Еңбек гигиенасы кафедрасының меңгерушісімен бекітілді



бет2/4
Дата22.08.2017
өлшемі0,63 Mb.
#24526
1   2   3   4

Есеп №8

Травильді бөлімде метал бұйымдарын күкірт қышқылы ертіндісімен өшіру орын алады. Зиянды факторлар күкірт қышқылының буы мен су буы болып есептелінеді. Травильді цех ауданы 16*8 м, биіктігі 5,5 м, травильді ванналармен қамтылған, оның екеуі ағын, ал екеуі нейтрализациялауға арналған. Цехтің қасында көршілес галваникалық цех орналасқан. Жергілікті сормалы желдету, қуаттылығын 3000мг3/сағ зонт әрбір ванна үстінде орналасқан. Сормалы желдету жалпы жоғары зонаға ауа жібереді. Келетін ағымды ауа көлемі 12000м3/сағ.

Тапсырма:

А)берілген учаскедегі желдету жүйесіне, оның принциптері және қызмет ету орны бойынша баға беріңіз.

Б)ауалық балансты сипаттаңыз, ауа алмасу жиілігін анықтаңыз.

Есеп №9

Тегістеп – қайрайтын учаскеде ылғалсыз жұмыс істейтін абразивті дөңгелектен шығатын шаңнан қорғайтын жергілікті сормалы желдетудің 4 қоршауы бар. Жергілікті желдету жүйесімен сорылатын ауаның жалпы көлемі 16000 мг3/г құрайды. Шығарып тасталатын ауада құрамында метал бөлшектердің араласпасы бар минералды шаң бар. Шаң сипатын ескере отырып, ШРЕК мг/м3 өлшем бірлігімен тағайындалады. Ауаны шаңнан тазартудың ең тиімді әдісін таңдау үшін, атмосфераға тасталатын ауадағы шаңның рұқсат етілген деңгейін мг/м3 түрінде анықтау керек.

Тапсырма:

А)шығарып тасталынатын ауадғы шаңнынң рұқсат етілген деңгейін мг/м3 түрінде анықтаңыз

Б)шаңмен күресудің қосымша шараларын анықтаңыз

В)тегістеуші станок астынан шығатын ауа жылдамдығы қанша болуы керек?



Есеп №10

Жиһаз фабрикасының жиһазды жинау цехінде үрмелі ағынды ауа келіп тұруы үшін жалпы механикалық желдету жүйесі қарастырылған. Жер беткейінен 2 м жоғары биіктікте ауаны жасыл зонадан жинау ұйымдастырылған. Ауаны алатын жерден көлдеңінен 5 м және жерден 4 м биіктен жиһазды пульверизациялық бояйтын цех ауасы шығарып тасталынады. Осы ауаның құрамында ацетон 50 мг/м3 , толуол 20 мг/м3 құрамды органикалық ерітінділер бар.

Тапсырма:

А)аталған ауаны жинау орны гигиеналық талаптарға сай келеді ма?

Б)тастанды ауадағы зиянды заттардың концентарцияларына қойылатын талаптарды атаңыз.

Есеп №11

Түсті металлургия өндірісінің тотығу бөлімінен өндіріс барысында жоғары жылу бөлінумен қоса қорғасын бөлінетіні анықталды. Осындай зиянды заттар толық емес ұсталынатындықтан, кей кездері шрек-тен асып кетеді. II цехте технологиялық үрдіс жоғары жылу бөлумен және ауаны ШРЕК-тен жоғары көміртек тотығымен ластайтындығы анықталады.

Тапсырма: А)осы аталған цехтегі ауаны қайта рецикуляциялауға болады ма?

Б)химия өндірісінің жаңа цехтерінің құрылысына рецикуляцияны пайдалануға болады ма?



1.Тақырып №3. Өндірістік аэрозольдер

2. Мақсаты: Шаң - өндірістік зиянды фактор екендігі туралы, шаңдық факторларды зерттеу және гигиеналық бағалау, өндіріс жағдайында онымен күресудегі негізгі алдын алу шалары бойынша білімділікті және іскерлікті қалыптастыру.

3.Оқыту міндеттері:

А)шаңдық фактор бойынша нормативтік құжаттармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру

Б)шаңды өлшеу нәтижесі бойынша гигиеналық қорытынды құрастыру дағдысын қалыптастыру

В)шаң құрамын анықтауды дағдысын қалыптастыру

Г)түрлі өндірістік жағдайларда шаңға сынама аларда алу нүктелерін дұрыс белгілеу дағдысын қалыптастыру

Д) шаңды төмендетуге және ағзаға әсерін төмендетуге бағытталған сауықтыру шалаларын кешенді құрастыру дағдысын қалыптастыру



4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Өндірістік аэрозольдердің сан-гиг маңызы

  2. Шаңның жіктелуі

  3. Шаңның физика-химиялық қасиеттері

  4. Өндірістік шаңның ағзаға әсері

  5. Шаңдық патологияның әдістері

  6. Өндірістік шаңды зерттеу әдістері


5. Оқыту және жүргізу әдістері:

Тәжірибелік сабағын орындау және талқылау. Ситуациялық және тестілік тапсырмаларды орындау, кейс-стади, жазбаша жауап беру.


Жұмыстар:
Тапсырма №1 Бөлмедегі ауа сынамасын химиялық анализ алу
Әдістеме: Ауа сынамасын химиялық анализге тексеруге алғанда ауаны аспиратор арқылы сорады. Оның жұтқыш аспабының ішінде жұтқыш ерітінді болады және сол арқылы ауа сорылады Ауаны сору жылдамдығы – минутына – 1 литр. Ауа сорылу уақыты – 1 минут. Жұтқыш аспапты аспиратордан ажырататын, жұтқыш аспаптық аузын тығынмен жабады. Нәтижелерді хаттамаға тіркейді. Жұтқыш аспапты зертханаға зерттеуге жібереді.
6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. М-Медицина-2008.

2.Алексеев С.В., Усенко В.Р.Гигиена труда. Учебник. М-Медицина-1988-576 б

3.Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. Под ред. В.Ф.Кириллова М-Медицина-2008 -399 б



Қосымша:

4.ПДК вредных веществ в воздухе рабочей смены. №1 – 02.011 –94, МЗ РК.

5.Руководство по гигиене труда в 2х томах (под ред. Н.Ф. Измерова) – М., Медицина, 1987 г., т.1,б. 133 – 167

6.Производственные аэрозоли, их гигиеническое оценка. Методы исследования и профилактика пылевой профиатологии. (учебно-методические рекомендации) – Караганда, 1996 г.

7.ГОСТ 12.1.005-88 ССБТ «Общие санитарно-гигиенические требования к воздуху рабочей зоны.

8.ГОСТ 12.1077-76 ССБТ «Вредные вещества. Классификация и общие требования безопасности».

9.ГОСТ 12.1.016-79. ССБТ «Воздух рабочей зоны. Требования к методикам измерениям концентрации вредных веществ»
7.Бақылау (сұрақтары, тесттер, тапсырмалар және т.б.)

Сұрақтар:


  1. Аэрозольдер жіктелуі

  2. Шығу тегі бойынша шаңның жіктелуі

  3. Түзілу әдісі бойынша шаңнынң жіктелуі

  4. Шаңның химиялық құрамының гигиеналық маңызы

  5. Шаңның ағзаға арнайы әсері

  6. Пневмокониоздардың жіктелуі

  7. Шаң әсерінен пайда болатын тері аурулары

  8. Өндірісте шаң түзетін көздер

  9. Шаңды гигиеналық нормалау

  10. Шаңмен күресудегі техникалық шаралар

  11. Шаңмен күресудегі санитарлық-техникалық шаралар


Тестік бақылау сұрақтары:

1.Фибриногенді арнайы әсер ететін шаңдар дегеніміз не?

А)ауа бірлігі көлміне қалқып жүретін барлық бөлшектер салмағы

Б)белгілі бір уақыт аралығында тыныс алу органдарына түсетін шаң бөлшектерінің салмағы

В)өндіріс барысында шаңның түзілуі мен таралуымен сипатталатын қоршаған факто

Г)пневмокониоздар шақыратын ауадағы өлшенді бөлшектерден тұратын дисперсті жүйе

2. Түзілу әдісі бойынша шаңның жіктелуі:

А) дезинтеграция мен конденсация аэрозольдері

Б)органикалық және бейорганикалық шаң

В)аралас шаң

Г)шаң, бұлт

Д)түтін, тұман



3. Қандай өндіріс процесс барысында конденсация аэрозолі түзіледі?

а)бұйымдарды тегістеу

б)өнімдерді бөлшектеу

в)дезинтеграторда бөлшектеу

г)металл балқыту

д)скважиналарды бұрғылау

4. Қандай өндірісте операция барысында дезинтеграция

аэрозолі түзілуі мүмкін?

А)породаны бұрғылау

Б)металл балқыту

В)металл сваркілеу

Г)опокаларға металдарды құйып шығу

Д)доннадан металды шығару



5. Шығу тегі бойынша шаңның жіктелуі:

А)металды, метанолдты

Б)конденсация, дезинтеграция аэрозольдер

В)бейорганикалық

Г)өсімдік текті, жануар текті

6. Сынаманы алудың қай әдісінде шаңдану мг/м3 өлшенеді?

А)ультрамикроскопиялық

Б)кониометриялық

В)седиментациялық

Г)таразылы

Д)шравитациялық

7. Фибриногенді аралас шаңды нормалау негізінде не жатыр:

А)радиоактивті заттардың бар болуы

Б)биоортада олардың бар болуы

В)шаң бөлшектерінің пішіні

Г)кремнидің қос тотығының проценттік құрамы

8. Максималды реттік шаңның концентариясы деген не?

А)ауа көлеміне бірлігіндегі шаң бөлшектерінің салмағы

Б)жұмысшылардың тыныс алу органдарына белгілі бір

уақыт аралығында түскен шаң бөлшектерінің салмағы

В)жұмыс уақытының 75% кем емес уақыт аралығында

Г)максималды шаң түзілу кезінде анықталатын ұзақтығы 30

мин уақыт аралығында

Д)барлық уақыт периодындағы өлшенген шаң концентрациясы



9. Шаңның орташа аусымдық концентрациясы деген не?

А)ауа көлеміне бірлігіндегі шаң бөлшектерінің салмағы

Б)жұмыс уақытының 75% кем емес уақыт аралығында

В) жұмысшылардың тыныс алу органдарына белгілі бір

уақыт аралығында түскен шаң бөлшектерінің салмағы

Г)Ауа көлемі бірлігінде кездесетіншаң бөлшектерінің салмағы



10. Шаңдық жүктеме не?

А)ауа көлеміне бірлігіндегі шаң бөлшектерінің салмағы

Б)жұмыс уақытының 75% кем емес уақыт аралығында

В) жұмысшылардың тыныс алу органдарына белгілі бір

уақыт аралығында түскен шаң бөлшектерінің салмағы

Г)максималды шаң түзілу кезінде анықталатын ұзақтығы 30

мин уақыт аралығында

Д) жұмысшылардың тыныс алу органдарына белгілі бір

уақыт аралығында түскен шаң бөлшектерінің салмағы

Материалды түсінгендікті тексеретін ситуациялық есептер:

Есеп №1

Шахтада құрғақ пневматикалық бұрғылау нәтижесінде тыныс алу зонасында концентарциясы 234-тен 800 мг 3 арасында болады. Шаңның 95% мөлшері 0,5-5,0 мкм бөлшектерден құралған. Екі шахтада нүктелі түрде медициналық тексерістерден кейін келесі: №1 шахтада( бос кремний диоксиді 38 %) силикоздың 6 жағдайы, жұмысшылардың 65% жоғары тыныс жолдарының шырышты қабаттарының тітіркенуі, 7%-інде тері тітіркенуі. №2 шахтада(бос кремний диоксиді 1% құрайды) – 1 антрикоз жұмысшылардың 49% - інде жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының тітіркенуі, 2%-інде көздің шырышты қабатының тітіркенуі, 2% тері тітіркенуі.



    1. Аталған концентрацияны ШРЕК-тен салыстырыңыз, тыныс органдарының патологиясының дамуындағы шаң дисперстілігінің рөлі.

    2. Жұмысшылар үшін аталған пневмокониоздың қай түрі қауіпті екенін бағалаңыз.

    3. Бұрғылау жұмысшыларында сауықтыру жұмысшыларының жоспарын қарастырыңыз.

Есеп №2

Бөлшектеу-байыту фабрикасында медициналық тексеріс нәтижесінде 85% -інде жоғары тыныс жолдарының айқын өзгерістері анықталды(жұмысшылардың жасы 25-40 жыл, өндірістегі жұмыс стажы 6 жылдан жоғары). (Риниттер, фарингиттер, шырышты қабатының құрғауы, иіс сезу бұзылыстары). Доломиттер өндіруде түзілетін шаң әсерін барлық жұмысшылар ұшыраған, оның концентарциясы: жаз айлары 14-25 мг/м3, уақытша коммуникациялық сумен қамтамасыз етуді өшіргенде қыста концентарция 49-610 мг/м3 құрайды.



  1. Доломит пен әкке арналған ШРЕК-пен аталған концентрацияларды салыстырыңыз.

  2. Жұмысшылардың жұмыс жағдайын гигиеналық позициядан бағалаңыз.

  3. Жұмыс жағдайын сауықтыру шаралар жоспарын ұсыныңыз.

Есеп №3

Темір-бетонды бұйымдар зауытының транспортты-шикізаты цехінде жұмысшылар цемент пен құмды тиеп, қоймаға және бетон араластыру цехіне тасыған кезде шаң әсерінен ұшырайтыны анықталды. Цемент шаңының концентрациясы 180-560 мг/м3 , құмдікі 8-36 мг/м3, оның ішінде бос кремнийдің қос тотығы 85 %-ға дейін.

Мед тексеру нәтижесі бойынша жалпы саны 510 жұмысшы, жұмыс өтімі 10-25 жылды құрайтын жұмысшыларды пневмокониоздың I кезеңі анықталды, оның 16-сы транспорт-шикізат цехінің жұмысшылары


  1. Жұмысшылар тыныс алатын зонадағы шаңның концентрациясын ШРЕК-пен салыстырыңыз.

  2. Пневмокониоздың дамуы қай зиянды әсерлермен этиологиялық байланысты екенін анықтаңыз.

  3. Сауықтыру шараларын ұсыныңыз.



Есеп №4

Бокситті рудадан глинозілді ажырату арқылы аммониді алу зауытында алдын ала шикізатты өңдеу процесі барысында шаң бөлінеді. Ол бокситті жылжытып, ұсақтап, тиеу процесі үстінде түзіледі. Руданы өңдегенде ылғалдылық орташа концентарциясы 115 мг/м3 , ылғалдылықты 10 % төмендеткенде 180 мг/м3 болады.

Кальцинациялау бөлімінде ысыған глинозильді құйып, тиеп, шығарғанда шаң концентарциясы 225мг/м3 құрайды. Аэрозоль әсерінен жоғары тыныс жолдарының патологиясы(катар, ринит, фарингит, ларингит) дамиды. Ол аэрозольдердің сілтілік шаңмен қатынаста болғанда спецификалық пневмокониоз – алюминоз дамиды.


  1. Жұмысшылардың тыныс алу зонасындағы шаң концентрациясын ШРЕК-пен салыстырыңыз.

  2. Жұмыс орнындағы ауа ластану деңгейінің қарқындылығына бастапқы материалдардың ылғалдылығы шаңдануға қалай әсер етеді?

  3. Сауықтыру шараларын ұсыныңыз


Есеп №5

Жиһаз жасау фабрикасының ағаш өңдеу процестерінің бірінде соңғы қорытынды өңдеу жұмысы алодында болашақ жинақ бұйымының беткейін даярлау жұмысы(лактау, полировкалау) жасалады. Осы процесс шаң бөлінумен сипатталады. Ауаның шаңдану дәрежесін зерттеу барысында келесідей мәліметтер анықталады: фильтр салмағы сынама алғанға дейін 35 мг, ал сынама алған соң 40 мг болады. Сынамалар 15 л/мин жылдамдықпен 20 минут бойы алынады. Шаңның сапалық құрамын зерттегенде 1,5%бос кремнийдің қос тотығы анықталды.



  1. Шаң концентрациясын анықтап, ШРЕК-пен салыстырыңыз.

  2. Ауаның шаңдануын тарлу әдіспен анықтау үшін қандай аспап қажет.



Есеп №6

Асбестті техникалық бұйымдар өндірісінде бір учаскеде бункерлерде асбесттің мақтамен араласуы жүргізіледі. Бункердің үстінде зонт түрінде жергілікті сормалы желдету орналастырылған. Жұмыс орнын зерттегенде, ауадағы шаң 40 мг/м3 құрайтыны анықталады.



  1. Шаңға сипаттама беріңіз, оның концентрациясын ШРЕК-пен салыстырыңыз.

  2. Алдын алу шараларын ұсыныңыз.



Есеп №7

Құю цехінде шабушы жұмысшының орнындағы ауа шаңдануы 30 мг/м3 құрайды, бос кремнийдің қос тотығы 70%. Столен тордан алып тұрған вятежка жергілікті желдету бар.



  1. Шабушының жұмысындағы шаңдануға баға беріңіз.

  2. сауықтыру шараларының ұсыныңыз.



Есеп №8

Жезказғанның жер асты кен орындарында шнурларды бұрғылауц үшін буралы өздігінен жүретін кареткалар(арбашалар) кеңінен қолданылады. Машинисттердің жұмыс орнын алынғансыеама бойынша ауа шаңмен мұнайдың майларының аэрозольдері мен ластағаны анықаталады. Шаң концентарциясы 25 мг/м3 май аэрозольдері 20 мг/м3 шаңдағы бос кремнийдің қос тотығы 47 %. Шаңның 90% мөлшері 5 мкм жететін дисперсті.



  1. Жұмыс алаңының ауасының ластауына гигиеналық баға беріңіз.

  2. Сауықтыру шараларын ұсыныңыз.


1.Тақырып №4 Лазерлік сәулеленудің гигиеналық маңызы.

2 Мақсаты:

Лазерлік сәулелену болмысы, оның адам ағзасына тигізетін зиянды әсері мен оны алдын алу шараларымен бойынша білімділікті және іскерлікті қалыптастыру.



3.Оқыту міндеттері:

  1. Лазерлік сәулеленудің әсер ету принциптері бойынша білімділікті қалыптастыру.

  2. Халық шаруашылығы мен медицинадағы лазердің қолданалуы бойынша білімділікті қалыптастыру.

  3. Өндірістегі лазерлік сәулеленудің көздері жөнінде мәліметтер бойынша білімділікті қалыптастыру.

  4. Лазердің адам ағзасына тигізетін әсері бойынша білімділікті қалыптастыру, лазерге сезімтал ағзаларды бөліп көрсету.

  5. Лазерлік сәулеленудің жағымсыз әсерінен алдын алу шаралары бойынша білімділікті қалыптастыру.

  6. Лазерлік сәулелену физикалық параметрлері, түрі және класификациясы бойынша білімділікті қалыптастыру.

  7. Лазерлік сәулеленуді өлшеу дағдыларын қалыптастыру.

  8. Лазерлік сәулеленуді нормалау және гигиеналық бағалау принциптері бойынша білімділікті қалыптастыру.

  9. Лазерлік сәулелендің жағымсыз әсерін төмендету үшін алдын алу шаралары бойынша білімділікті қалыптастыру, санитарлық-гигиеналық қорытынды құрастыру.

  10. Лазерлік сәулеленуді приборлармен өлшеу дағдысын қалыптастыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Лазерлердің халық шаруашылығындағы қолданылуы

  2. Лазерлердің құрылымы

  3. Лазерлердің негізгі техникалық сипаттамасы

  4. Лазерлік жіктелуі

  5. Дазерді қолданудағы еңбек жағдайлары

  6. Лазерлік сәулеленудің биологиялық әсері

  7. Лазерлік сәулеленудің көру органына әсері

  8. лазерлік сәулеленудің теріге әсері

  9. Лазерлік сәулелердің ШРЕД-і

  10. Жұмысшыларда лазерлік сәулеленудің алдын алуы

  11. Лазерлік сәулелерді бақылауц әдістері, аспаптары

5. Оқыту және жүргізу әдістері:

Тәжірибелік сабақты орындау және талқылау. Ситуациялық, кестелік сұрақтарды шешу, ауызша сұрау, іскерлік ойындар.



6. Әдебиет

Негізгі:

1.Измеров Н.Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. М-Медицина-2008.

2.Алексеев С.В., Усенко В.Р.Гигиена труда. Учебник. М-Медицина-1988-576б.

3.Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. Под ред. В.Ф.Кириллова М-Медицина-2008 -399 б.



Қосымша:

4.Российская энциклопедия по медицине труда под редакцией Измерова М-Медицина -2005-552стр.

5.Измеров Н.Ф., Суворов Г.А..Физические факторы производственной и природной среды. Гигиеническая оценка и контроль. М-Медицина-2003-556.

6.Санитарные нормы и правила устройства и эксплуатации лазеров. СНИП №580496- МЗРК

7.Методические указания для органов и учреждений санитарно-эпидемиологических служб по проведению дозиметрического контроля и гигиенической оценке лазерного излучения. №5309-90.РФ.
7.Бақылау сұрақтары(сұрақтар, тесттер, есептер т.б.).

Сұрақтар.


  1. Активті ортаның сипатына қарай лазерлердің қандай түрлері бар?

  2. Лазерлік сәулеленудің зиндылық дәрежесін бағалаудағы ең қолданбалы көрсеткіштері?

  3. Лазерлік физика-химиялық параметрлеріне бойынша жіктелуі?

  4. Лазерлермен жұмыс істеудегі негізгі пайда болатын факторлар?

  5. Лазерлермен жұмыс істеуде пайда болатын қосымша факторлар?

  6. Лазерлік сәулелену ағзада қандай эффект туғызады?

  7. ПДУ лазерлік сәулеленуге не қолданылады?

  8. Лазерлік сәулелену қарқыны қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?


Тесттік сұрақтар

  1. Лазер бұл:

А)оптикалық алаңдағы электромагниттік сәулелену генераторы

Б)ультрадыбыс толықдар генераторы

В)инфрақызыл толқындар генераторы

Г)жоғары жиілікте вибрацияның генерациясына

арналған қондырғы


  1. Лазер келесі құрама бөлшектерден тұрады.

А)активті орта

Б)резонатор

В)иондық сәулелену көзі

Г) радиоцотоптар жиыны



3. Автикті орта сипатына байланысты лазерлердің келесідей түрлері бар?

А)қатты денелі

Б)газды

В)химиялық



Г) барлық жауаптары дұрыс

4. Лазердің негізгі техникалық сипаттамыс болып есептеледі:

А)толық ұзындығы

Б)сәулелену сызығының ені

В)сәулелену қарқыны

Г) импульс ұзындығы

Д)импульсті қайталау жиілігі

Е)барлық жауаптар дұрыс

5. Лазерлердің санитарлы жіктелуі негізінде жатыр:

А)сәулелердің зияндылық дәрежесі

Б)сәуле толықының ұзындығы

В)импульсті қайталау жиілігі

Г) сәулелену ұзындығын ені

Д)лазердің салмағы



6. Лазерлер санитарлық жіктелуі бойынша қандай кластарға бөлінеді:

А)қауіпсіз

Б)қауістілігі аз

В)орташа


Г) жоғары қауіпті

Д)аса жоғары нормативті



7. Адамның көзімен терісіне зиян көрсететін сәулелену шығарылатын қондырғылар лазерлердің қай калсына жатады:

А)Лазердің I класына

Б)Лазердің II класына

В)III класына

Г) IV класына

Д)кластардың белгілеуінсіз



8. Адамның көзі туралы және айнамен щығылысатын қондырғылар лазердің қандай класына жатады:

А)Лазердің 4-класына

Б)Лазердің 3-класына

В)Лазердің 2-класына

Г) Лазердің 1-класына

Д)Барлық жауаптар дұрыс



9. Адамның көзі айнамен және диффузды шағыласатын сәулелерді диффузды шағылысқан беткейден 10 см қашықтықтан шығатын қондырғылар лазерлердің қандай класына жатады?

А)лазердің 1 класына

Б)лазердің 2 класына

В)лазердің 3 класына

Г) лазердің 4 класына

Д)бардық жауап дұрыс



10. Адамның терісіне тік және айнамен шағылыстыратын сәулелену шығаратын қондырғылар лазердің қандай класына жатады?

А)Лазердің 4-класына

Б)Лазердің 3-класына

В)Лазердің 2-класына

Г) Лазердің 1-класына

11. Адамның терісіне диффузды шағылысатын сәулелерді диффузды шағылыстыратын беткейден 10 см қашықтықтан шығаратын қондырғылар лазерлердің қандай класына жатады?

А)лазердің 1 класына

Б)лазердің 2 класына

В)лазердің 3 класына

Г) лазердің 4 класына

Д)бардық жауап дұрыс



12. Лазерлік сәулеленулер биологиялық құрылымдарға әсер етіп қандай эффект шығарады:

А)термиялық

Б)термоакустикалық

В)фотохимиялық

Г)радиоизотопты

Е)дифракциялық



13. Лазерлік сәулелену нәтижесінде адам азғасында I-лік биологиялық эффект дамиды:

А)функционалды сипаттағы бейспецификалық өзгерістер ретінде

Б)органикалық спецификалық өзгерістер ретінде

В)спецификалық және бейспецияфикалық өзгерістер жиыны ретінде

Г)бейспецификалық өзгерістер ретінде

Д)барлық жауаптар дұрыс



14. Лазерлердің жіктелуі қай органға спецификалық әсерінен етуінен лазердің жіктелуі болады:

А)көз органдарына

Б)теріге

В)көз органдары мен теріге

Г)бас миы

Д)эндокринді бездерге



15. Лазермен зияндылық факторлары:

А)тік шағылысқан сәулелену

Б)айнадан шағылысатын шашырайтын сәулелену

В)диффузды шағылысатын сәулелену

Г)жұтылған сәулелену


1.Тақырып №5. Өндірістік жарықтандыру

2. Мақсаты: Өндіріс орындарының жарықтануын гигиеналық нормалаудың негізгі принциптерін үйрету бойынша білімділікті және іскерлікті қалыптастыру;

3.Оқыту міндеттері:



  1. Жарықтандырудың түрлі жүйелері мен түрлерін өлшеу орындарын дұрыс анықтау бойынша дағдысын қалыптастыру:бүйірлі(бір және екі жақты) және табиғи жоғары жарықтанудыру (ТЖК(КЕД) орташа санын санау) жалпы (бір текті және жергілікті) және аралас жарықтандыру

  2. Жұмыс орындарын қолайлы жарықтандыру шараларын ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру

  3. Көру жұмысын разрядтар мен подразрядтарды анықтап және санау дағдысын қалыптастыру

  4. Өндірістік жарықтандыруды өлшеу және гигиеналық бағалау әдісі бойынша білімділікті қалыптастыру

  5. Табиғи, жасанды және аралас жарықтандыруды өлшеу әдістері бойынша білімділікті қалыптастыру

  6. Өндірістік жарықтандырудың жағдайы туралы қорытынды және оны жақсарту үшін сауықтыру шараларын ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жарықтың физиологиялық маңызы

  2. Рационалды өндірістік жарықтандырудың гигинеалық маңызы

  3. негізгі светотехникалық түсіністер және бірліктер

  4. Өндірістік жағдайларға қойылатын гигиеналық маңызы

  5. Өндірістік жарықтанудың түрлері мен жүйелері

  6. Табиғи жарықтандыру

  7. Жасанды жарықтандыру

  8. Жасанды жарықтандыру көздері

  9. Қыздыру лампалары мен газоразрядты лампаларының гигиеналық сипаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет