Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы (ХХ ғғ. 40 жж. ІІ жартысы – 50 жж.)



бет79/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы (ХХ ғғ. 40 жж. ІІ жартысы – 50 жж.)

20-жылдардың соңында жеңіске жеткен әміршіләкімшіл жүйе 40-50-жылдарда күшейіп тұрған еді Республикада, бүкіл елдегі сияқты, бір адамның -И. В. Сталиннің жеке басына табыну үстемдік құрды. Қандай табыс болсын, соның басқару қабілетіне байланысты дәріптеліп, кемшіліктер мен өрескел қателіктерге көз жұма қаралды. Осының бәрі Қазақстаның қоғамдық саяси дамуына теріс әсер етті. 40-50жылдардың басында сталинизом идеологиясы әбден асқынды. 1946жылғы наурызда өткен КСРО Жоғарғы Кенесінің сессиясында Жоспарлау Комитетінің төрағасы Н. А Вознесенскийдің төртінші бесжылдық жоспар туралы баяндамасында осы қағида жетекші партиялық бағыт деп жариялады. Көз жетерлік тарихи кезенде коммунизмді орнату болады деген қағида кеңес басшылығы тарапынан жиі-жиі айтылатын болды және ол дайындалып жатқан коммунистік партияның үшінші бағдарламасының жоспарында өз көрінісін табуға тиісті деп есептелді.

Өзгерген өмірдің жаңа талаптарына қарамастан, соғыстан кейінгі кезенде де ауыр өнеркәсіпті бұрынғыдай тез қарқынмен дамыту экономикалық саясаттың басты принцпы болып қала берді. Ал халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі, соғысқа дейінгі кезеңдегідей, екінші кезектегі мәселе болып саналды.

Қазақстан — лагерьлер өлкесі. 30-шы жылдардың өзінде ақ жазықсыз жазаланған, саяси қудалаудың құрбаны болғандарды қоғамнан бөліп ұстау үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналдырылған еді. Олардың ең үлкені Қарағанды лагерьлері жүйесі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдары Қазақстанға көптеген халықтар күшпен көшіріліп келгені белгілі. Олардың қатарында кәрістер, немістер, поляктар, қалмақтар, қарашайлар, балқарлар,литвандар болды. Қазақстанда арнайы жер аударылғандардың ішінде орыстар да аз болған жоқ.

Соғыстан кейінгі он жылдан астам уақыт бойы қазақтың кең сахарасының айтарлықтай бөлігі лагерьлер өлкесі болып қала берді. Соғыстан кейінгі жылдарда республика эканомикасын қайта құру. Кеңес Одағының эканомикасы соғыстан айтарлықтай әлсіреп шықты. Соғыс жылдарында 1710 қала және 70 мыңдай ауыл қирады. Тек қана Беларусьте 300 мың отбасы, ал бүкіл ел бойынша 2 мил. 32 мыңнан астам өнеркәсіп орындары мен 100 мыңнан астам ауылшаруашылық кәсіпорындары орасан зиян шекті, олардың бір бөлігі түгелдей жойылды. Соғыс жылдарында Кеңес Одағы өзінің 27 мил-ға жуық азаматтарыннан айырылғаны белгілі. Өндірістегі жұмыс қолынаң жетіспеуін толтыру мақсатында КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан сан мыңдаған адамдарды босатты. Армия қатарынан бірінші кезекте жасы ұлғайған жауынгерлер және халық шаруашылығы мен мәдениетті қалпына келтіруге аса қажет инженер, мұғалім, ограном, механизатор сияқты мамандық иелері босатылды. 1945-1948 жылдарда армия 8,5 мил. адамға қысқарды. Соғыс қажеттерін өтеп келген Қазақстанның көптеген зауыттарды енді бейбіт тұрмыс өнімдерін шаруаға көшті.

Соғыс зардаптары Қазақстан үшін де жеңіл болған жоқ. Зауоттар мен фабрикаларда, сол сияқты ауыл шаруашылығында жұмыс қолдады жетіспеді. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы демакратиялық жағыдайға 30-жылдардың басында күштеп ұжымдастыруға байланысты қазақ шаруашылардың жаппай аштықтан ққырылуы мен ата-мекендерін тастап, басқа елдерге ауа көшуінің салдары қатты әсер етті. 1946 жылғы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы 1946-1950 жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық туралы Заң қабылдады. Бұл жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениеті дамытуға үлкен мән берілді. Ауыр өнеркәсіптің дамытуына, жаңа темір жол желісін салуға,ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға айтарлықтай қаржы бөлінді.

Қазақстан өнеркәсібінің дамуы көлік жүйесінің кеңейе түсуіне ықпал етті. 1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты-Шу темір жол төсемін салу аяқталды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралінің төсемін салу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл- Шолақтар темір жолымен пойыздар жүре бастады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет