Елдің саяси жүйесінің құрылымдық бөлігі – Президент, Парламент және Үкімет
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайы[өңдеу]Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com тармақтарына бөлінеді.Заң шығарушы билікті — Парламент, атқарушы билікті — Үкімет, сот билігін — соттар жүзеге асырады. Әрқайсысы Конституция және заң арқылы белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Мемлекеттік биліктің үш тармағы күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісімді байланыста болуы керек. Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып табылады.Президент мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды және тағы баска тұлғалардың Конституция мен заңдардың талаптарын бұлжытпай сақтауын камтамасыз етеді. Президент адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады.2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауы болып өтті. Президент болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кірісті. Бұл салтанатты сәт инаугурация (ұлықтау) деп аталады. Ол 2006 жылдың 11 қаңтарында өтті.Республика Президентіне кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктер Конституция мен "ҚР-ның Президенті туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.Мемлекеттік органдар арасындағы жанжалдарды болдырмаудың елеулі механизмі Президенттің вето (тыйым салу) құқығы. болып табылады. Вето құқығы: "Парламент қабылдаған заңды Президент түзетуге қайтара алады" дегенді білдіреді. Бұл "кейінге қалдырушылық ветосы" деп аталады.Президенттің түзетуге қайтарған мына заңдарын көрсетейік: "Қазақ КСР-дағы меншік туралы" (1990 ж.), "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінін бақылау палатасы туралы" (1993 ж.), "Нотариат туралы" (1997 ж.) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" (2005 ж.) және басқалары. Заңдарды түзетуге қайтарудың себептері: Конституция талаптарына сәйкес келмеуі, заңдарды талдаудың әлсіздігі, құқықтық сараптаманың төмен денгейі, заңдарды өмірде пайдаланудың мүмкін еместігі.Конституцияда Президент өкілдігін шектейтін жағдайлар да көзделген. Президенттің Парламент, мәслихат депутаты болуына, басқа да жалақылы қызмет атқаруына және кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Президент өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партиядағы қызметін тоқтатады. Президент өзінің міндеттерін атқаруы кезінде іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді жөне бұл үшін Қазақстан Республикасының Парламенті оны қызметінен кетіруі мүмкін. Бұл институт импичмент деп аталады.Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Конституцияда көзделген ретте Президент зандық күші бар заңдар, сондай-ақ жарлықтар шығарады. Қазақстан Республикасы Парламентініңқұқықтық мәртебесі Парламент республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады. Ол қос палаталы, тұрақты негізде жұмыс істейтін — Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сондықтан да біздің Парламентіміз кәсіби заң шығарушы орган ретінде қаралады.Сенат әр облыстан, республикалық манызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасынын барлық актілеу органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардын саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізім бойынша сайланады. Парламент өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Сессия бірлескен және бөлек палаталардан, палаталар бюроларынан, тұрақты комитеттерден және палаталардың бірлескен комиссияларынан тұрады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында республикалық бюджет қаралады және бекітіледі, оның орындалуы туралы Үкімет есеп береді.Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі — алты жыл. Мәжіліс депутаттары бес жылға сайланады. Қазақстан Республикасыньың кемінде бес жыл азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі (стажы) бар, тиісті облыстың (яғни оны депутаттық я сайлайтын облыстың), республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.Қазақстан Республикасынын жасы жиырма беске толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Мәжіліс депутаттығына кандидат өзінің тұрақты қайсы жерде тұратын мекеніне қарамастан 67 сайлау округінің қалаған біреуінен дауысқа түсе алады. Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесімен таныса отырып, мынадай жағдайды анықтаудың маңызы зор. Конституция түптегенде нақтылап мыналарды белгілейді:тек қана екі палатаның біріккен отырысында қандай мәселелер қаралады;қандай мәселелер тек кана әрбір палатаның құзыретіне жатады;қандай мәселелерді әрбір палата дербес, яғни басқа палатаның қатысуынсыз қарауы мүмкін;тұтас алғандағы Парламент құзыретіне жататын мәселелер палаталардың бөлек отырысында қалай қаралады.Парламент депутатының мәртебесін көтеру мақсатында депутаттық қызметке арнайы кепілдіктер беріледі.Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын оларға қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда), тиісті палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайдЗаң шығару бастамасы құқығы[өңдеу]