Органикалық ерітінділермен жуу. Бұл операция қауіпті болғандықтан, тек шарасыз жағдайда суда ерімейтін органикалық заттарды тазалауда ғана ұсынылады. Бұл мақсатта қолдануға тиімді ерітінділер ретінде этил спиртін, ацетонды, хлороформды, петролейн эфирін жатқызуға болады. Органикалық еріткіштер жанғыш және денсаулыққа зиянды келетіндіктен, операцияны сорғыш шкаф астында өткізеді. Ыдыстың ішін дәл келетін еріткіштің аз мөлшерімен шайқап, арнайы қалдық құятын ыдысқа төге отырып, процедураны бірнеше рет қайталайды. Бірінші рет шайқауға бұрын қолданылған еріткішті алуға болады, ал келесі шайқалымдарға тазасын алу қажет. Органикалық еріткіштермен ыдыс жууды машықтанбаған жұмысшыларға тапсыруға болмайды.