Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Спорт және дене тәрбиесінің дамуы. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері



бет36/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

Спорт және дене тәрбиесінің дамуы. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері.

Спорт және дене тәрбиесi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретiн кездестiрдi Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып отырған. Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер еттi. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер ұйымдастырыла бастады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол кездегi астанасы Орынбор қ-нда дене тәрбиесi нұсқаушылары және ұйымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетiсу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесiн дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өттi. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-ларында да ұйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар футбол, жеңiл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түстi. Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердiң маңызы зор болды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның iшiнде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. 1945 ж. Алматыда дене тәрбиесi ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 ж. Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 ж. бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертiлдi Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады Елiмiзде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған әйгiлi Медеу мұз айдыны (қ. Медеу спорт кешенi) үлкен ықпал еттi. Мұнда көптеген дүниежүз. және құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК “Шахтер”, “Болат”, “Динамо”, т.б.) құрыла бастады. 1976 ж. 21-Олимпиялық ойындарда (Монреаль, Канада) КСРО құрама командасына 14 қазақстандық спортшы 11 спорт түрiнен қатысты. Ал осы жылы өткен Қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан 2 қола медальдi иемдендi. Мәскеуде өткен 22-олимпия ойындарында (1980) 20 қазақстандық спортшы 6 алтын, 2 күмiс және 7 қола медальдi алды. Осы олимпияда ойындарында Ж.Үшкемпiров, Ш.Серiков, т.б. олимпия чемпиондары атанды. 1988 ж. Сеулде (Корея Республикасы) өткен 24-олимпия ойындарында КСРО құрама командасында 30 қазақстандық спортшы қатысты. Олар әр түрлi дәрежедегi 18 медальдi иелендi. Қазақстандықтар 1994 ж. бастап Азия ойындарына қатысып келедi. Хиросима (Жапония) қ-нда өткен 12 ойындарында қазақстандықтар жалпыкомандалық төртiншi орынды иелендi. Олар 77 медальға (оның 25-i алтын) ие болды. 2002 жылы Корея Республикасының Пусан қаласында өткен 14-Азия ойындарында жерлестерiмiз 76 медаль алды. Командалық есепте бесiншi орында болды. 20 спортшы алтыннан алқа тақты. Ұлттық спорт түрлерi де жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда қазақша күрес, тоғызқұмалақ, сайыс, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, жорға жарыс, атан жарыс, асық ату, бестас сияқты спорт түрiнен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өтiп тұрады. Тоғызқұмалақ ойыны Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кейбiр мектептерде пән ретiнде оқытылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет