Салыстырмалыартықшылық Салыстырмалы артықшылық теориясы, мүмкін, халықаралық сауда теориясындағы ең маңызды ұғым. Экономикалық артықшылығы - бұл бір елдің берілген нәтижені екінші елге қарағанда үнемдірек шығара алуы. Салыстырмалы артықшылығы бойынша елдер арасындағы айырмашылықтар мамандандыру модельдерін анықтайды.
Халықаралық еңбек бөлінісі табиғи түрде дамиды, құндылық заңы оның дамуын реттейтін фактор болып табылады. Әлемдік нарықта қарқынды бәсекелестік күресті жүргізетін әр түрлі елдер арасындағы әр түрлі өндірістік шындықтар салыстырылады.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына әсер етуші факторлар.
Бұл факторларға:
1. Елдің ішкі нарығының көлемі.
Нарығы дамыған ірі елдерде қажетті өндіріс факторлары мен тұтынушы тауарларын табуға мүмкіндік жоғары. Сондықтан елдің халықаралық мамандану мен тауар айырбасына қатысу қажеттілігі төмен болады. Сол кезде елдегі жетілген нарықтық сұранс экспорттық мамандануды кеңейтумен орнын толтыра отырып, импорттық сатып алуды кеңейтуге ынталандырады.
2. Ел экономикасының даму деңгейі.
Елдің экономикалық потенциалы неғұрлым төмен болса, соғұрлым елдің халықарлық еңбек бөлінісіне қатысу қажеттілігі жоғары болады.
3. Елдің табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі.
Елдің моноресурстармен (мысалы, мұнаймен) жоғарғы дәрежеде қамтамасыз етілуі елдің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді түрде қатысуына қажеттілік тудырады.
4. Ел экономикасы құрылымындағы негізгі өнеркәсіп салаларының (энергетика, металлургия, қағаз шығаратын сала) үлес салмағы.
Негізгі салалардың үлес салмағы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу қажеттілігі төмен болады.
Осы аталған факторлар өзінің көрінуінде абсолютті емес екенін ескеру керек. Олардың әсері мынадай жағдайда төмендеуі мүмкін, мысалы, жергілікті өнімнің халықаралық бәсекелестік қабілеттілігінің өзгеруімен, экспорттық шектелуімен.
Ең маңызды фактор - бұл технологияның деңгейі, өйткені ол өндіріс шығындарына анықтаушы әсер етеді. Табиғи жағдайлар кейбір тауарлардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін анықтауда да маңызды.
Артылықшылықтар мен кемшіліктер Классикалық экономикада халықаралық еңбек бөлінісі мамандандырылған іс-шараларға пайда әкеледі деп саналса да, осы бөлу тудыратын теңсіздіктер мен құрылымдық иерархияларға баса назар аударатын басқа талдаулар бар.