Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары



бет66/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

Алаш партиясының басшысы Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. ЮНЕСКО Алаш қозғалысының көсемі А.Н.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын атап өту туралы шешім қабылдады.

Әлихан НұрмұхамедұлыБөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публи­цист, ғалым, аудармашы.
1866 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Оны бітірген­нен кейін 1879–1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886–1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890–1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факуль- тетінде оқыды.Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. 1905 ж. Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә. Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде, Дума патшаның үкімімен тараты­лып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кезднгі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә. Н. Бөкейханов да солардың арты­нан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік ду­масының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.

Айта кетейік, қараша айында Парижде ЮНЕСКО бас конференциясының 38-ші сессиясы өтті. Онда Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойын атап өту туралы сәйкес қаулы қабылданды.

Баспасөз мәслихатында Ерлан Қарин ЮНЕСКО шешімі Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның есімін елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде тағы бір паш етуге мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ, ол мерейтойдың Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келуінің маңыздылығына тоқталды.

Е. Қаринның айтуынша, 150 жылдығы келесі 2016 жылы тойланады, мерейтойдың мемлекеттік әрі халықаралық деңгейде аталып өтуін Әзербайжан мемлекеті де қолдаған. Сондай-ақ, ол Әлихан Бөкейханның 145 жылдығы аталып өткенін, оның еңбектері жинақ болып жарық көргенін жеткізді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет