ҚР ҚК –нің әскери қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі.
Құрамы
|
Әскери атақтар
әскерлік
|
Әскери атақтар
кемелік
|
Сарбаздар (матростар) құрамы
| Жауынгер мен
матростар
|
Қатардағы жауынгер
Ефрейтор
|
Матрос
Аға матрос
|
Сержанттар (старшиналар) құрамы
|
Кіші сержанттар
құрамы
|
Кіші сержант
Сержант
Аға сержант
|
Екінші сатылы старшина
Бірінші сатылы старшина
Бас старшина
|
Аға сержанттар құрамы
|
Үшінші сыныпты сержант
Екінші сыныпты сержант
Бірінші сыныпты сержант
|
Үшінші сыныпты старшина
Екінші сыныпты старшина
Бірінші сыныпты старшина
|
Жоғары сержанттар құрамы
|
Штаб - сержант
Шебер - сержант
|
Штаб – старшина
Шебер - старшина
|
Офицерлер құрамы
|
Кіші
офицерлер
|
Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан
|
Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан - лейтенант
|
Аға
офицерлер
|
Майор
Подполковник
Полковник
|
Үшінші дәрежелі капитан
Екінші дәрежелі капитан
Бірінші дәрежелі капитан
|
Жоғары
офицерлер
|
Генерал – майор
Генерал – лейтенант
Генерал – полковник
Армия генералы
|
Контр адмирал
Вице адмирал
Адмирал
|
Медициналық немесе әділет, әскери – есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына тиісінше «медицина қызметінің», «әділет» деген сөздер қосылып айтылады.
Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалы құрамдағы», демалыстағыларға «демалыстағы» қосылып айтылады.
Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез – құлқы.
Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылықтың, ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір – қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез – құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда Қарулы Күштердің ар – абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауға тиіс.
Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым – қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір – біріне «сіз» деп тіл қатуға тиіс.
Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге атағы мен тегі бойынша тіл қатқанда «Қатардағы Омаров», «Сержант Исмайлов», ал тек атағы бойынша тіл қатқанда қасына «мырза» деген сөзді қосып айтады («Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант мырза»).
Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ курсанттарына тіл қатқанда «Курсант Сауыров» немесе «Курсант мырза» деп атау керек.
Бағыныштылар мен кіші шенділер бастықтар мен аға шенділерге тіл қатқанда олардың әскери атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып атайды. «Аға лейтенант мырза».
в) Қорытынды бөлім – 10 минут. Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Темір тақтада әскери атақтарды құрамына сәйкесінше орналастыру.
2. MytestX бағдарламасында жасалған тест арқылы жаңа тақырыпты қорытындылау
Әскери атақтар суреттерінің ішінен дұрысын таңдау арқылы
Алғашқы әскери дайындық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ М.Сулейменов
Достарыңызбен бөлісу: |