Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен тағдыры. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы



бет39/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы
essay, Анкета рус, Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар, тарих сессия ответы, 1. Этносаралы келісім Р- ауіпсіздігін ныгайту негизи (1), 1. Этносаралы келісім Р- ауіпсіздігін ныгайту негизи (1), 1.1-physical quantities units - cie ial physics-ms
Шетелдегі қазақ диаспорасының тарихы мен тағдыры. Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайы

Жалпы “қазақ диаспорасы” ұғымы өзінің толық мағынасында көпшілік қауымға тек 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында мәлім болды 1993 жылы Алматыда қытайлық тарихшы Нығмет Мыңжан жазған “Қазақтың қысқаша тарихы” деген кітап жарық көріп, оқырманды елең еткізді. Бұл еңбек шеттегі қазақтың арасынан шыққан тұңғыш көлемді кітап болатын. Оқырманның көпшілігі бұл кітапты “Дүниежүзі қазақтарының кітабы” деп қарсы алды. 1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.Құрылтай күн тәртібіндегі Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді талқылады.Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы – халықаралық қоғамдық ұйым. 1992 жылы қыркүйекте өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылды. Қауымдастық президиумының төрағасы — ҚР Президенті Н. Назарбаев, төрағаның 1-орынбасары — жазушы Қалдарбек Найманбаев. Қауымдастықтың негізгі мақсаты — республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу. Сондай-ақ, қауымдастық тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Қауымдастықтың Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда “Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы — Республикалық мәртебесі бар халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол 1992 жылы 29 қыркүйекте Алматы қаласында тұңғыш рет өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылды. Құрылтайға әлемнің 33 елінен 800-ден астам делегат қатысты. Қауымдастық президиумының төрағасы — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, төрағаның бірінші орынбасары — жазушы Қалдарбек Найманбаев болып бекітілді. Әділет министрлігінің алғаш рет 1992 жылғы 2 қарашада, одан соң 1997 жылғы 16 сәуірде қайта тіркеуінен өткен. Қауымдастықтың негізгі міндеті — шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени-рухани, оқу-білім және іскерлік бизнес саласында байланыс жасау. Қауымдастық дүниеге келген уақыттан бері өз Жарғысында белгіленіп бекітілген міндеттер аясында жұмыс істейді






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет