15. ХХ ғғ. 20-30 жж. Қазақстанның әлеуметті-экономикалық дамуындағы ұлттық мәселелер бойынша саяси – идеялардың күресі. Әкімшілік әміршілдік жүйенің құрылуы
Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты кең түрде жүрді. Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер, бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтыған азамат соғысы қазақ даласына да орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында (кей деректерде) аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бір бөлігі еді. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Қоғамдық құрылыстың таптық негізде жіктеу бойынша сипат алуы 1923 жылы 17-22 наурыз күндері Орынбор қаласында болып өткен Қазақ партия ұйымының III конференциясыңда анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің өкілі Е.Ярославский мен Қазақ үкіметі төрағасының орынбасары А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ендігі уақытта ұлттық мүддеге қатысты мәселелерге басымдылық беруден бас тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын көтеру ісіне бұруды талап етті.1920 жылдардың бас кезінде егіс көлемі 20 %-ға кеміп, астықтан алатын өнім үш есеге азайды. Ауыл шаруашылығы саймандары тозып біткен еді. Шаруашылыққа қажетті техниканың жетіспеушілігінің салдарынан Жетісуда 900 шаруашылыққа тұқым себетін бір машинадан ғана келді. Жаңа экономикалық саясатқа көшу қажеттігі, оның ерекшеліктері мен қиындықтары туды. Елде азық-түлік, тұтыну заттары сияқты халықтың күнделікті күнкөрісіне қажетті бұйымдар жетіспеді. Осыған байланысты РК (б)П Х съезінен кейін ендірілген азық-түлік салығын іске асыру біртіндеп жетілдірілді. Бұл бұған дейінгі азық-түлік салғыртына қарағанда әлдеқайда қолайлы еді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда еңбекші халыққа тиімді еді. Осы саясатқа сәйкес жерді жалға беру мен алуға, жалдама еңбекті қолдануға рұқсат етілді. Ауыл шаруашылығында, несие және тұтыну кооперациясын дамыту қолға алынды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немес кооперативтерге жалға берілді. Енді шаруаларға артық азық- түліктерін қалаларға апарып сатуына мүмкіндік беріліп, олардың өзара байланысын нығайтуға жол ашылды. Азамат соғысы және 1921-1922 жылдардағы қайыршылық пен аштық Кеңес өкіметі органдарынан өлкенің 2 млн-нан астам ашыққан халқына көмек көрсету жөнінде төтенше шаралар қолдануды талап етті. Елдегі қиыншылықтарға көмек жасау ретінде Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Декретімен республиканың егін шыққан аудандарының халқы азық-түлік салығынан босатылды. 1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізіліп қазақ, ұйғыр және қырғыз еңбекшілеріне олардан тартып алынған 460 мың десятинадан астам жерді қайтарып берді. Қазақстан бойынша жер реформасын жүзеге асыру кезінде жергілікті жерлерде қателіктер мен асыра сілтеушіліктерге жол берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |