«Еңбек етсең емерсің»
Дайындаған: Жұмабекова Айжан Орынқұлқызы
Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Еңбек етсең емерсің»
Тәрбие сағаттың мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбие сағаттың міндеттері: - еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; - еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; - еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Амандасу Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз, Қонақтарды көргенде, Сәлеметсіздер ме! – деп Сәлемдесіп аламыз.
Кіріспе сөз:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі белгіленді, ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.
Осы жылы Еңбек күні бірінші рет мерекеленгелі отыр, оның негізгі мақсаттары – Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.
Бұл күнге арналған мерекелік шаралар Қазақстанның барлық облыстарында, Астана, Алматы қалаларында өткізіледі.
26 сентября 2014 жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласында Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай» форумы ашылады.
Шараларды ұйымдастырушылар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы болып табылады.
Форум барысында экономиканың әртүрлі салаларында еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсартуға салмақты үлес қосқан кәсіпқойларға құрмет көрсету болып өтпек.
. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын. Шаттық шеңбері Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, бүгінгі күнге тілек айтылады.
Жақсы бала еңбекшіл Таза бала мұнтаздай, Ер азамат болады. Сүйсінеді қараған Қиындықты жеңіп кіл, Ұқыпты деп бұл қандай Құшағы гүлге толады. Жақсы көрер бар адам дей келе тәрбие сағатымызды бастайық.
Ой шақыру Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын айқындау. Сөзжұмбақ шешейік.
1. Қасиетті сан.
2. Қателігіңді түсінген кезде айтатын сөз.
3. Біз өткен тақырып « ............ мен сауап»
4. Үлкенге - ..........., кішіге – ізет. (құрмет)
5. Аптаның соңғы күні.
Әңгімелесу Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Еңбек етсең емерсін».
Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі.
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
«Еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Ө.Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» атты өлеңін рөлдік орындаулар арқылы үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ) оқиды. Осыдан кейін оқушылар «Нан дастарқанға қалай келеді?» деген сұрақ аясында сөйлейді.
Сергіту сәті 1. Денеге арналған жаттығу 2. Көзге арналған жаттығу
Шығармашылық жұмыс Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейді.
1 – тапсырма: Мақал – мәтел кітапшасын жасау тапсырылады. Оған еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіреді.
2 – тапсырма: «Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме құрастыру.
Қорытындылау - Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кез де келді. Ендеше, біз «Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз.
Енді осы ырымды жалғастырып, кішкене жүрекшелерге жазып, балалар бір – біріне бата береді. Мысалы: - Руслан, еңбегің жемісті болсын! - Гүлім еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта. - Ерсағын, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын. - Сабина, өмірдегі тірегің еңбек болсын, - Аружан «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма. Жүректен – жүрекке осылайша жалғаса береді.
Еңбек ет те міңдет ет.
Еңбекке бейім болсаң,
қатарыңнан кейін болмайсың.
Еңбекке ебі жоктың елдікке себі жоқ.
Еңбекке жастан, өнерге бастан.
Еңбеккердің ұйқысы аз.
Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқьдан қирап тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |