Еңбекті қорғау



бет10/83
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#109823
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83
Байланысты:
treatise36891
Новый документ в формате RTF, реферат, СОӨЖ, Эндовидеохирургия сабак 4., Вопросы на русском языке, 1-Lecture, Коллоквиум Нут.және тамақтану (1), План текста (1) (1), 9 кл Т 1каз лит 4-22, Математика6-класс, EITS, Документ DOC, матем 5-6 апта, дерма с сир англ
Реактивтерді өлшеп орау.

Зертханаға көптеген реактивтер үлкен ыдыста келеді. Үлкен бөтелкеден, бөшкеден затың аз порциясын өз бетімен бөліп алуға тиым салынады. Сондықтан қолдануға ұсыну алдында реактивтерді өлшеп орау жүргізіледі. Реактивтерді өлшеп орау – қауіпті операция, сондықтан бұны тек тәжірибелі және осы заттың қасиеттерімен таныс тұлғаларға ғана сеніп тапсырылады.

Қатты заттарды өлшеп орау. Теріні немесе сілекей қабаттарын тітіркендіретін қатты заттарды арнайы ауа алмастырғышпен қамтамасыз етілген орында немесе ауа райының желсіз, құрғақ, жылы күнінде ашық ауада өлшеп орайды. Жұмысты резеңке қолғап, маска және көзілдірік киіп жүргізеді. Тозаңданатын немесе ащы бу шығаратын заттарды өлшеп орағанда респиратор немесе противогаз киілуі тиіс. Өлшеп ораудың соңынан міндетті түрде душ қабылдап, кір киімді жууға өткізу керек.

Сұйық заттарды өлшеп орау. Бұл операцияны сифонның көмегімен немесе ауа ағынының көмегімен қысу арқылы жүргізу ұсынылады. (сурет2). Сұйықты құюға арналған ағаштан не темірден жасалған тұрғызғыштың ортасындағы үлкен бөтелке сиятындай ұяға, ол нықталып бекітіледі де, кез – келген бұрыш көлбеуінде оны еңкейтуге болады (сурет 3).



Сурет – 2. үлкен ыдыстағы Сурет – 3. бөтелкені июге ыңғайландыру.

сұйықтықты ауа ағынында қысу.
Күйдіргіш заттарды өлшеп құюды, резеңке қолғап және қорғағыш маска киіп істеу керек. Көбірек мөлшердегі (1л асқан) күйдіргіш заттармен жұмыс істегенде міндетті түрде резеңке етік пен ұзын резеңке алжапқыш кию қажет.

Сұйық заттарды өлшеп орауды кем дегенде екі адам жасауға тиіс және жеткілікті мөлшерде су мен бейтараптандыратын заттар – сода және қышқыл ерітінділері дайын тұруы қажет.

Органикалық еріткіштерді өлшеп орау. Бұл процесс арнайы қауіпсіздік шараларды талап етеді. Бұл заттардың булары тітіркендіргіш болмағанымен, олар улы болып келеді. Ыдыстан ауыстырып құйған жағдайда денсаулыққа, өмірге зиян келтіретін бу концентрациясы пайда болатындықтан, жұмысты ауа алмастырғышы бар орында противогаз киіп жасау керек. Төртхлорлы көмірсутек, күкіртті көмірсутек, бензол, нитробензол, пиридин, метанол сияқты еріткіштерді құйған кезде сифон пайдалану қажет етіледі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет