Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы



бет80/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы.

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» жобасы – ХХІ ғасырдағы Қазақстан дамуы болашағын айқындайтын маңызды құжат. ҚР Президенті «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап өткендей, өзінің мәдениетінің, ұлттық кодының бейнесі болып табылатын, «жаңа үлгідегі жаңғыру» қазіргі қоғамда ерекше рөлге ие. «Мәдени мұра» мен «Халық тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарламалардың табысты жүзеге асырылуы, тарихи білім шегінің өрістеуіне мүмкіндік бере отыра, қоғамдық сананың өзгеруіне және мықты әрі жауапты адамдардың біртұтас Ұлтының қалыптасуына бағытталған, іргелі жұмысына алып келді. Біздің елдің қазіргі кезеңдегі дамуы Қазақстанның үшінші жаңғыруы деп сипатталып, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастырады. Экономиканың жаңғыруы сананың жаңғыруымен тығыз байланыста, Қазақстанның әр азаматы, бүкіл елдің дамуының сапалы жаңа деңгейіне өту үшін өзгерістердің қажеттілігін түсінуі керек.

Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы. Бұл ретте, Еобасы тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтті.

1. Бәсекелік қабілет. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады.Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

2. Прагматизм. Бұл өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. Реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына баруы қажет .Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.

4. Білімнің салтанат құруы. Білімнің салтанаты жалпыға ор­тақ болуға тиіс. Технологиялық революцияның беталы­­сына қарасақ, таяу онжылдық уақыт­та қазір­гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс.

6. Сананың ашықтығы. «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі.

Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет