Оқушылар үшін.
Массасы 300г, массалық үлесі 0,04 болатын магний хлоридінің ерітіндісін даярлау үшін 0,2 массалық үлестегі магний хлоридінің және судың қандай массасы қажет? (Жауабы 60г, 240г)
Зертханада массалық үлесі 30% тығыздығы 1,33 г/мл болатын натрий гидроксидінің ерітіндісі бар. Көлемі 250 мл массалық үлесі 14% тығыздығы 1,15 г/л болатын натрий гидроксидінің ерітіндісін алу үшін алынатын ерітінді көлемін анықта (Жауабы 100,9 л)
Күні:
11-сынып
12-сабақ Ерігіштік.
Сабақтың мақсаты Ерігіштік, ерігіштік қисығы, ерігіштік коэффициенті кристалдану және ерігіштікке әсер ететін жағдайлар, ерітінді сұйылтқанда кристалдану ұғымдарына шолу жасап, есеп шығаруға дайындық жасау.
Әдістемелік нұсқау
Қаныққан ерітіндідегі Т = const кезіндегі заттың шамасы сол заттың ерігіштік мөлшерін сипаттайды. Көбінесе ерігіштік 100 г суда еріген заттың массасымен есептеледі; мысалы 20°С-та 65,2 г КВr/100 г Н2О, яғни 20°С-та 70 г калий бромидін 100 г суға салса, тұздың 65,2 г ерітіндіге (қанығатын) ауысады, ал 4,8 г қатты КВr (артықтық) стакан түбінде қалады.
Қаныққан ерітіндідегі еріген заттың шамасы берілген температурадағы оның ерігіштігіне тең, ал қанықпаған ерітіндіде одан көп болатындығын әрқашан есте сақтау керек. Мәселен, 20°С-тағы 100 г су мен натрий сульфатынан NaSO4 (epiгіштігі 19,2 г/100 г Н2О) тұратын ерітінді құрамында:
15,7 г тұз болғанда - қанықпаған
19.2 г тұз болғанда - қаныққан
20.3 г тұз болғанда - аса қаныққан
Температура көтерілгенде, қатты заттардың ерігіштігі көбінесе артады (KBr, NaCl), тек кейбір заттар (CaSO4, Li2CO3) үшін ғана керісінше жағдай байқалады:
Ерігіштік, г/100гН2О
|
Температура, °С
|
|
0
|
20
|
50
|
80
|
100
|
КВr
|
53,5
|
65,2
|
80,8
|
94,6
|
103,3
|
NaCl
|
35,7
|
35,9
|
36,8
|
38,1
|
39,4
|
CuSO4
|
0,176
|
0,206
|
0,180
|
0,102
|
0,066
|
Li2CO3
|
1,54
|
1,33
|
1,08
|
0,85
|
0,72
|
Газдардың ерігіштігі температураны жоғарылатқанда төмеңдейді, ал қысымды көтергенде өседі, мысалы, 1 атм қысымда аммиактың ерігіштігі 52,6 (20°С) және 15,4 г/100 г Н2О (80°С), ал 20°С-та және 9 атм-да- 93,5 г/100 г Н2О.
Достарыңызбен бөлісу: |