Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


жылдың жазында Торғай мен Орал облыстары қазақтарының органдарынаң орталық билік органдары жолдаған петицияны құрастыруға қатысқан. 1907



бет82/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы

1905 жылдың жазында Торғай мен Орал облыстары қазақтарының органдарынаң орталық билік органдары жолдаған петицияны құрастыруға қатысқан. 1907 жылы ІІ Мем­лекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бо­йынша қазақ халқының мүддесін қор­ғап сөз сөй­леген жалғыз заңгер. Б.Қаратаев облыстық атқару комитетінің мүшелігіне өтті және оған юстиция комиссары міндеті тапсырылды. 1907-1916 жылдары ағарту­шылық жұмыстармен айналысып, «Қазақ­стан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмек­теседі. Сол жылы нау­рызда әскери үкімет бүлік ұйым­дас­тырып, облыстық кеңес мүшелерін (ішінде Қаратаев та бар) тұтқынға алды. 1919 жы­лы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облревкомының құрамында ұлттар коллегиясын басқарды. 1919 жылы 24 шілдеде Қаратаев Қазақ әскери ревко­мының мүшелігіне тағайындалды. 1920 жы­лы 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңес­тердің Бүкілқазақстандық І съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АКСР-інің еңбекшілері құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. Қазақ АКСР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің ІІ Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты. Б.Қаратаев сегіз-тоғыз жасында-ақ Ресейдің 1867-1868 жылдардағы  реформаларына қарсылық танытқан өзінің жерлестерінің ашу-ызасын сезінді. Ол елі үшін, халқы үшін бар өмірін сарп етті. Халық жағдайын ойлап жоғарыда отырғандарға да қарсы шыққан кездері де болды. Қай кезеңде де өз халқының қамы үшін маңдай терін төккен, ешкімнен қамықпай, шындықты өмірлік ұстанымы етіп өткен қайраткер.

Дегенмен Кеңес үкіметі органдары тарапынан Б.Қаратаевтың саяси қызметіне бақылау орнатылғаны және қызметінен шеттетілгені де - тарихи шындық. Бірегей тұлғаның ұлт-азаттық көтерілістер және Қазақстандағы азамат соғысы тарихы туралы еңбектері әлі құндылығын жойған жоқ. Оның тұңғыш қазақ заңгері екендігін ескере отырып, республиканың ірі қалаларындағы заң саласы бойынша білім беретін оқу орындарына немесе колледж, мектептерге есімін берсе нұр үстіне нұр болар еді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет