Әбдірахманова Жадыра 10 сынып Алтын қима



бет1/3
Дата26.06.2018
өлшемі265 Kb.
#44685
  1   2   3

Сәтбаев қаласындағы

«№ 16 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ
Әбдірахманова Жадыра

10 сынып


Алтын қима

Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік



процестерді математикалық модельдеу

Секция: қолданбалы математика


Ғылыми жетекшісі: № 16 жалпы білім беретін орта мектебінің жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі А.У.Утарова

АЛТЫН ҚИМА

Ж. М. Әбдірахманова

10 А сынып, № 16 жалпы білім беретін орта мектебі, Сәтбаев қаласы

жетекшісі: А. У. Утарова

Мазмұны:


Аннотация......................................................................................................2

І.Кіріспе..........................................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім............................................................................................. 5

1. Алтын қима пропорциясы. Ф және φ......................................................5

2. Алтын қиманың тарихы............................................................................6

4. Пропорцияның құрылымы.......................................................................9

5. Екінші алтын қима....................................................................................10

6. Алтын пішіндер. Алтын тікбұрыш........................................................10

7. Алтын үшбұрыш. ....................................................................................11

8. Алтын бесбұрыш. ....................................................................................11

9. Архимед серіппесі....................................................................................13

10. Фибоначчи сандары...............................................................................13

11. Алтын қима кескіндемеде.....................................................................15

ІІІ.Қорытынды..............................................................................................17

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................18

Пікір..............................................................................................................19



Аннотация

Бұл ғылыми жобада «Алтын қима» туралы мағлұматпен толық танысып, оның қазіргі кездегі қолданысы зерттелген. Зерттеліп отырған жұмыс білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгеруге, интелектіні дамытуды көздей отырып, математикалық іс-әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті зерттеу сапасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ғылыми жоба «Алтын қиманың» қазіргі кездегі музыка, сәулет өнеріндегі қолданысын зерттеу – мәселесі болып табылады. Зерттеу жұмысының жаңалығы - өскелең ұрпақтың біліктілігін қалыптастыруға бағытталған. Нәтижесінде білім алуды жалғастыруға қажетті математикалық саланы меңгереді


Having studied the maintenance of the scientific project on a theme "Gold section", it investigated its applications presently and has got acquainted with its basic theory. Making investigated work, has assessed results of research from the mathematical point of view. Investigated enables to deepen knowledge on the mathematician, to develop intelligence and to use knowledge in a society. This scientific project proves, that " the Gold section " can be used in decisions of problems of area of music, art. Investigation research work it is directed on increase of cognitive abilities juvenile generations. As a result of scientific research the pupil will seize bases of mathematical sciences, expands an outlook and becomes the competitive person in society.


Кіріспе бөлім

Ғылыми жұмыс өмірдің мазмұны мен мақсатына айналғанда ғана жемісті болмақ.



А.Ф.Иоффе

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдында бүкіл адамзаттың құндылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми-тоериялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Соның ішінде ғылыми зерттеу жұмысы – қазіргі заман біліміне сай ғылым болмақ.

Республикамыздың президенті Н. Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең озық 50 елдің қатарына кірігу стратегиясын айқындаған болатын. Сонымен бірге Елбасы Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі бағытындағы басты міндеттерінің бірі- ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші факторы екендігін атап көрсетті.

Ғылыми зерттеу табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды, сондай-ақ еңбекқорлықты талап етеді. Ғылыми зерттеу әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының ғылымға деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Сондай-ақ өз қызығушылығымнан туындаған «Алтын қима» тақырыбын зерделеу, оның қыр-сырларын ашып, ғылым негізінің бір жолына шығару мақсатым болмақ. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.


Мақсаты:

Алтын қима туралы мағлұматпен толық танысып, оның қазіргі кездегі қолданысын зерттеу.

Міндеті:


  • «Алтын қима» тақырыбын зерттей отырып, негізгі теориясымен танысу;

  • зерттеу жұмысын корректі түрде құрастыра білу және зерттеулердің нәтижелеріне геометриялық тұрғыдан баға беру;

Нысаны:

«Алтын қиманы» геометриялық тұрғыдан зерттеу.

Өзектілігі:

Зерттеліп отырған жұмыс білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгеруге, интелектіні дамытуды, математикалық іс-әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті зерттеу сапасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Проблемасы:

«Алтын қиманың» қазіргі кездегі қолданысын және музыка, сәулет өнері, кескіндемедегі қолданысын зерттеу.

Болжамы:

Егер «Алтын қима» туралы мағлұматпен толық таныссам,

онда алған білімімді өмірде қолдана аламын, интеллектілігім және тәжірибелік іскерлігім дамиды.

Зерттеу кезеңдері:



  • «Алтын қиманы» әдебиеттерден іздеу, сұрыптау;

  • «Алтын қима» туралы мәліметтерді қосымша интернет жүйесінен іздеу, жобалау;

  • Табылған мәліметтерді Power Point арқылы суреттеу;

Тәжірибенің әдістемесі:

Қазіргі өмірде әлеуметтік жағдайдың барлық салаларын жан-жақты зерттеу нәтижесінде жасөспірім ұрпақтың жан-дүниесін сол негізде тәрбиелеп, оның бойындағы оянбай жатқан қасиеттерді жандандыру – өмір талабы.

Зерттеу жұмысының жаңалығы:

Өскелең ұрпақтың біліктілігін қалыптастыруға бағытталған жаңа зерттеулердің негізінде білімді жетілдіру талаптарын күрделендіруге негізделген.

Нәтижесі:


  • білім алуды жалғастыруға қажетті математикалық білімді меңгереді;

  • интеллектіні дамытады;

  • математикалық іс-әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау сапасын қалыптастырады;

Алтын қима пропорциясы. Ф және φ

«Геометрия екі ұлы қазынаға ие. Оның бірі – Пифагор теоремасы, екіншісі – кесіндіні шеткі және орта қатынаста бөлу.»
Дұрыс көпбұрыштарға Архимедке дейінгі көне грек

ғалымдары да өте үлкен назар аударған.Пифагорлықтар, өздерінің одақтас әмблемамен таңдаған пентаграммасын – бес бұрышты жұлдызды және шеңберді бірдей бірдей бөліктерге бөлуге арнады. Альбрехт Дюрер Германиядан алып келген дұрыс бес бұрышты құру туралы нақты теориясын Птолемейдің ұлы «Альмагест» шығармасымен одақтастырды.

Дюрердің дұрыс бесбұрышты қолданылу қызығушылығы орта ғасырда арабтық және готикалық оюларда, қамал тұрғызуда және дәрімен атылатын қару-жарақ құрастыруда көрінеді.

Леонардо до Винчи көпбұрыштар туралы көп жазғанымен, тек

қана Дюрер ұрпаққа ортағасырлық құрастыруларды қалдырған. Әрине Дюрер Евклидтің (циркуль және сызғыштың көмегімен тұрғызулар) «Бастамасымен» таныс болған, бірақ өзінің «Өлшеулі басшылығына» кіргізген жоқ. Евклид берілген доғаны үш бөлікке бөлуге тырыспайды, ал бұны Дюрер білген. Бұл тапсырма шешілмейтіндігінің дәлелі ХІХ ғасырда табылған.

Евклид ұсынған дұрыс бесбұрыштың құрылысы ортаңғы және шеткі қатынастағы дұрыс кесінді бөлігін енгізеді, ол нәтижесінде алтын кесінді деп аталып, бірнеше жүздеген жылдар бойы өзіне сәулетшілер мен архитекторлардың назарын аударып келген. [1]

Егер кесіндінің үлкен бөлігінің кіші бөлігіне қатынасы барлық бөліктің үлкен бөлігіне қатынасына тең болса, Е нүктесі АВ кесіндісін орта және шеткі қатынастарда бөледі немесе алтын қима жасайды.

Жазылған алтын қима қатынастарының теңдігі мынандай түрде белгіленеді:

АЕ/ВЕ = АВ/АЕ

Алтын қатынастың АЕ/ВЕ = Ф теңдігіне тең болу үшін, АЕ=а, ал ВЕ= деп аламыз.

Онда

Ф=1+1/Ф


деген қатынасқа тең болады. Яғни, Ф

Ф2-Ф-1=0

теңдеуін қанағаттандырады. Бұл теңдеудің бір ғана дұрыс түбірі болады:

Ф=(+1)/2 = 1,618034...

1/Ф үшін φ=0,618034..., 1/Ф=(-1)/2, яғни (-1) (+1) =5-1=4 екенін ескеріміз..

Ф және φ – гректің жазбаша және баспаша түрі.

Бұндай мағына көнегрек мүсіншісі Фидияның атымен аталған. Фидия

Афинадағы Парфенон храмының құрылысын басқарған. Бұл храмның пропорциясында φ саны көп кездеседі. [3]

Алтын қиманың тарихы
Алтын бөлу туралы түсінікті ежелгі грек философы және математигі Пифагор, өзінің ғылыми күнділігіне енгізген. Пифагор алтын бөлу туралы ілімді мысырлықтар мен вавилондықтардан алған деген жорамал бар. Бұған Хеопс пирамидасының пропорциясы, храмдардың, бетмүсіндердің, тұрмыс заттарының және Тутанхамона моласындағы әдемілеулер куә. Египтік шеберлер осыларды жасауда да алтын бөлуді қолданған. Француз сәулеткері Ле Корбюзье Сети І Абидос фараонның хрмындағы рельефтен және Рамсес фараонын бейнелеуші рельефтен пішіндердің пропорциялары алтын бөлудің шамаларына сәйкес екенін анықтады. Ағаш тақтайдан жасалған молада бейнеленген Зодчий Хесир, алтын бөлу пропорциясы жазылған өлшеу аспаптарын ұстап жатыр.

Гректер де шебер геометрлер болған. Өз балаларын арифметиканы геометриялық фигуралардың көмегімен оқытқан. Пифагордың квадраты және осы квадраттың диагоналі динамикалық тікбұрыштар құруда негіз



болған.





Динамикалық тікбұрыштар

Каталог: conf2009
conf2009 -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі №13 Жезқазған орта мектебі
conf2009 -> Пифагор теоремасының ДӘлелдемелерінің ТҮрлері және қолданылуы
conf2009 -> Алгебралық ТҮрлендірулер
conf2009 -> СИҚырлы шаршылар
conf2009 -> Ғылыми жоба тақырыбы
conf2009 -> Хижра жылын есептеу
conf2009 -> Рационал сандардың шығуы және оның дамуы
conf2009 -> Теріс сандардың дамуы
conf2009 -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі №13 Жезқазған орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет