Сабақтың тақырыбы: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары Сабақтың мақсаты



Дата05.02.2022
өлшемі44,32 Kb.
#25356
түріСабақ

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Шәкен ауылы
134 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Оразалы Ерболат Қасымұлы
Сабақтың тақырыбы: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік : Әмір Темірдің империясы , оның басқыншылық жорықтары және көздеген мақсаты туралы оқушыларға толық түсіндіру.
Ә)Дамытушылық : Оқушылардың дүние танымын кеңейте отырып ,іскерлік әрекеттерге баулу аркылы тарихи сана калыптастыру.
Б) Тәрбиелік: Ұқыптылыққа , адамгершілікке , елі мен жерін қорғауға,ел батырларын құрметтеуге,отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі : Баяндау ,сұрақ-жауап ,кестелер т.б
Сабақтың түрі : Интерактивті сабақ
Сабақтың көрнектілігі : Карта ,сурет ,кестелер.
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Үй тапсырмасымен жұмыс
ІІІ.Жаңа сабақ
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту
Ү. Үйге тапсырма беру
ҮІ.Оқушыларды бағалау
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, класты түгелдеу, кластың тазалығын тексеру, сабаққа назар аудару .
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс
1.Моғолстан кай ұлыстың жерінде құрылды?
2.Моғол хандығын этникалық құрамы кандай?
3.Әмір темір жорықтарының қандай зардаптары болды?
«Тірек –белгілері» ойыны
Шарты: Оқушылардың берілген тақырыптарға өз ойларын тірек белгілер арқылы параққа
Белгілейді және оны түсіндіреді .Баяндама сөз, сөйлем болмауы керек.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспары:
1.Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары
2.Әмір Темірдің Моғостан хандығына жорықтары
3.Әмір Темір жорықтарының зардаптары
Әмір Темір –монғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағайбектің баласы. Ол 1336-1405 ж өмір сүрген.
Әмір Темір 1370 жылы Маураннахрды басып алып,35 жыл бойы -1405 жылға дейін жеке-дара билік жүргізген.
Жаулап алған жерлері :
Қырғызстан,Қазақстан; Жетісу , Шығысты Дешті Қыпшақ
Тянь-Шань жерлерін қатыгездікпен жаулап алады.
Алтын Орданы басып алу:
Алтын орданы басып алу үшін Ақ орданы әлсіреті .Оған себеп,ақ орда ханы Ұрыс Алтын Орданың астанасы Сарай қаласынан басып алуға көмектескені үшін Жошы ұрпағы Түй-Қожаны жазалайды .Ал оның баласы Тоқтамыс Темірге қашып барады. Ақ Орданың билікті алуға Тоқтамысқа әскер беріп ,аттандырады.Алайда Сауран түбіндегі 1347-1375 жылдардағы шайкасқа жеңіліске ұшырайды. Дегенмен 1376 жылы Ұрыс ханның дүние салуы , ұлы Тоқтақияның қаза болуы Ақ Орданың жеңілуіне әкеп соқтырды .Әмір Темір Тоқтамысты Сауранда , таққа отырғызды.
Тоқтамыстың Ақ Ордада билік жүргізуі :
Темір әскерлерінің көмегімен Ақ Орданың билеушісі болған Тоқтамыс 1380 жылы Алтын Орданың жерлері –Сарайды ,Қажы-Тарханды,Қырымды ,Мамай Ордасын басып алды.
Тоқтамыс алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойланады,сөйтіп Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартты.
Алтын Орда Темір мен Ақ орданың ұрыс алаңына айналды.
1391 жылы 21 қаңтарда 200 мың әскермен жорыққа аттанды .18 маусымда Құндызша деген жерде Тоқтамыстың әскеріне соққы берді.1395 жылы тағы жорыққа шығып, Алтын Орда жерін бас көтерместей етті .
Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғостанға әскер аттандырды.
1390 жылы Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті.
Әмір Темірдің Қазақстан жеріндегі жорықтарға оның 1405 жылы Отырар қаласында қаза болуымен аяқталады.

  • Халықтардың шаруашылығы мүлде күйреді.

  • Елдер арасындағы байланыс үзілді.

  • Халық қырғынға ұшырады., қолға түскендері құлдыққа айдалып,

  • Орта Азияның калаларындағы базарларда сатылды.

  • Қалалар қирады.

  • Қоныс аударып адамдар көшті.

  • Халықтың халық болып қалыптасу жүйесін бұзды.



ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
1.Әмір Темір деген кім ? Темірдің мемлекеті қай жерде құрылды?
2.Әмір Темір Алтын Ордаға шабуыл жасау үшін кімді пайдаланады?
3.Тоқтамыс хан мен Әмір арасындағы қайшылық неден туды?
4.Әмір Темірге қарсы бүлік шығарушылар кімдермен одақ құрды?
5.Жорықтардың зардаптары қандай болды?
Тарихи бас қатыру
Төменде тарихи тұлғалардың аты-жөні келтірілген.Онда әріптер тәртібі бұзылған .Сонымен бірге әрбір сөзде бас артық әріп бар.Белгілі адамдардың атына сәйкес әріптердің дұрыс тәртібін қалпына келтіру талап етіледі,ал артық әпіпті оң жақтағы қатарға орналастыру керек ,дұрыс орындалған тапсырма тігінен оқығанда тағы бір тарихи адамның есімі оқуға мүмкіндік береді.
Т-ТҚЯОТҚАИТ-ТОҚТАҚИЯ
Е-ЕНЕСЕ-ЕСЕН
М-СМТАҚТМОЫ-ТОҚТАМ
І-КІӘМІЛ-МӘЛІК
Р-ҰСРҰР-ҰРҰС
Фильфорд
(жасырын сөздер)
1.Моғостан
2.Маураннахр
3.Алтын Орда
4.Ақ Орда
Ү.Үйге тапсырма беру
Әмір темірдің басқыншылық жорықтары
Кесте құру
ҮІ.Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет