Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, демографиялық және экологиялық проблемалар (ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары)



бет83/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, демографиялық және экологиялық проблемалар (ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары)

Тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 –1960 ж. жүргізілген науқан. Ол 3 кезеңнен тұрады: 1)1954-1955жж. 2)1956-1958жж. 3)1959-1965жж. Тың жерлердің игерілуі жүргізілді: Ақмола, Солтүстік Қазақстан; Қостанай, Көкшетау; Торғай; Павлодар облыстарында. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Басты міндеті: Халықты астықпен қамтамасыз ету және еліміздің астық бағасын тұрақтандыру. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.

Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.



Тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демографиялық жағдайды одан әрі күрделендіріп ,бұрынғы Кеңестер Одағының Еуропалық бөлігі үшін де,Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды.Өйткені,сол кездің өзінде-ақ Одақтың Еуропалық бөлігінде жылдан-жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып,ал біздің республикамызда керісінше өсіп отырған болатын. Осы ерекшеліктер ескерілмей, онсыз да саны кеміп отырған еуропалық аудандардан тек 1954-1962ж ғана Қазақстанға 2млн.астам адам көшіріліп әкелінді.Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің,Украинаның және т.б республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды.Екінші жағынан 20-30-жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы,енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты,1959ж санақ бойынша алатын үлесі 30%-ке дейін төмендеп кетті. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп,қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің,баспасөздің саны күрт төмендеп кетті.3 мыңнан астам елдімекеннің аты өзгертіліп,тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Тың игеру жылдары келген 2 миллионға жуық басқа ұлт өкілдеріне берілген артықшылықтар қазақ халқын менсінбеушіліктің көрінісі болды. Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға,мал жайылымдардың күрт қысқаруына алып келді.Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18млн.га астам жер эррозияға ұшырады.Қалыңдығы 1 см.қара топырақтың қалыптасуы үшін,кем дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді.Жайылым азаюы салдарынан ұзақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды,жылқы 1916ж 4340мың болса,1961ж-1158 мыңға дейін,ал түйе 1928ж санынан 8 есе кеміді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет