1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және қазақ зиялыларының көзқарастары.
ХХ ғасырда Ресей патша өкіметіне қарсы шыққан көтеріліс – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. 1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанда, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды. Көтерілістің негізгі сипаты – отаршылдыққа қарсы. Қозғаушы күші халық бұқарасы болды. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни жерді тартып алу, салықтардың көбеюі, ұлт араздығын қоздыру, еңбекшілерді аяусыз қанау. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын алу жөніндегі жарлығы түрткі болды. М.Дулатұлы патша жарлығына байланысты: “Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды” - деп жазды. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған үлкен қозғалысты Жетісу облысында-Ж.Мәмбетов,Ұ Саурықов, С Қанаев, Қ.Шорманов, Т. Бокин, Б.Әшекеев; Торғай облысында:Ә.Жанбосынов,А Иманов, Ә.Жангелдин; Бөкей даласында: С.Меңдешев; Ақтөбе облысында:Б Алманов;Сырдария облысында: Т.Рысқұлов; Орал облысында: Ә.Әйтиевтер басқарды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу жерінде көтеріліс шілде-тамыз айында бұқаралық сипат алды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Жетісу көтерілісшілері қырғыз, ұйғыр щаруаларымен күш біріктірді. Жетісу жеріндегі ең ірі көтеріліс ошағы-Қарқара аймағындағы Ереуілтөбеде болды. Верный,Жаркент,Лепсі,Қапал уездеріне қарасты болыстарда ірі көтерілістер орын
алды. 1916 жылғы тамыз айының 21-інде Ташкентте жергілікті қауымның мәжілісіндегі сөзінде Түркістан генерал-губернаторы А Н Куропаткин патшаның маусым жарлығын қандай кедергі болса да іске асырудан бас тартпайтындығын мәлімдеді.Сөзінде тұрған ол «бұратана» халықтардың көтерілісін қанға бояумен ерекше көзге түсті. Дәл осындай көтерілістің ірі ошақтарының бірі - Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. А. Иманов бас сардар болды. 22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылып, қоршау кезінде генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы қалаға қарай үш бағытта бет алды. 1916 жылғы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның ортасына дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалады. Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Доғал-Үрпекте, Батпаққарада, Аққұмда шайқастар болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясына дейін созылды. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны жарты миллионға жуық кеміді. Көтерілістің жеңіліс табуының ең басты себептері-оның бытыраңқылығы,көтеріліс
ошақтарының арасындағы байланыстың жеткілікті деңгейде болмауы,патша үкіметінің қарулы жазалаушы күштерінің басымдылығы еді. Қазақ зиялылары бұл қозғалысқа екі түрлі көзқараста болды,яғни қазақ зиялыларының арасында бірлік болмады. Революцияшыл-радикалды бағыттағы Т Бокин,Ә Майкөтов,С.Сейфуллин,С Меңдешев,Ә Жангелдин құрған тобы қарулы күрес жолын таңдады.Ал ұлттық-либералдық бағыттағы алаш зиялылары:Ә Бөкейханов,М Дулатұлы,А.Байтұрсынұлы бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша үкіметімен тіл табысу жолдарын іздеді,күрестің бейбіт саяси әдістерін жақтады. Кеңес өкіметі жылдарында осы қайраткерлердің осы іс әрекеттері халыққа сатқындық жасағандық деп бағаланып, оларды «халық жаулары» деп айыптауға негіз болған факторлардың біріне айналды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы зор болды,халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуіне,өз еркіндігі үшін күрес жолында кемелдене түсуіне ықпал жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |