3.2. БАСҚА ӨРТ СӨНДІРГІШ ҚҰРАЛДАР
Су. Судың өрт сөндіруші құрал ретінде құндылығы – кез-келген зертханада үнемі шексіз мөлшерде болуында. Шағын от көзін жақын тұрған құбырдан суды ағызып өшіруге болады.
Сумен әсіресе, кәдімгі қатты жанғыш материалдарды ағаш, қағаз, көмір, резеңке, шүберек, сонымен қатар ацетон, төменгі спирттер, органикалық қышқылдар сияқты жанғыш сұйықтарды өшіру тиімді. Өшіру кезінде су шашыратқыш пайдаланғанда тиімділік артады. Егер жану көзін бастапқы өрт сөндіру құралдарымен тез жоя алмаған жағдайда, айналадағы жақын тұрған материалдарды – мебель, жабдықтар, газ баллондарын, егер оларды шығара алмаған кезде су шашып ылғалдандырады.
Бірақ судың ыңғайлылығына қарамастан, зертхана жағдайында оның қолданылуы шектеулі. Су біршама электрөткізгіш болғандықтан, жанған кернеуге қосылған электр жабдықтарын сөндіруге болмайды. Өрт кезінде сумен күшті реакцияласатын заттар жақында тұрса, сумен өшіруге тиым салынады. Жанған көмірсутектерді және басқа да тығыздығы бірден төмен сумен араласпайтын сұйықтарды өшіруде судың тиімділігі аз. Кейбір жағдайда сумен өшіру керісінше отты күшейтеді, өйткені жанып жатқан сұйық судың бетіне шығып, одан әрі жанып, жану аймағын ұлғайтады.
Әсіресе, май немесе қайнауы жоғары сұйықтар қыздырылып жатқан ыдыстарына немесе қатты зат балқытылып жатқан ыдысқа судың түсуі өте қауіпті. Мұнда түскен судың мөлшері мен сұйықтың температурасына қарай не қатты көбіктенеді, не ыстық сұйық шашырап, сыртқа лақтырылады да, жану қарқынын күшейтіп және от көздерін жан-жаққа шашыратады. Қыздырылып жатқан май жанғанда сумен өшірмекші болған адамдардың қолы, бетінің ауыр күйген жағдайлары көп белгілі.
Сонымен қатар, сумен өшіру кезінде қондырғылар мен жабдықтар зиянға ұшырайтынымен санаспауға да болмайды.
Асбест матасы. Жану ошағы аз жағдайда, ауаның қатысынсыз жана алмайтын заттар мен материалдар жанған кезде пайдаланады. Матаның ұсынылатын өлшемі - 1 х 1 м. Үлкен өлшемді маталар өгшіру кезінде ыңғайсыз болады. Штативке орнатылған қондырғылардан, қиын қол жететін жерден, жабдықтармен толтырылған стөлдің үстінен от шыққан кезде асбест матасымен сөндіру мүмкін емес, бұдан тек жабдықтардың шынылары сынып, зиян шегіледі және жану одан әрі ұлғаюы мүмкін. Жанғыш сұйық заттардың отын өшіргеннен кейін, әбден суығанша асбест матасын
Құрғақ құм. Өртке қарсы қауіпсіздік нормаларына сай әрбір зертхана бөлмелерінде құм міндетті түрде болуы тиіс. Аз мөлшерде жанған ЖС немесе ОЖС және қатты заттарды, соның ішінде сумен өшіруге болмайтындарын сөндіру кезінде құм пайдалану ұсынылады. Құмның басқа өрт сөндіргіш құралдарға қарағанда, тиімділігі біршама аз. Бірақ ол арзандығымен ерекшелінеді.
Төгілген ЖС-ды жинау мен сөндіруде құмның орнына, табиғи қышқылдық жанар тау жыныстарынан термиялық өңдеу арқылы алынған фильтроперлитті ұнтақтарды қолдануға болады. Фильтроперлитті ұнтақтарды жабық бидон немесе коетейнерлерде сақтайды.
Төгілген ЖС-ды жинауда құмды пайдаланған жөн. Бірақ органикалық сұйықтарды аз сіңдіретін болғандықтан, басқа ағаш қиқымы, тарқатылған асбест матасы, лигнин, фильтроперлит сияқты, сіңдіргіштігі құмнан жоғары затарды қолдану ұсынылады. Бұл заттарды төгілген сұйық үстіне, оны әбден сіңдіргенше сеуіп қояды, одан кейін қалақпен жинайды. ЖС сіңген массаны жағып жіберген дұрыс.
Сұрақтар:
1. Өрт сөндіруші бастапқы құралдарға не жатады?
2. Көбікті өрт сөндіргіштердің зертханадағы қолданылуында қандай шектері бар?
2. Арнайы өрт сөндіргіш құралдардың өзіндік пайдалану салалары қандай ?
3. Басқа да қандай өрт сөндіргіш құралдарын білесің және оларды қандай жағдайда қолданады?
Достарыңызбен бөлісу: |