3. Екі немесе үш буынның қабынуын не деп атайды:
А. моноартрит
В. артралгия
С. полиартрит
D. олигоартрит
E. артропатия
4. Буын синдромының қабынулық түрінде қандай жергілікті өзгеріс болмайды?
А. гипертермия
В. гиперемия
С. ісіну
D. гематома
E. ауырсыну
5. Ревматоидты артриті бар науқасты қарағанда қай өзгеріс тән емес?
А. қол басының аққу мойыны
В. қол басының морждың жүзу қанаты тәріздес
С. қол, аяқ басы саусақтарының сосиска тәрізденуі
D. қол басы саусақтарының зет әрпі тәрізді өзгеруі
E. зақымдалған буындардың анкилозы
6. Анкилоздаушы спондилоартриттің клиникалық белгісіне жатпайды:
А. омыртқа жотасының қимыл қозғалысының шектелуі
В. омыртқа жотасының иілімдерінің тегістелуі
С. омыртқа жотасының таңертеңгілік құрысуы
D. басбақай буынының жедел моноартриті
E. арқаның тік бұлшық еттерінің ширығуы
7. Артрозға қарағанда артритке келесі белгі көбірек тән?
А. буын қозғалысы кезінде ауырсыну
В. ісіну мен жергілікті температураның жоғарылауы
С. буындағы сықыр
D. сүйектің ұлғаюы
E. қимыл қозғалысының шектелуі
8. Тірек қимыл жүйесінің қай қабынулық ауруының рентген көрінісінде екі жақты сакроилеиттің болуы тән?
А. ревматоидты артритке
В. Рейтер синдромына
С. подаграға
D. Бехтерев ауруына
E. остеоартрозға
9. Тірек-қимыл жүйесінің қай қабынулық ауруына гиперурикемия тән?
А. ревматоидты артритке
В. Рейтер синдромына
С. подаграға
D. Бехтерев ауруына
E. жүйелі склеродермияға
10. Тірек қимыл жүйесінің қай қабынулық ауруының даму механизмінде пуриндік негіздер алмасуының бұзылуы сипатты?
А. ревматизмге
B. ревматоидты артритке
C. Бехтерев ауруына
D. остеортрозға
E. подаграға
11. Тірек қимыл жүйесінің дегенерациялық-дистрофиялық ауруына қайсысы жатады:
А. остеоартроз
B. подагра
C. ревматоидты артрит
D. реакциялық артрит
E. жүйелі қызыл жегі
Достарыңызбен бөлісу: |