Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


жылғы желтоқсан оқиғалары: себептері мен салдары



бет30/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

1986 жылғы желтоқсан оқиғалары: себептері мен салдары.

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар, шовинистік саясат т. б. қалыптасқан жағдайлар наразылықтың негізгі себептері болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д. Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комиетінің бірінші хатшысы болған Г. В. Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және халық мүддесін мүлде елемеушілік болды. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында республика басшылығының ауыстырылуына қарсылық ретінде жастар толқуы басталды. Мұндай наразылықтар басқа қалаларда да өтті. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы горнизоны, басқа да әскери күштер жастар жиналған Брежнев алаңын қошады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінің ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Оқу орнынан 271 студент, комсомолдан 787 адам шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова сияқты жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-сы ақталды. 1987 жылғы КОКП Орталық Комитеті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КОКП ОК-ның желтоқсандағы жастар шеруін қазақ ұлтшылдығы деп кінәлау қате деген қаулы шығарды. КСРО халық депутаттарының I съезінде ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет