Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ең маңызды оқиға Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы болды. Онда Елбасы еліміздің дамуының басым бағыттары мен ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыру бағдарламасын айқындады Кезектегі Жолдаудың ерекшелігі – ел Президенті «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясын тұжырымдап негіздеді. Мұнда Қазақстанның мемлекеттік сәйкестілігін және халқының бірлігін нығайту үнделген. Ұлттық идея – халықтың, ұлыстың және ұлттың өмір сүру мәнін айқындайтын ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. Ол қоғам ықпалдастығының, тұлғаның әлеуметтенуінің және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің өзіндік теңесуінің зор мүмкіндіктерін қамтитындықтан, мемлекет дамуының әр кезеңінде қажет. Тұжырымдамалық рәсімделген идеялардың, түсініктердің және көзқарастардың жүйесі бола отырып, ұлттық идея мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың өмірін ұзақ мерзімге айқындайтын негізгі идеологиялық тұжырымдаманы қамтитын кең, сонымен қатар, ықшам формула болып табылады. Мемлекет саясаты туралы идеологияның, құныдылықтардың, айқын түсініктің болмауы қауіпті салдарларымен қолайсыздыққа ұшыратады. Себебі адамдар санасындағы ваккум ұлтшылдық, шовинизм, жікшілдік және т.б. идеяларымен толады. Егер ұлт өз рухын сақтап, жетілдірмесе, тәніне бөгде рух кіреді деп тегін айтылмаған. Ұлттық идеяның мынадай белгілері жалпы жұрт қабылдаған болып саналады: ол шағын және түсінікті болуы керек; көру бейне-нышаны болуы және идеологияға сүйенуі керек; тарих, аңыз, әфсаналар арқылы бабаларымызға тиесілі болуы керек; адамға да, қоғамға да, билікке де тиімді болуы керек. Бұл ретте ұлттық идея билік пен қоғаның шоғырлануын қамтамасыз ететін бірлескен жоба ретінде жасалса ғана іске асуға мүмкіндік алатынын көрсете кеткен жөн. Бұл теориялық тұрғыдан негізделген ұлттық идеяны еліміздің басым бөлігі ұғынып, қабылдаған кезде мүмкін. Қоғамды шоғырландыру мен біріктіру, бір мемлекет аясында оның аумақтық және көп этникалық бірлігін нығайту және сақтау мәселесімен соңғы жүз жыл ішінде егемендік алған барлық жас мемлекеттер бетпе-бет кездесті. Көптеген елдердің тәжірибесінде ұлттық идея бір ұмтылыста біріккен ұлттардың өзіндік болмысын іске асыру бойынша қандай да бір қызмет жобасы болды.Бұл жағдайда негізіне екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ұлттық жапондық рух пен жаңа батыс технологиясын біріктіру туралы идея алынған Жапонияның ұлттық идеясының үлгісі анағұрлым айқын болып табылады. Жапондықтарды осы идея төңірегінде біріктіру тек Жапонияның қайта өркендеуіне ғана емес, сондай-ақ, бұл елдің экономикасы жақсы дамыған әлем мемлекеттерінің қатарына енуіне алып келді. Дұрыс тұжырымдалған ұлттық идеяның тімділігін көрсететін тағы да бір жарқын мысал әлдеқашан жетілдірілген ауқымды жобаларды табысты іске асырудың көрнекті үлгісіне айналған, «Азия барыстары» (Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг және Тайвань) болып саналады.Қытайдың жүйелі реформаларды жүргізуде шығыс және батыс тәсілін оңтайлы үйлестіруі де көрнекті мысалдардың бірі. Бүгінде Қытайда экономикалық өсу аясында халықтың ұлттық рухын көтеру және нығайту бойынша белсенді идеологиялық жұмыстар жүзеге асырылуда, осы мақсаттарға қол жекізу үшін үлкен ресурстар бөлінуде. Қазақстан үшін ұлттық идеяның қажеттілігі туралы сұрақ еліміз егемендігін алған алғашқы жылдары туындаған және бұл ғалымдар мен саясаткерлердің көптеген пікірталастарының тақырыбына айналды. Көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан үшін ұлттық идеяны қалыптастыру проблемасы аса өзекті болды. Мемлекеттің келешекті даму принциптері мен мақсаттары тұжырымдалған «Қазақстан -2030» стратегиясы, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы сияқты құжаттар қазақстандық қоғамның ұлттық идеясын қалыптастыруға негіз болды. Дегенмен біз басқа елдердің тәжірибесін ойланбастан қайталамадық. Ел Президенті өз Жолдауларында айтып өткендей, қазақстандық ұлттық идея этникалық тиістілігіне қарамастан еліміздің барлық азаматтарының мүдделерін біріктіре отырып, көп ұлттылыққа сүйенуі керек; қазіргі қазақстандықтардың ділін қамтуы керек; елдің өзіндік ерекшеліктерін және қазақстандықтардың жақсы жақтары мен үздік сапаларын нақты түрде көрсетуі қажет. Сонымен қатар, біздің еліміздің ұлттық идеясы уақыт сынынан өткен қазастандық жол тәжірибесінен туындайтын нақыт құндылықтарға құрылуы керек. Мұның барлығы Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің негізі бола отырып, барлық қазақстандықтар біріктіретін және оларды «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асыруға жұмылдыратын «Мәңгілік Ел» идеясына көрініс тапты. ««Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп айтып өткен Елбасы өз Жолдауында. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпы ұлттық құндылықтар болып табылады