Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы



бет34/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңестер билігі – бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған. 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылған Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестеріболды. 1917 ж. 3 – 24 маусымда Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Съезге бүкіл елдегі 305 Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары кеңестерінен, олардың 53 аймақтық бірлестіктерінен, 34 әскери бөлімнен – барлығы 1090 делегат қатысты. 320 адамнан құралған Бүкілресей Орталық Атқару Комитетін (ВЦИК) сайлады. 1917 ж. 25 қазандағы (7 қараша) Қазан төңкерісін жүзеге асырған қарулы көтерілісті большевиктер Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің екінші бүкілресейлік съезінің ашылуына орайластырды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет