Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914.ХІХ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы. жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия). Антанта (Англия, Франция, Россия).Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды .Соғыстың себептері:Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:1. 40899244 пут мақта 2. 38 мың шаршы аршын киіз 3. 3 млн. пут мақта майы 4. 229 мың пут сабын 5. 300 мың пут ет 6. 473928 пут балық 7. 70 мың жылқы 8. 12797 түйе алынды 9. 14 мың киіз үй салынды. Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.