Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


ХХғғ. 20-30 жж. білім және ғылым саласындағы Кеңес үкіметінің қайшылықты реформалары



бет67/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

ХХғғ. 20-30 жж. білім және ғылым саласындағы Кеңес үкіметінің қайшылықты реформалары

Қазақстанды жаңғыртудың кеңестік үлгісі XX ғасырдың 30-жылдарының ортасына қарай, кең ауқымды индустрияландыру үрдісін жүргізудің нәтижесінде республиканың өнеркәсіптік келбетінде орын алған түбірлі өзгерістерге байланысты өнеркәсіп пен көлік құрылысы бойынша жазылған жұмыстар саны айтарлықтай өсті. Қазақстан аймақтарының өнеркәсіптің дамуына қосқан занды үлесі болып табылатын республиканың жекелеген кәсіпорындарын зерттеп білу осы проблемаға қатысты тарихнаманың сипатты белгісі болып табылады 30-жылдардың сонына қарай бұл проблема жөніндегі жұмыстар саны артты, дегенмен ірі монографиялық зерттеулер әлі шыға қоймаған болатын. Ғылыми жұмыстардын негізгі түрін — құнды деректерге сүйене жазылған мақалалар құрады .Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) Қазақстанға қоныс аударған белгілі ғалымдар Д.А. Баевский, С.В. Бахрушин, М.П. Вяткин, Н.М. Дружинин, М.П. Ким, М. Панкратова, А.П. Кучкин, С.В. Юшковтар тарих пен экономиканың өзекті проблемаларын зерттеуде, Қазақстанның тарих ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Олардың тікелей қатысуымен 1943 жылы «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақ КСР тарихы» деп аталатын іргелі еңбек дүниеге келді. Кәсіби тарихшылар катарының аздығына қарамастан, соғыстың соңына қарай Қазақстандағы социализмнің экономикалық негізін жасау проблемасы бойынша зерттеулер санынын өсу үрдісі айқын байқалды [3].Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары аталған проблема бойынша зерттеулер саны өсе түсті, бұл ретте тарихшы-ғалымдар мен қоғамтанушылар республиканың индустриялық өзгерістер кезеңіндегі дамуының жалпы зандылықтары мен ұлттық ерекшеліктерін зерттеуге көңіл аударды. Осы кезең әдебиетіндегі жаңа нақты-тарихи материалдар негізінде «Қазақстанның халық шаруашылығы бүкіл Кеңес Одағы халық шаруашылығының жалпы дамуымен органикалық байланыста, соның негізінде және оның көмегімен дамып, алға жылжи алды» [4]. деген тұжырымға келді.1920 жылдардағы тарихи-мәдени жылнамадан Қазақстанды зерттеу қоғамы мен 1921 жылы ұйымдастырылып, А. Байтұрсынов басшылық еткен Ағарту халық комиссариаты Академиялық орталығының қызметі елеулі орын алады. Олар өз қатарына қазақтардың тарихын, тұрмысы мен мәдениетін зерттеген санаулы ғана ынталы адамдарды топтастырды. Экспедиция қорытындылары бойынша жасалған баяндамалар, хабарламалар Қазақстанның тарихына ғана арналып қалған жок. Онда авторлар халыққа білім беруді, кәсіби өнерді, ғылым мен денсаулық сақтауды дамыту жолдары туралы да мәселелерді көтерді. Қазақ тілінде оқулықтар мен құралдар шығару Түркістан республикасы Халық ағарту комиссариаты Мемлекеттік ғылыми кеңесінің жанындағы Ғылыми комиссияның 1921-1922 жылдардағы ең басты міндеттерінің бірі саналды 1930 жылдар басында халыққа білім берудің, қазақ театрыныңхалық музыкасының тарихы зерделенген алғашқы кітаптар мен кітапшалар пайда болды [19]. Бұл жарияланымдардың авторлары іс жүзінде бұрынғыша партия-мемлекет органдарының қызметкерлері мен мәдениет қайраткерлерінің арасынан шықты. Олар халықты жаппай сауаттандыру бағдарламаларын жүзеге асыруға, білім беру саласының кадрларын даярлау ісіне белсене атсалысты. Қазақстанның театр өнері мен оның қалыптасуының алғашқы қадамдары I. Жансүгіров пен Ғ. Тоғжановтың 1933 жылы жарық көрген «Қазақ ұлттық театры» кітабына арқау болды. 1930 жылдардың ортасында және екінші жартысында Қазақстанның мәдени өмірін зерттеу мен насихаттау мәдени-ағарту және идеологиялық қызмет органдары арқылы жүзеге асырылды,[20]. ал олардың басшыларының көпшілігі көп ұзамай 1937-1938 жылдардағы қуғын сүргіннің құрбанына айналды. 1933-1937 жылдары Қазақстанның Ағарту халық комиссариатын басқарған Т. Жүргеновтің мақалалары мен сөздері, оның ішінде мәдени құрылысқа қатысушылардың I съезінде жасаған баяндамасының негізінде жазылған «Қазақстандағы мәдени төңкеріс» (1935) кітабы сол жылдардағы мәдениет пен білім беру тарихының маңызды құжаттық дерек көзі болып табылады.1930 жылдары тарихи-зерттеу мекемелері мен кәсіби тарихшылар кадрларын даярлаудың ұйымдық құрылымдары қалыптасты. КСРО ҒА қазақ бөлімшесінің тарихи-археологиялық секторы (1932), марксизм-ленинизм институтының қазақ бөлімшесі (1931), 1-коммунистік университет (аспирантурасы бар) өз жұмыстарын бастады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ Қазақ пединститутында (1928) және Қазақ мемлекеттік университетінде (1934) қолға алынды. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің дамуы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде өз жалғасын тапты. 1943 жылы басылған «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақ КСР тарихы...» кітабында, сондай-ақ 1949 жылы шыққан «Қазақ КСР тарихы» (2-том) жинағынын «Кеңестік Қазақстандағы мәдени төңкеріс» тарауында кеңестік жылдардағы Қазақстанның білім беру мен ғылым, әдебиет пен өнер және баспасөз саласындағы тарихи жолдары мен жетістіктеріне алғаш рет жалпы түрде жағымды баға берілді. Ұлы Отан соғысы кезеңінде мерзімдік басылымдар беттерінде партия және кеңес кызметкерлерінің, ғылым мен мәдениеттіңотырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра қазақстандық және Қазақстанға эвакуациямен келген қайраткерлерінің көптеген енбектері жарық көрді. Оқиғаларды көзімен көрген мәдениет қайраткерлері өз еңбектерінде Қазақстанның соғыс жылдарындағы мәдени өмірінің картинасын жаңғыртты [21]. Қазақстан К(б)П ОК жанынан Ұлы Отан соғысы тарихына қатысты материалдарды жинау үшін 1942 жылыкұрылған Комиссия соғыс жылдарының өзінде-ақ жиналған материалдарды жариялай бастады [22]., оларда сондай-ақ соғыс күндеріндегі зиялы қауым қызметінің жекелеген қырлары да көрініс тапты.Сол жылдары бірқатар мазмұнды ғылыми-танымдық зерттеулер жарық көрді, соғыс жылдарындағы мәдениет тарихына қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинаудың бастамасы жасалды, тақырыптың кәсіби тарихнамалық және деректанушылық негізі қаланды. Алайда ғылыми мақалалардың осы заман түсінігіндегі талаптарына барлық жұмыстар бірдей жауап бере алған жоқ және авторлардың қолында кең ауқымды деректемелер де болмады. Баяндап отырған оқиғаның аяқталмауына және соғыс кезіндегі қиындықтарға байланысты, бұл жұмыстарда қорытынды тұжырымдар айтылған жоқ және де құжаттық материалдар қорын молайту, мәдениет тарихын зерттеу міндеттері мен проблемаларын тарихи тұрғыдан зерделеу үшін белгілі бір уақыт кезеңі қажет еді




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет