ХХғғ.басындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер және урбанизация үрдісі
Ал Қазақстанға келсек, урбанизация үрдісі шеттен жұмыс қолын қанша үгіп-төккенімен, әсіресе, Кеңес Одағы тұсында-ақ өткен ғасырдың 70-жылдары бедерінде айтарлықтай сипат ала бастады. Тың көтеру кезінде ауылшаруашылығы барынша дамығанымен, 70-жылдары ауылдық жерлерде халық саны күрт өсіп, жұмыссыздық бел алғанда жастардың қалаға ағылуы байқалды. Ал қала өнеркәсібі айтарлықтай дамығанымен, жұмыс қолын негізінен ауыл халқынан тартуға империялық билік жол бермей, жұмысшылар мен мамандарды Қазақстаннан тыс жерлерден шақыру үрдісі жалғаса берді. Ауылдан келген қазақ жастарын кәсіпорындарға жұмысқа алған күнде оларға әрі кеткенде жатақхана ғана беріп, бірер жылдан кейін ауылға қайтуға мәжбүр етушілік саясаты жүргізілді. Сөйтіп, қалалар қазақтар мүлде сирек ұшырасатындай болып дамыды. 1986 жылы әйгілі Желтоқсан оқиғасы талаптарының бірі қазақ жастарын жұмысқа алу, тұрғын үймен қамтамасыз ету болғаны белгілі.Ел тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа жағдайға бейімделуге байланысты бұл бағдарлама ұмыт болды. Әрине, бұл кезеңде қалалы жерлерде тұрғын үй салуды өрістетуге елдің мұршасы болмады. Ауылшаруашылығы жаппай қиратылып, тоңалып, ауыл адамдарының тұрмысы қиындаған соң олардың қалаға ағылуы қанша күшейгенімен урбанизация үрдісін реттеу бағытқа алынбадыЖеке аймақта шоғырланған халықтың демографиялық және әлеуметтік дамуы жөніңдегі құңды еңбектің қатарыңда М.Н.Сыдықовтың еңбегі елеулі орын алады. [Оңда Батыс Қазақстан өңірі халқының XIX ғасырдан XX ғасырдың 90-жыддарына дейінгі аралықтағы калыптасу және даму тарихы қамтылып, тұрғылықты халықтың саны мен ұлттық құрылымы мұрағат деректері мен халық санағы есептері негізіңде талданады. Автор бұл еңбегіңде 1920-жылдардың I-жартысы мен ұжымдастыру науқаны тұсындағы халқымыздың тарихыңдағы ақтаңдақтарды ашуға әрекет жасаған
.
Достарыңызбен бөлісу: |