Сабақтың тақырыбы «Тағам және сусын» тақырыбын зерттеу дәмханада төлем жасау. Монеталар сомасы
Дата 23.08.2017 өлшемі 462,37 Kb. #25367 түрі Сабақ
Пән: Математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Ақшаны пайдалану
Мектеп:№ 1 Т.Әлиев атындағы орта мектеп ММ-сі
Күні : 29.03.201 7 ж.
Мұғалімнің аты-жөні: Бекгалиева Г
Сынып : 1Ғ
Қатысқандар саны:22
Қатыспағандар саны: 0
Сабақтың тақырыбы
«Тағам және сусын» тақырыбын зерттеу – дәмханада төлем жасау. Монеталар сомасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.1.2.12 Белгілі бір соманы монеталармен төлеуді түсіну
Сабақтың мақсаттары
Монеталармен белгілі бір соманы құрастыру ;
«Тағам және сусын» тақырыбын қарастырып, төлем жасау үшін тағамдардың бағаларын анықтап, белгілі соманы төлеуді түсіну.
Жетістік критерийлері
Әртүрлі монеталардың номиналды құнын таниды және белгілі бір соманы төлеуде дұрыс қолдана алады.
Сөздікқор
Монета, сома, ақша, теңге, номинал, баға, төлеу.
- Азық-түлік сатып алу үшін бізге ақша керек.
- Қымбат емес заттарды сатып алу үшін, біз монеталарды қолданамыз.
- Қанша тұрады?
-Төлем жасау үшін … монеталардықолданамын.
- … қайтарамын.
Құндылықтардыдарыту
Ас-тағамдықұрметтеп, кие тұтуғатәрбиелеу.
Пәнаралықбайланыстар
Қазақ тілі және әдебиеті
Алдыңғы меңгерілген білім
Монеталардың номиналды құны
Сабақбарысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру
ОМ анықтап алу
Баға деген не екенін;
монеталардан қажет соманы қалай құрастыруды үйренесің.
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңін өткізу.
«Менің орным қайда?» ойыны
Әр оқушының қолында монетаның бір түрі ғана болады.Нұсқау бойынша оқушылар өз тобын және өз орнын табу керек.
Сыныптың әр жерінде 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 50тг 100тг деп жазылған кеспеқағаздар ілінеді.
Шарты: «Құны ең кіші монеталар» -1 тг
20 тг мен 5 тг арасында орналасатын монета- 10тг
«Құны ең үлкен монета» -100тг
«10 тг жартысы болатын монета»- 5тг
«жартысы 10 тг болатын монета» 20 тг
«1тг кейінгі орында тұратын монета» -2 тг
«100тг жартысы болатын монета»- 50 тг
Сабақтыңортасы
(Ұ)
Балалар бүгін біз қазақ тілі сабағында дәмханаға бардық. Дәмханадан тапсырыс беріп тағам іштіңдер.
Қазір сендер дәмхана барып тапсырыс берген тағам түрлерінің сомасын төлеуді үйренесіңдер.
«Сома» дегенді қалай түсінесіңдер?
«баға» дегеніміз не?
Берілген соманы түрлі монета арқылы шығарып көрейік.
(ЖЖ) Белгісіз монеталар
Мысалы біз дәмханадан 68 тг тұратын самсаны алып жедік делік.
Қазір қолдарыңдағы монетаны қолдана отырып 68 тг шығару үшін мынандай комбинациялар жасауға болады.
50тг+10+5 тг+2 тг+1 тг=68 тг немесе
20 тг +20тг+20тг - 3 монет +2 тг-4 монета алса болады
(Т)Оқушыларды 4топқа топтастыру.
(ЖЖ) Алдымен сабақтың мақсатын, содан соң «Тағам және сусын» ортақ тақырыбын естеріне түсіріп, айтуды сұрау.
- Азық-түлік сатып алу үшін бізге не керек?
- Қымбат емес заттарды сатып алу үшін, біз нені қолданамыз?
-Олай болса, монеталарды қолданып азық-түлік сатып алып көріңдер( әр оқушыға әртүрлі заттар тарату). Дәптерге жазыңдар. Оқушылардың жұмысын бақылау арқылы бағалау.
Бір дәптердің бағасы – 22 тг болса, оның қандай монеталар төлеп, сатып алуға болады?
20 +1+1
20+2
10+10+2
10+10+1+1
5+10+5 +2
Бағасы 35 теңге
Бағасы 42 теңге
(Т) Мысалды ұсыну: «Аналарың сендерді дүкенге барып, нан алып келуді сұрады. Нанның бағасы – 60 теңге ».
- Нанды сатып алу үшін қандай монеталармен төлейсіңдер?
Әр топтың нұсқасын тыңдау.
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Бағасы 58 теңге
Мына суреттегі құрт қанша тұрады? (Суретті іліп қою). Құртты сатып алу үшін, сатушыға қандай монеталар бересіңдер?
Өзара тексеру.
(ҚБ)
Презентация
Тағамдар модельдері және суреттері ;
баға жазылған кеспеқағаздар; құны 1тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг, 50 тг, 100 тг монеталар .
Жұптық,өзіндік жұмысқа үлестірмелі карточкалар
Сабақтың соңы
Сабақта нені үйрендік?
Белгілі бір соманы жинау дегенді қалай түсінесіңдер?
Баға деген нені көрсетеді?
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қиналатын оқушыларға соманы жинау үшін комбинациялар құруға көмектесу үшін, оқушылардың қасына барып, жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету.
Оқушылардың жұмыстарынбақылау арқылы, кері байланыс беру арқылы бағалау.
Сергіту сәтін өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: