1. Тірек-қимыл жүйесінің қай ауруында қол басының аққу мойыны, морждың жүзу қанаты тәріздес өзгерістері болады?
А. остеоартроз
В. анкилоздаушы спондилоартрит
С. реакциялық артрит
D. ревматоидты артрит
E. жүйелі қызыл жегі
2. Тірек-қимыл жүйесін зерттеуде Кушелевский-I симптомын қалай тексереді?
А. науқасты бүйіріне жатқызып, мықын сүйегін серпе басып
В. жамбастың алдыңғы қанаттарын бірдей серпе басып
С. ішімен жатқан науқастың сегізкөзін серпе басып
D. шалқасынан жатқан науқастың мықын сүйегінің сол қанатына дәрігер оң қолды қойып, тізесіне қойған оң аяғына сол қолын қойып, серпе басып
E. науқасты қабырғаға өкшесін, денесін, желкесін, бірдей тигізіп
3. Тірек-қимыл жүйесінің қай ауруының рентген көрінісінде буын саңылауының тарылуы, шеттік остеосклероз және остеофиттердің болуы сипатты?
А. ревматоидты артритке
В. Рейтер синдромына
С. подаграға
D. Бехтерев ауруына
E. остеоартрозға
4.Тірек-қимыл жүйесінің қай ауруын анықтауға қан сары суындағы несеп қышқылының деңгейін тексереді?
А. ревматоидты артритті
В. Рейтер синдромын
С. подаграны
D. Бехтерев ауруын
E. остеоартрозды
5. Тері жамылғысын қарағанда түйінді эритеманың болуы қай жағдайға сипатты емес?
А. ревматизмге
B. туберкулезге
C. саркоидозға
D. атеросклерозға
E. сульфаниламидтерді қабылдағанға
6. Зақымдалған буын беттерінің сәйкестілігі бұзылуынан не дамиды?
А. блоктық аурысыну
В. старттық ауырсыну
С. крепитация
D. синовиит
E. таңертеңгілік құрысу
7.Остеоартроздан дамыған екіншілік синовииттің клиникалық белгілеріне қайсысы жатпайды?
А. жергілікті температураның жоғарылауы
В. буын ісінуі
С. остеофиттермен зақымданулардың дамуы
D. 30 минуттан аспайтын ертеңгілік құрысу
E. анкилоздың болуы
8. Қалыпты жағдайда тізе буын саңылауының өлшемі:
А. 4-8 мм
В. 4-5 мм
С. 2-3 мм
D. 10-11 мм
E. 6-8 мм
Достарыңызбен бөлісу: |