ГАЗ БАЛЛОНДАРЫМЕН ЖҰМЫС.
Зертханаға көптеген газдар сығылған ( азот, аргон, сутек, гелий, оттек), сұйытылған (аммиак, метаннан басқа көмірсутектер, көміртектің қос тотығы, фреондар, хлор) және ерітілген (ацетилен) күйде болат баллондарда келеді(прилож. 9).
Қасиеттеріне қарай барлық газдар келесідей негізгі топтарға бөлінеді:
жанғыш және қопарылғыш (ацетилен, сутек, көмірсутектер);
жануды қолдайтындар (оттек, ауа, хлор)
инертті және жануды қолдамайтындар (азот, аргон, гелий, көміртектің қос тотығы)
улы (көміртектің қос тотығы, күкірттісутек, фосген, хлор)
Газ баллондарымен жұмыс істегендегі қауіптілік олардың жанғыштығына, қопарылғыштығына және улулығына ғана байланысты емес, сонымен қатар газдың баллонда жоғары қысымда – 15МПа болатындығында.
Қоймадан баллонды алар кезде, оны мұқият тексеру керек. Сырты немесе вентилі бүлінген, газы шығып тұрған, баллонды кезекті пайдаланудың мерзімі өткен жағдайдағы баллондарды қолдануға тиым салынады. Жанғыш немесе улы газдардың вентиль арқылы газ жіберетіндігін байқаған кезде, бірден ол баллонды қауіпсіз жерге апарып, жөндеу шарасын қолдану керек.
Баллондарды тек арнайы арба немесе зембілдерге салып тасыйды. Вентильдер баллондардың мойнына бұралатын болаттан немесе шойыннан жасалған қорғағыш қақпақпен жабылуы керек. Баллондарды қолмен, иықпен немесе арқамен тасуға тиым салынады. Оларды тасу және орнату кезінде қызудан, соғудан, соққыдан, құлаудан сақтау қажет. Қатты соққыдан баллон жарылуы мүмкін.
Газ баллондарын орнатуға зертхана жанынан арнайы қосымша бөлме немесе металдан жасалған үйшік бөлінуі керек. Бір үйшікте оттекпен қатар жанғыш газдарды орналастыруға тиым салынады.
Жұмыс орнында инертті газдар және көміртектің қос тотығы баллондарын орналастыруға болады. Оларды жұмыс стөліне немесе арнайы қабырғаға қағылған темір тағанға шынжырмен бекітуге болады. Баллон орнатылған жер жылу көздерінен (электр жабдықтары, жылу батареялары), күн сәулесінен оқаш болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |