Құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдайды
Ойлау Білу мен түсіну
дағдыларының Жоғары деңгейдегі дағдылар
деңгейі
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырма
Тапсырма
1.Құқықтық жағдаяттарды талдап, әкімшілік жауапкершілік түрлерін анықтаңыз.
№
|
Жағдаяттар
|
Талдау
|
1.
|
14 жастағы мектеп оқушысы автобуста жол жүру ақысын төлемеді. Оқушы құқық бұзушылық жасады ма? Оны әкімшілік жазаға тартуға бола ма?Мектеп оқушысының ісіне кім жауап береді?
|
|
2.
|
Жолаушы В. поезд вагонының ішінде шылым тартып тұрған жерінен көлік полиция қызметшілері ұстап алады да, әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде хаттама толтырады. Ол әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің қай нормасын бұзды деп ойлайсыз?
|
|
3.
|
15 жасар мектеп оқушылары сабақтан соң үйлеріне қайтып келе жатты. Жолда олар ескерткіштер мен ғимараттардың қабырғасына бояумен түрлі суреттер салды.
Аталған іс-әрекетте қандай әкімшілік жауаптылық қарастырылады? Кім жауап береді?
|
|
4.
|
Сағ 23.00-ден кейін көппәтерлі үйдің бір пәтерінің тұрғындары қонақ шақырып, бар дауыстарымен ән салып, би биледі. Бүгін мереке деп, көршілерінің ескертулеріне құлақ аспады. Пәтер тұрғындарының істегендері дұрыс па? Бұл жерде әкімшілік нормалар бұзылды ма? «Түнгі уақыт» дегенді қалай түсінесіңдер? Үй тұрғындарына қандай ақыл айтар едіңдер?
|
|
2. ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіндегі 61 - баптың үзіндісін оқып төмендегі жағдаятты талдап, сұрақтарға жауап беріңіз.
61-бап. Баланың ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласу құқығы
1. Баланың ата-анасының екеуiмен де, аталарымен, әжелерiмен, аға-iнiлерiмен, апасiңлiлерiмен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар. Ата- аналары некесiнiң (ерлі-зайыптылығының) бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе атааналарының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиiс.
Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен араласуға құқығы бар. Сондай-ақ, ата-аналары әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда, баланың олармен араласуға құқығы бар.
2. Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған баланың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласуға құқығы бар.
Баланың ата-анасы ажырасқан. Екі жақтың келісімі бойынша, 13 жасар қыз бала анасымен тұрады. Анасы бір жылдан соң қызының әкесімен араласуына тыйым салады.
1. Анасы қызының қандай құқықтарын бұзған? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Қай мемлекеттік орган бала құқықтарын қорғайды? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Баланың құқығын қорғайтын кем дегенде 3 құжаттарды атаңыз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________
4. Заңгер ретінде 2 кеңес беріңіз.
1.________________________________________________________________________
2.________________________________________________________________________
3. Еңбек жағдайына байланысты кәмелеттік жасқа жетпеген баланың құқығының бұзылу
фактілерін табыңыз. ҚР Еңбек кодексінің негізінде жұмыс берушінің іс-әрекетіне баптардан нақты дәлел келтіріңіз.
Бірде мектептке киноға актер бала таңдау үшін агент келді. Нәтижесінде 12 жастағы
Димашты фильмдегі басты рольге түсуге шақырады. Сол уақытта Димашпен шұғыл еңбек
келісім шартын жасау қажет болды. Бірақ Диамаштың ата-анасы жазғы демалыста
болғандықтан, келісім шартқа баланың 18 жастағы туған ағасы қол қойды. Келісім шарт
жасалған соң режиссер шілдеде мектепте бірнеше түсірілім жасау керек болғандықтан, бірден түсірілімді бастап кетеді. Асығыстықтың әсерінен Димаш қатысатын түсірілімдер кез-келген ауа-райында, түннің бір уақытына дейін созылды. Димаш аптасына 26-30 сағат жұмыс істеді.
Кәмелетке толмағандардың қандай еңбек құқығы бар?
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________