Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


ХХғғ. 70-80жж. Қазақстандағы экологиялық жағдай. Арал қасіреті



бет16/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

16.ХХғғ. 70-80жж. Қазақстандағы экологиялық жағдай. Арал қасіреті

Арал теңізі— Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан ірі көл. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болатұғын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді. Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. 19-ғасырдың ортасында Ресей патшалығы Орта Азия хандықтарының, Арал теңізі мен Әмударияның шекараларына жақындай түсуі бұл өңірде порттар салып, Арал флотилиясының құрылуына әкелді. Ең алғашқы әскери «Николай» шхунасы 1847 жылы Орынборда құрастырылып, Сырдарияның жоғары ағысы арқылы Райым бекінісіне жеткізілді. 1882 жылы 26 қазанда генерал-адъютант Черняев Арал флотилиясын тарату туралы комиссия құрды. 1883 жылы 7 сәуірде комиссия флотилияны жойды. Арал флотилиясының орнына 1888 жылы Әмудария флотилиясын құрылды. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал апатына себеп болған факторлар: жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет