
5.2 Қазақ көркемөнеріндегі бейнелеудің орны 123
6.Сәндік қолданбалы өнер - әсемдік әлемі
6.1 Қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің әсемдігі мен көркемдігі, мазмұны мен маңызы 146
6.2. Ою-өрнек – мәдениет айнасы 153
ҚОРЫТЫНДЫ 165
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 167
Достарыңызбен бөлісу: |