Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар



бет32/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар

Дала өркениетінің тарихында ғасырларға ұласқан оқиғалар мен өзгерістер болып отырған. Осындай жағдайда көне дәуірдің мұрасы ретінде қазақтар өзінің негізгі құндылықтарын сақтап қалды. Қазақ халқының тарихи құндылығының бірі – әдеттік-құқықтық жүйе. Әдеттік-құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген қазақ құқығы өзінің реттеушілік мәнін ХІХ ғасырға дейін сақтап келді. Қазақтың әдеттік-құқықтық жүйе- сінің өміршеңдігінің екі себебі болды. Алғашқысы – көшпелі өрке- ниеттің шаруашылық-тұрмыстық негізі, екіншісі дүниетанымдық құндылығын жоғалтпаған қоғамның сұранысы болды. Қазақтың әдеттік-құқықтық ескерткіші – көшпелі өркениеттің мәдени бай- лығы. Ол мыңжылдық тарихымен және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен ерекшеленді. XVIII-XX ғасырлардың бас кезінде қазақтардың арасында жүзге және ру-тайпаларға бөліну одан әрі жалғаса берді. Қазақ халқы үш жүзден тұрды. Олар - Кіші жүз, Орта жүз және Ұлы жүз. Әр жүз бірнеше руға бөлінді, ал рулар өз кезегінде қыруар көп рулық аталықтарды біріктірді. Мұның өзі ру халқы санының өсе түсуіне байланысты болды. Қазақтардың көшпелі өмір салтының өзі де осыны қажет етті. Әр жүздің айқын белгіленген өз аумағы болды. Мәселен, Ұлы жүз қазақтары ежелгі дәстүр бойынша Қазақстанның Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік аймақтарын мекендеді. Орта жүздің үлесін Орталық, Солтүстік және Солтүстік-шығыс Қазақстанның өңірлерін құрады. Ал Кіші жүз бүкіл Батыс Қазақстан аумағында көшіп-қонып жүрді. Діни конфессия, мәдени-тұрмыстық қатынастар жағынан қазақтарда айта қаларлық аймақтық айырмашылықтар да, тілдік диалектілер де болған жоқ. XVIII ғасырдың аяқ кезінде қазақ халқының жалпы саны шамамен 2,5 миллион адамға жуық болған. 1897 жылы Ресей империясында Жалпыға бірдей алғашқы халық санағы жүргізілді. Оның деректеріне қарағанда, сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың саны 3,4 миллион адамға жуықтаған. Дала халқының түгелдей дерлік басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұрды. Қалаларда тұратын қазақтардың саны небары 1,1 пайыздан асқан жоқ. Жаңа заманда қазақтардың едәуір бөлігі Қытайдың, Ресейдің, Монғолияның, Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерінің аумақтарында тұрып жатты.


  1. Қазақстандағы Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісінен кейінгі қалыптасқан түрлі саяси партиялар: «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и -Ислами», «Социал-революциялық», «Конституциялық -демократиялық», «Социал-демократиялық» т.б.

Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. Қазақ съездерін өткізуге ұлт зиялылары белсене кірісті. Бірінші Жалпықазақ съезі 1917 жылы 21-28 шілдеде өтті. Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылды. 1905 жылы басталған Алаш қозғалысы 1917 жылы қайта Алаш партиясы болып жалғастырылды. Партияның негізгі бағыты — реформистік жолмен қазақ елін жаңа белестерге көтеру. Алаштықтардың мақсаты қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру. 1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасынның жобасы басылып шықты. 1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпы қазақтың съезі шақырылды. Онда Алаш орда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болады да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алаш орда үкіметі кеңестік әскерледің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері репресияға ұшырады.

Өздері құрастырған «Үш жүз» партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Партия мүшелері кейде өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп те атады. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Тоғысов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілхайыр Досов, Ысқақ Кабеков, Мұқан Айтпенов атқарды. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ.

«Шуро и Ислами» ислам партиясы. Атауы айтып тұрғандай, партия қоғамдық қатынастарда діни мәселелерге баса маңыз берген. Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды. «Ислам жолындағы кеңестің» ұйымдастыруымен 1917 жылғы қарашада Қоқан қаласында IV төтенше өлкелік мұсылмандар съезі шақырылып, онда кеңестік билікке балама Түркістан (Қоқан) автономиясы құрылғандығы жарияланып, үкіметі құрылды.

Конституциялық - демократиялық партия, кадеттер, “Халық азаттығы” партиясы – 20 ғасырдың басындағы Ресейдегі саяси партия. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Уақытша үкіметтің және оның жергілікті билік орындарының құрамында Конституциялық - демократиялық партияның мүшелері басымдылық танытты. 1917 жылы наурызда болған Конституциялық - демократиялық партия съезінде Бөкейханов сөз сөйлеп, қазақ халқының жер мәселесін көтеріп, оның дұрыс шешілу керектігін алға тартты. Бірінші жалпықазақ съезінен кейін Бөкейханов Конституциялық - демократиялық партия құрамынан шығып, съезд шешіміне орай жалпыұлттық “Алаш” партиясын құру жолына кірісті. Корнилов бүлігі кезінде Конституциялық - демократиялық партия мүшелері Уақытша үкімет құрамынан шықты. Конституциялық - демократиялық партия басшыларының көпшілігі эмиграцияға кетті. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Конституциялық - демократиялық партияны халық жауларының партиясы ретінде айыптады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет