Еңбек тірбиесі



бет4/5
Дата13.07.2020
өлшемі74,75 Kb.
#75151
1   2   3   4   5
Байланысты:
6Еңбек тәрбиесі

Қорытынды

Республикамыздың көптеген ғылыми зерттеулердің тәрбиелік мәнін дәлелдеуге байланысты, қолөнерін қайта жаңғырту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Олар: тұжырымдамалар, оқулықтар оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар. Бүлардың барлығының мақсаты өскелең ұрпақты бала кезеңінен және мектептің өміріне оқушыларды өз халқының өнеріне үйрету арқылы еліне, туған жеріне, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды жүзеге асыру болып табылады.

Қолөнеріне оның ішінде сәндік қолданбалы өнерге үйретуде оқушыларды еңбекке, эстетикалық дене ақыл-ой тәрбиесін беруді жүзеге асыру мүмкіндігін зерттеулер анықтауда.

Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талғай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде қол-өнерін мұрат тұтып жетілдіре берген. Шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырған.

Қолөнердің Қазақстан териториясында ертеден кең дамығаны мол деректерге сүйене сөз болады. Оның өркен жаюы, біріншіден қазақ халқының күнделікті түрмысына пайдалану қажеттілігінен туса, екіншіден халықтың өнерді құрмет тұтып жоғары бағалауынан туған. Халқымыздың ұлттық ою - өрнегі кең даланы мекендеген көшпелі талай тайпалар әсерімен замандар бойы қалыптасқан.

Қазақстанның сәндік қолөнері - біздің түрлі ұлттык, мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер - жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса қүрметті және игілікті іс болмақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет