Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920). Қазревкомның құрылуы және оның мақсаттары



бет58/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920). Қазревкомның құрылуы және оның мақсаттары

1917ж. желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті.Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.

Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақ- станның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті.

Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:-ескі мекмелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;-ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;-төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;-кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;-заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;-кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;-облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;-жерге жеке иелік ету жйылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.

1918ж. Көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрамында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы  Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған  қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды.1918ж. 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.Ресейдегі азамат соғысының өрістеуіне Антанта елдері дем берді де, олардың көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдардан қамауға алды.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет