Еңбек гигиенасы кафедрасының меңгерушісімен бекітілді



бет1/4
Дата22.08.2017
өлшемі0,63 Mb.
#24526
  1   2   3   4












С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ КАФЕДРАСЫ

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ




Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау

Кафедра: Еңбек гигиенасы

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Курс: 5
Пән: Өндірістің зиянды факторларының гигиеналық сипаттамасы


Құрастырған: Еңбек гигиенасы кафедрасының ПОҚ

Алматы 2012


Кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № от « » 2011ж.




Еңбек гигиенасы кафедрасының меңгерушісімен бекітілді


М.ғ.д, профессор _________________Тоғызбаева К.К.

Кредит № 1.

1.Тақырып №1. Өндіріс орнындағы метеорологиялық жағдайлар.

2. Сабақтың мақсаты: Өндіріс орнынында метеорологиялық жағдайды зеттеу және микроклиматты нормалау іс-шараларын дамыту, өндіріс орнындағы метеорологиялық жағдай туралы ұғым бойынша білімділікті және іскерлікті қалыптастыру.


3. Оқыту міндеттері:

1. Өндіріс микроклиматының параметрлерін өлшеу ерекшеліктері бойынша білімділікті қалыптастыру.

2. Ағзаның жылу реттеу қызметінің жағдайын талқылауға мүмкіндік беретін физиологиялық зерттеу бойынша білімділікті қалыптастыру.

3. Өндірістік микроклиматты нормалайтын факторларды (жылдың кезеңі, орындалатын жұмыстың ауырлық дәрежесі, жылудың айқын артық көлемі ) зерттейтін әдістер бойынша білімділікті қалыптастыру.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.

1. Өндіріс ортасы микроклиматының гигиеналық мағынасы.

2. Ауа температурасы. Жылулық (инфрақызыл) сәулелену.

3. Ауаның ылғалдылығы.

4. Ауаның қозғалысы.

5. Жылу реттеу туралы түсінік. Жылу беру.

6. Өндіріс микроклиматының жұмысшылардың денсаулығына әсері.

5. Оқыту және жүргізу әдістері:

Тәжірибелік сабақты талқылау және орындау. Ситуациалық, тесттік тапсырмаларды орындау, жазбаша жауап беру, іскерлік ойындар.

Жұмыс:

1 Тапсырма Ауа температурасын анықтау



Әдістеме:

Ғимараттың температуралық режимін анықтау үшін ауа ауа температурасын үш нүктеде өлшейді: сыртқы қабырғадан(қабырғадан10см), ортасынан және ішкі қабырғадан (қабырғадан 10см). Өлшеуден еденннен 0,1-1,5 м деңгейінде жүргізеді. Алынған мәліметтерді хаттамаға енгізеді және тігінен және көлденеңінен температураның төмендеуін талдайды.

2 тапсырма Ауаның ылғалдылығын анықтау

Әдістеме: Ассман психрометрі 2 сынапты термометрден тұрады, біреуінің резервуары бәтеспен жабылған. Бәтіс ауаның ылғалдылығын анықтамас бұрын, ылғалды термометр резервуарын суға батырады. Сосын желдеткішті электр жүйесіне қосады немесе сағаттық механизмді кілтпен оталдырады. Термометр көрсеткішінің есебін құрылғыны қосқан соң, 3-4 минуттан кейін жүргізеді, яғни, ылғалды термометрдің температурасы ең аз температураға жеткенде. Құрғақ және ылғалды термометрдің көрсеткішін психрометрлік кестенің. көмегімен анықтаған соң, ауаның біршама ылғалдығын анықтайды.

3 тапсырма Өндіріс ғимаратының атмосфералық қысымын анықтау.

Әдістеме:

Барометр жұмыс жағдайына келтіріледі- көлденеңінен шкаласы жоғары қарай. Құрылғы шкаласына бағытталған бағыттауыштың орналасуына қарай есеп беріледі.Құрылғының шкаласына өзгертулер енгізіледі және атмосфералық қысымның мм.рт.ст. бойынша сандық есебі алынады.

6. Әдебиет:

Негізгі:


  1. Алексеев С.В., Усенко В.Р. – Гигиена труда (учебник). – М., Медицина, 1988, б. 576.

  2. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда (под ред. Кириллова В.Ф.). – М., Медицина, 2001, б. 399.

  3. Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. М-Медицина-2008 – б.

Қосымша:

  1. Гигиенические критерии оценки и классификация условий труда по показателям вредности и опасности факторов производственной среды, тяжести и напряженности трудового процесса. – Р. 2.2.755-99, АДЗ РК №1.04.001-2000, Алматы, 2000 г.

  2. Российская энциклопедия по медицине труда (под ред. Н.Ф. Измерова) – М., Медицина, 2005, 548-552 б.

  3. Санитарно-эпидемиологические требования к проектированию производственных объектов. Приказ МЗ РК от 08.07.2005 г., № 334.

  4. Приказ МЗ РК № 841 от 03.12.2004 г. – Гигиенические нормативы «ПДК и ОБУВ в воздухе рабочей зоны».



7. Бақылау сұрақтары.

1.Өндіріс микроклиатыны жайлы түсінік, оның көрсеткіштері.

2.Өндіріс ғимаратындағы микроклимат көрсеткіштері неге байланысты.

3.Өндіріс микроклиматының жіктелуі.

4.Жылуреттегіш туралы түсінік.

5.Төмен температураның адам ағзасына әсері.

6.Жұмыста қызған және салқын климатын жағдайындағы аккимитизация және адптация.

7.Өндіріс микроклиматының дені сау жұмысшыларға әсері.

8.Жағымсыз микроклимат жағдайындағы кәсіби факторлардың жұмысшыларға комбинирленген әсері.

9.Микроклимат параметрлерінің жұмыс ауырлығымен байланысы.


Тесттік бақылау сұрақтары.

1.Жылулық (инфрақызыл) сәулеленуге жатады

А) радиоактивті сәулелену

Б) ультрадыбыстық тербеліс

В) қысқы ултракүлгін сіулелену

Г) ұзындығы 0,76—дан 540 дейінгі көрінбейтін электромагниттік сәулелену

Д) барлық жауаптар дұрыс

2.Инфрақызыл сәулеленудің көздері

А) тербелістегі дене

Б) кез-келген қыздырылған дене

В) кез-келген салқындатылған дене



3.Жылубөлудің қарқындылығы өлшенеді

А) дБА


Б) 0С градуспен

В) КГМ


Г) вт/м2

Д) ГЦ


4.Жылу бөлу мына мөлшерден асатынцехтар ыстық цехқа жатады

А) 50 Дж/м3

Б) 10 Дж/м3

В) 23 Дж/м3

Г) 40 Дж/м3

Д) 100 Дж/м3

5. Жылуреттеу- бұл

А) Жүйке-эндокринді жүйені реттейтін, жылу беру және жылу түзілу процесстерінің өзара байланысы

Б) жылутүзілуді реттеу

В) химиялық жылуреттеу

Г) жылуалмасуды реттеу

Д) физикалық жылуреттеу



6. Жылуберу мына жолмен жүзеге асырылады

А) адам денесінің жылу сәулеленуі

Б) конвенция

В) өткізу

Г) булану

Д) барлық жауап дұрыс

7. Жылуреттеудің негізгі орталықтары орналасқан

А) мидың маңдай бөлігінде

Б) бас ми қыртысында

В) мидың желке бөлігінде

Г) алдыңғы және артқы гипоталамус

Д) барлық жауап дұрыс



8.Ауаның жоғары температурасы әкеледі

А) ағзаның сусыздануына

Б) минерал тұздарын жоғалтуға

В) суда еритін витаминдердің жоғалуына

Г) бұлшықеттің ашуына

Д) зат алмасуының артуна



9.Айқын гипертермия көрінеді

А) күн соққысымен

Б) жылу соққысымен

В) катарктамен

Г) электрофтамиямен

Д) барлық жауап дұрыс



10.Қандай инфрақызыл сәуле ағзаға айқын әсер етеді

А) қысқатолқынды

Б) ұзынтолқынды

В) интермигигиттерлеуші

Г) локальді

Материалды меңгеруге арналған ситуациялық есептер.

Есеп №1.

Кондитер фабрикасының кешенді тексерісінде иристі-кәмпитті цехте карамель помадасы мен ирис массасының қайнауы көп мөлшерде жылу және бу бөлінуімен өтетіндегі анықталды. Вакуум аппараттың сыртқы беткейінің тепмпературасы 65-90 % С құрайды. Жазда цехтегі ауа температурасы 35-40 % С жоғарылайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 83 пен 94 % арасында. Ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,1-0,3 м/с. Аппартшы жұмысы II а орташа ауырлық категориясына жатады.



  1. Цехтағы микроклимат жағдайын бағалаңыз.

  2. Метеофакторды зерттеу мен аппаратурасы

  3. Алдын алу шаралар нүктесін ұсыныңыз.

Есеп №2.

Жануарлар кутетін кешен тексерісі нәтижесінде (110 мың шошқа басы бар) жұмысшылар мал жемін тиеп шығаруды қолмен жүзеге асыратындағы анықталады. Жұмыс ауысымы бойы әр жұмысының көтеріп қозғалтатын жүктің салмағы 7600 кг құрайды. Қыста кешеннің бөлмесіндегі ауа температурасы 6-8 ° С болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80 % . Ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,7 м/с. Кей жұмысшыларда тендовагинит ауруымен сырқаттанушылықтың жоғары деңгейіне назар аудартады.



  1. Кешен жұмысшыларының еңбек жағдайын бағалаңыз және алдын алу шараларын белгілеңіз.

  2. Өндірістік микроклиматты зерттеу әдістерін сипаттаңыз.

Есеп №3.

Балық консервілейтін зауыттың кешенді тексерісі нәтижесінде балықты тоңазытқыш камераларға тиеумен бір топ әйелдер айналысатындығы анықталды.балық бір дөңгелекті арбамен тақтайлармен тасымалданады, жүк салмағы 50 кг жұмысшының еңбегі тоңазытқыш камерадан тоңазытқыштың ашық платформаларына ауысуымен өтеді. Тоңазытқыш камераларында ауа температурасы 18-20 ° С. Салыстырмалы ылғалдылық 80-90 %. Ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,2 м/с құрайды.



  1. Әйелдердің еңбегінің жағдайына баға берпғ алдын алу шараларын белгілейміз.

Есеп №4.

Тігін фабрикасының бояу цехында матаны қайнату және баяу жүргізіледі. Негзгі қоңдырғы – механикалық ванналар, онда арнайы ерітінділер құйылған және мата оралған барабандар матрылады. Ерітінділер температурасы 90-100 ° С матаны қайта шығару жне су құю меөанизаияланған. Жұмыс жеңіл категорияға I б жатады. Қондырғы сыртқы беткейінің және бу өткізгішініңтемпературасы 55-60 ° С. Цехтың метеорологиялық жағдайы зерттеу барысында жаз айларында жұмыс орнының ауа тепмературасы +32-40 ° С құрайды, ылғалдылығы 73-80 % ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,3-0,5 м/с. Цех жұмысшыларының физиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша келесідей мәліметтер анықталады:



    • Дене температурасы 37,2 °С (36,6°С)

    • Маңдай түсі температурасы 35,2 ° С (33,4 °С )

    • Пульс жиілігі минутына 104 рет (74)

    • Систолалық артерилды қысым 113 (122)

    • Диастолалық 63 сын.бағ бойынша (82).

1. Микроклиматтық жағдайға баға беріңіз, микроклиматтық параметрді өлшеуге қолданылатын аспаптарды атаңыз.

2. Жұмысшының денсаулық жағдайына талдау жасап, еңбек жағдайын жақсарту шалаларын ұйымдастырңыз.


Есеп №5.

Металлургиялық зауыттың болат балқыту цехінде болат балқуы 1600 ° С температурада жүзеге асырылады. Бөлмеде жылу бөлінуі өте айқын. (Сәулелі жылу бөлу 80% құрайды). Мартен пештерінің сыртқы беткей температурасы 120-дан 250 ° С жетеді, пештің қасындағы жұмыс алаңы еденнің температурасы 150 ° С. Болат балқытушы жұмысшылардың еңбегі ауыр категорияға (III) жатады. Метеорологиялық жағдай зерттеуінде жқмыс алаңындаы ауа температурасы 23-35° С, қыста ауа температурасы -15 ° С. Көп уақыт бойы инфрақызыл сәулелену 2100-2800Вт/м2 арасында болады. Салыстырмалы ылғалдылық 42-65 %, ауа душтары болғанымен ауа қозғалысы жылдамдығы 1,2 -2,0 м/с. Медициналық тексерісте анықталады: жұмыс өтелі(станс) жоғары жұмысшылардың 22,8 % миокард дистрофиясы анықталды( 7,8 % бақылау тобында); артериалды қысымның жастық нормативтерден ауытқуы келесідей: 17,3%-інде гипертенция (бақылау тобында 10,2%), 100/60 сын. бағ бойынша гипотония және одан да төмен көрсеткіштер 20,6 % (бақылау тобында 7,2%) анықталады.

1.Микроклиматтың жағдайға баға беріңіз, микроклиматтың параметрлерінін өлшеуге арналған аспаптарды атаңыз.

Есеп №6.

Фабриканың тігін цехінде ауаны кондиционерлеу жүйесі қолданылады. Цехтің микроклиматтың зерттеуі бойынша жылдық жылы мезгілдерінде ауа температурасы +23, салыстырмалы ылғалдылық 50 %, ауа қозғалыс жылдамдығы 0,2 м/с.



  1. Микроклимат параметрлеріне гигиеналық баға беріңіз.

Есеп №7.

Мартен пешіндегі болат қайнатушының жұмыс орнындағы ауа температурасы дайын болатты шығарғанда 38 ° С құрайды, салыстырмалы ылғалдылық 30%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,8 м/с, инфрақызыл радиацияның қарқындылығы 7 кап/см2 минутына.



  1. Дайын болатты шығарған уақытта жөмысшы ағзасының жағдайы қандай болады? Жауапты дәлелдеңіз.

  2. Жұмыс жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қолданасыз?

1.Тақырып №2 Өндірістік желдету

2.Сабақ мақсаты: Өндірістік желдетуді қолдану бағыттары мен негізгі принциптері туралы және желдетудің орны және қолайлы өндірістік орта қалыптастыру шаралар жүйесі жөнінде білімділікті және іскерлікті қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

1. Өндірістік желдету жұмысын жақсарту шараларын зерттеу бойынша білімділікті және іскерлікті қалыптастыру.

2. Желдету жүйесінің жұмысының тиімділігі мен жалпы жағдайына санитарлық бақылау жасау дағдысын қалыптастыру.

3. Желдету жүйесінің тиімділігін анықтап баға беру дағдысын қалыптастыру.

4. Санитарлық нормалар мен ережелерді қолданып, желдету жұмысына гигиеналық қорытынды беру дағдысын қалыптастыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:


  1. Өндірісік желдетудің тағайындалуы

  2. Желдетудің ауа алмасуды ұйымдастыру бойынша және тағайындалуы бойынша жіктелуі

  3. Аэрация және оның маңызы

  4. Жергілікті қоршаулардың түрлері және олардың жұмыс тиімділігіне баға беру

  5. Істеп тұрған желдету жүйесін зерттеудегі санитарлық қадағалаудың жұмысы

  6. Сормалы жүйелермен ауаны алу орындарын және үрмелі жүйемен ауаны шығару орындарына қойылатын гигиеналық талаптар

5. Оқыту және жүргізу әдістері:

Тәжірибелік сабағын орындау және талқылау, ситуациялық және тестілік тапсырмаларды орындау, жазбаша сұраққа жауап беру.



6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Алексеев С.В., Усенко В.Р. – Гигиена труда (учебник). – М., Медицина, 1988, б. 576.

2.Руководство к практическим занятиям по гигиене труда (под ред. Кириллова В.Ф.). – М., Медицина, 2001, б. 399.

3.Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. М-Медицина-2008 – б.



Қосымша:

4.Гигиенические критерии оценки и классификация условий труда по показателям вредности и опасности факторов производственной среды, тяжести и напряженности трудового процесса. – Р. 2.2.755-99, АДЗ РК №1.04.001-2000, Алматы, 2000 г.

5.Российская энциклопедия по медицине труда (под ред. Н.Ф. Измерова) – М., Медицина, 2005, 548-552 б.

6.Санитарно-эпидемиологические требования к проектированию производственных объектов. Приказ МЗ РК от 08.07.2005 г., № 334.

7.Приказ МЗ РК № 841 от 03.12.2004 г. – Гигиенические нормативы «ПДК и ОБУВ в воздухе рабочей зоны».

7.Бақылау сұрақтары:


  1. Желдету жөнінде түсінік, желдеткіш қондырғысы және желдету жүйесі жөнінде түсінік.

  2. Өндірістік орындағы табиғи желдету. Аэрация

  3. Механикалық желдету

  4. Механикалық сормалы аэрация үшін қондырғылардың сипаттамасы

  5. Центробежьды және осьті желдеткіштер

  6. Желдеткіш жертемен берілетін және сыртқы шығарылатын ауаны тазарту жүйелері

  7. Жергілікті ағымды сормалы желдету

  8. Жалпы желдету түрлері

  9. Үрмелі желдеткіштердің құрылысы

  10. Ауаны кондиционерлеу

  11. Желдетуге санитарлық-гигиеналық талаптар

  12. Желдету қондырғылардың шуы мен дірілін төмендету әдістері

  13. Көп мөлшерде жылу бөлумен жүретін бөлмедегі желдету

  14. Көп мөлшерде ылғал бөлінетін цехтарды желдету

  15. Токсикалық газдар мен буланумен жүретін бөлмелердегі желдету

  16. Шаңмен күресудегі желдету

  17. Желдетуге ағымды санитарлық қадағалау

  18. Желдетуге сақтық санитарлық қадағалау

  19. Өндірістік бөлмелердегі желдету жүйесіне бақылау жасауды ұйымдастыру



Тестік бақылау сұрақтары:

1.Желдету дегеніміз:

а) Жұмыс алаңдарында көрсетілген ауа жағдайын қалыптастыруға қажет жасалатын шаралар мен қондырғылар жиыны.

б) Ауаны беру және шығару үшін жасалған бір агрегатқа жиналғн қондырғы.

в) Ортақ жұмысқа арналған түрлі қондырғылар жиыны.

г) Жұмыс алаңдарында көрсетілген температуралық режимді қалыптастыру үшін қажет қондырғылар жиыны.



2.Ауаны кондиционерлеу бұл:

а) Жұмыс алаңдарында көрсетілген ауа жағдайын қалыптастыруға қажет жасалатын шаралар мен қондырғылар жиыны.

б) Ауаны беру және шығару үшін арналған,бір агрегатқа жиналған қондырғы.

в) Ортақ жұмысқа арналған түрлі қондырғылар жиыны.

г) Жұмыс орнында берілген микро-климат параметрлерін жасау және автоматты түрде өзгерту.

3.Желдету қондырғысы бұл:

а) Жұмыс алаңдарында көрсетілген ауа жағдайын қалыптастыруға қажет жасалатын шаралар мен қондырғылар жиыны.

б) Ауаны беру және шығару үшін арналған

бір агрегатқа жиналған қондырғы.

в)ортақ жұмысқа арналған түрлі қондырғылар жиыны.

г)жұмыс орнында берілген микроклимат параметрлерін жасау және автоматты түрде өзгерту.



4. Микроклимат, тазалық, ауаның қажет параметрлері ең алдымен ненің көмегімен жүзеге асырылады:

а) технологиялық процестің автоматизациялануы арқылы

б) технологиялық қондырғының герметизациялануы арқылы

в) шикізатты ылғалдандыру

г) үнсіздік процеске ауысу

д) жеке қорғаныс заттары арқылы



5. Желдету ауаны жылыту әдісі бойынша бөлінеді:

а) табиғи және механикалық

б) жергілікті және жалпы

в)сормалы және үрмелі

г) жалпы алмасулы және локальді

д) рециркуляция және кондиционерлеу



6. Ауа алмасуды ұйымдастыру әдісі бойынша желдету бөлінеді:

а) табиғи және жалпы

б)жергілікті және жалпы

в) үрмелі және соралы

г) жалпы алмасулы және локальді

д) рециркуляция және кондиционерлеу



7. Желдету қызмет ету принципі бойынша жіктеледі:

а) табиғи және механикалық

б) жергілікті және жалпы

в)сормалы және үрмелі

г) жалпы алмасулы және локальді

д) рециркуляция және кондиционерлеу

е) үрмелі – сормалы

8. Табиғи, ұйымдасып басқарылатын желдету деп атаймыз:

а) инфильтрацияны

б) эксекцияны

в) рецикуляцияны

г) кондиционерлеуді

д) аэрацияны



9. Аэрацияланатын ғимараттарды қандай деңгейде фралиралармен қамтамасыз ету керек?

а) 1 деңгейде

б) 2 деңгейде

в) 3 деңгейде

г) 4 деңгейде

д) бір деңгейде, бірақ қорғаныс жерлерде ғана.



10. Жазғы айлары аэрацияланатын алаңдардағы ауа қандай деңгейден берілуі керек:

а) 1-1,5 м

б) 2-3 м

в) 6 м


г) 8-10 м

д) Қорғандар арқылы



11. Жылдың суық кезеңдері аэрацияланатын алаңдарға ауа қай деңгейден берілуі керек?

а) 1-1,5 м

б) 2-3 м

в) 6 м


г) 8-10 м

12. Аэрацияны есептеу мына жағдайда жасалады:

а) ауаның қысымы орташа температурасы мен орташа желдің жылдамдығы

б) жазғы температура мен желсіздіктерде

в) орташа жылдамдық температурасымен желдің орташа жылдамдығы



13. Аэрацияның қондырғыларын көп мөлшерде қандай заттың бөлінуінде қолданған жөн:

а) шаң бөліну

б) газ бөліну

в) жылу бөліну

г) ылғал бөліну

д) ауа ортасының салыстырмалы қалыпты жағдайы



14. Аэрацияланатын ғимараттардағы қосымша құрылыс пристройкаларын ғимарат периметрін қаншадан артық емес деңгейде рұқсат етіледі?

а) 10%


б) 20%

в) 30%


г) 40%

д) 50%


15. Заточный станоктан шығатын шаңды ауаны жою және локализациялау үшін ең тиімді қондырғы деп есептеледі:

а) қорғаныс шаңға қарсы кожух

б) сорғыш зонт

в) тұрмыстық отсос

г) бір қалыпты сору панелі

д) сормалы шкаф



Материалды түсінгендікті тексеретін ситуациялық есептер

Есеп №1.

Мұнайды қайта өңдеу зауытының цехтарында ауа түрлі зиянды заттармен, соның ішінде 1,2-ші қауіптілік класс заттарымен таңданады. Цехтерде жалпы ауыспалы және жергілікті үрмелі – сормалы желдету қызмет етеді. Шаңды ауаны тастау орны желдету жүйесі мен сору тесігінен 8 м тігінен және 5 м көлденеңінен қашықтықта орналасқан.



Тапсырма:

а) ауаны алу орнының шаңды шығару орнымен салыстырғандағы дұрыс орналасуын анықтаңыз

б) зауыттың желдету жүйесіне жүргізілетін бақылаулар санын белгілеу

в) сәйкес нормативтік құжаттарды атаңыз



Есеп №2

Шахтинск қаласында синтетикалық жуғыш заттарды өндірістік зауыт салынды. Зауытты іске қосу алдында құрылған коммисияға СЭС кірді. Қалыпты эксплуатациялық рксимде зауыт қондырғыларын тексеру үздіксіз 50 сағат, желдету жүйелері 4 сағат бойы тексерілді. Таза ауаны сору және лас ауаны шығару орнындары бір биікте 3 м және 4 м бір-бірінен қашықтықта орналасқан.



Тапсырма:

а) қондырғылар мен желдету ді тексеру обкаткасы ұзақтығын дұрыс анықтаңыз.

б) ауаны сору және шығару орындарының дұрыс орналасқандығын анықтаңыз

в) санитарлық дәрігердің тактикасы

г) ауаның қозғалыс жылдамдығын тексеру әдістемесі мен қондырғылар

Есеп №3

Аспап құрылыс зауытының ластану цехінде бояғыш камераға ұзақ бұйымдарды ниролкамен пульверизациялық бояу жүргізіледі. Қолмен сырластың жұмысшы орнының үстінде мөлшері 0,5*0,4м ауаны 1м/с жылдамдықпен әкететін сормалы зонт бар. Сормалы желдету қосулы болғандағы цехтегі бу концентрациясы келесідей жоғарылайды: ацетаттар 300 мг/м3 , бензол 40 мг/м3 . Лас ауаны ғимарат шатырынан 2 м биіктіктен шығарады. Ауаның келуі шахта көмегімен іске асырылады, ол жерден 6 м жоғары деңгейден сорады қыс айлары цехтағы температура 15 ° С болғанда, соған салқын ауа беріледі.



Тапсырма:

а)цехтағы зиянды заттардың қауіптілік класы мен ШРЕК-ын анықтаңыз.

б)цехтің желдету жүйесінің ұйымдастырлуына қорытынды беріңіз

в)цехтің желдету жүйесін қандай жиілікпен бақылап отыру керек?



Есеп №4

Машина құрастыру зауытының тесеруі бойынша, сваркілеу жұмысы бүйірлі сорғыштар түріндегі жергілікті желдету жүйесі бар кабинада жүргізіледі. Шығарылатына ауа көлемі 1500 м3/сағ сорғыштың қырының көлемі 0,28 м2 . Үрмелі ауа қоршаған ортадан қабырға мен еден арасындағы қуыс арқылы енеді. Сваркіленетін аэрозоль концентрациясы 13 мг/м3 құрайды.



Тапсырма:

а)бүйір сорғыш қуысында ауа қозғалыс жылдамдығын анықтаңыз, желдету тиімділігіне баға беріңіз.

б) бөлмеге түсетін ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтаңыз, аспаптық әдісті сипаттаңыз.

Есеп №5

Жалпы алмасулы сормалы желдетуде сырттан сорылатын ауаның құрамынан ауаның құрамындағы темір аэрозолі анықталды.



Тапсырма:

Бөлмені желдету үшін сыртқы ауадан сынама алғанда темір оксидінің қандай максималды концентрациясы рұқсат етіледі?

А)0,6 мг/м3

Б)1,2 мг/м3

В)1,8 мг/м3

Г)3,0 мг/м3

Д)6,0 мг/м3

Есеп №6

Жиһаз фабрикасының бояу цехінде желдету орналасқан. Жалпы алмасулы сормалы желдетудің орны мен бояу камерасынан шығатын тастама орны ғимарат фасадының бір деңгейінде орналасқан. Сормалы қуыс пен тастама орнының ара қашықтығы қандай болуы тиіс.

А)ешқандай мәні жоқ

Б)10 м


В)16 м

Г)20 м


Д) 1 мкөлденең деңгейде рұүқсат етіледі

Есеп №7

Тігін фабрикасының бояу цехінде матаның қайнатылуы және боялуы жүзеге асырылады. Негізгі қондырғы – механикалық баркалар, онда арнайы ертінділер болады және оған орналған мата барандары матырылады. Ерітінді температурасы 90-100 ° С. Банкалар жартылай жабылған және жергілікті сормалы желдетумен қамтылған. Бу өтикізгіштерден будың шығуы орын алады. Қондырғы мен бу өткізгіштің сыртқы беткейінің температурасы 55-60 ° с жазғы айлары жұмыс орынның 32-40 ° С, ылғалдылық 75-80%, ауа қозғалыс жылдамдығы 0,3-0,5 м/с құрайды.

Тапсырма:

А)еңбектің микроклиматтық жағдайына баға беріңіз

Б)цехтің желдету жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстар беріңіз

Микроклимат параметрлерін өлшеу үшін қолданылатын аспаптарды атаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет