Еңбекті қорғау


Аяқ-қол, саусақ, бармақ бастарынан буынды қысу арқылы қан тоқтату



бет23/83
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#109823
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
Байланысты:
treatise36891

Аяқ-қол, саусақ, бармақ бастарынан буынды қысу арқылы қан тоқтату. Қанды қол, асусақ, бармақ бастарынан тоқтату үшін, жараланған жерден жоғары (көкірекке таяу) буынды барынша қысады. Қысқан кезде буында пайда болатын шұңқырға алдын-ала кез-келген матадан түйір жасап, салады. Қысылған буынды сол қалпында сақтап тұру үшін, белбеу немесе дәке бауының көмегімен зақымданған адамның денесіне байлап қояды.

Резеңке-бұрау немесе бұрау салу. Дұрыс салынбаған бұрау қатерлі қауіптілік туғызады; бұл операцияға тек қатты қансырауда қан тоқтата алмаған жағдайда, амал жоқ кезде ғана жүгіну қажет. Уақытты созбау керек! Қатты қансыраудан зақымданған адам 3-5 минутта өліп кетуі мүмкін.

Егер бұрау тез арада салынбаса, уақытша қан тоқтату үшін саусақпен жараланған жерден жоғары орналасқан буынды басу қажет. (кескінге қара).

Беттің төменгі жағынан кеткен қанды төменгі жақ қуысының шетіндегі жақ артериясын басу (1); самай мен маңдайдан қан кеткенді – құлақтың алдыңғы жоғарғы бөлігіндегі самай артериясын басу (2); бас пен мойыннан кеткенде – мойын омыртқаның ұйқы артериясын басу (3); қолтық асты мен иықтағыны – иық алдындағы бұғана сүйегіне қарай басу (4); білектен кеткенде – иық ортасының ішкі жағындағы иық артериясын басу (5); қол саусақтары мен білезіктеріндегіні – екі артерияны ( кәрі жілік, шынтақ) қол қоспаларының төменгі үшінші білегіне қарай басу (6); тізедегіні – тізе астындағы артерияны басу (7); сандағыны – сан артериясын жанбас сүйегіне қарай басу (8); табандағыны – табаннның сыртқы жағындағы артерияны басу (9) арқылы тоқтатады.



Сурет –


Егер қолда арнайы резеңке бұрау болмаса, өте лайық материал ретінде жұмсақ резеңке шлангті қолдануға болады. Теріні қысып қалмау үшін бұрауды салатын орынды (5-7 см жарақаттан жоғары) алдын ала тығыз матаны немесе бинтпен бірнеше рет орау керек. Бұрауды жеңнің немесе шалбарлардың үстіне салуға болады. Топсаларды алдын ала созылған бұраулармен бірнеше рет орайды. Орамдар саңылаусыз, айқастыруларсыз тығыз жатуы керек.

Резеңке бұрауды салуда, бірінші орамды бостау, содан кейінгілерді бірінен соң бірін қатайта, саңылаусыз қан тоқтағанша орайды, содан кейін бұрауды байлайды. Резеңке бұрауды сонша қатты тартпау керек, өйткені бұдан нерв талшықтары зақымдануы мүмкін.

Резеңке бұрауды шешпеуге болатын максималды уақыт, жылдың жылы кезінде -1,5-2 сағатты, суық кезінде 1 сағатты құрайды. Осы уақыттан асырған жағдайда қансызданған бөліктердің жансыздануына соқтырады. Резеңке бұрау салынғаннан кейін, зақымданған адамды дереу ауруханаға жеткізу қажет.

Егер резеңке бұрау қатты ауыртатын болса, зақымданған адамды дем алдырып, уақытша шешуге болады, бірақ алдын ала жараға қан баратын буынды саусақпен басып тұру қажет. Резеңке бұрауды жайлап, абайлап шешеді.

Бұраудың орнына жұмсақ созылмайтын материалдан жасалған бинтті, орамалды, галстукты, белдікті және т.б. бұрағыштарды пайдалануға болады. Топсаның өлшемінен жарты екі есе асатын мықты ілмекті жарақаттан 5-7 см жоғары ілгіш ретінде киеді. Теріні мата қысып қалмайтындай бұрау салған кездегі жағдай сияқты қорғайды. Түйiнге немесе оның астына қысқа шыбық немесе кез келген бұрауға келетін қолайлы зат алынады. Қан тоқтаған бойда түйін шешіліп кетпеу үшін таяқша қыстырылады да жарақаттанған жерді іріңдетпейтін таңғышпен жабады.

Резеңке бұраудың арасына, бұрау тартылған дәл уақыт көрсетілген қағаз салу қажет.

Сұрақтар:

1. Химиялық зертхана ісінде жүрек соғуының және тыныс алудың тоқтауының немесе бұзылуының себебтері неден болады және оған алғашқы көмек қалай жасалады?

2. Әртүрлі дәрежелі термиялық күюлерге сәйкес алғашқы көмектер қалай жүргізіледі?

3. Электр тогымен жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсетудің негізгі мақсаты не?

4. Жедел улану кезінде алғашқы көмек көрсетудің қандай негізгі принциптері бар?

5. Қансырау кезінде алғашқы көмек көрсетуде қандай ережелерді сақтау қажет ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет