Жұмыс орнында жанғыш және жануды қолдайтын, сонымен қатар улы газдар баллондарын тікелей орнатуға тиым салынады. Жекелеген жағдайда Мемлекеттік қалалық бақылау инспекциясының келісімімен сиымдылығы 12л дейінгі баллондар орнатуға болады.
Баллондағы газды пайдаланар алдында вентилін, оймасын, саңлаудың тазалығын мұқият тексеру қажет. Баллондағы газ тек әр газдың өзіне арналған, яғни баллонның түсіне сай редуктормен алынуы керек. Инертті және жанғыш емес газдарды баллондардан алу үшін оттекке арналған редукторды қолдануға болады. Редукторсыз баллоннан газ алуға тиым салынады.
Редукторды қосар алдында детальдардың барлығының кірден, майдан тазалығына, сонымен қатар кигізілетін гайканың астына салынатын төсемнің дұрыстығына көз жеткізу керек (сурет 4).
Сурет – 4. редукторды газ баллонға қосу.
1 – газ баллон
2 – вентиль
3 – маховик
4 – штуцер
5 – лақтырмалы кілт
6 – редуктор
7 – жоғары қысым монометрі
8 – төмен қысым монометрі
9 – реттегіш винт
10 – қорғағыш клапан
11 – редуктордан газды шығаратын түтік
Редукторды қосқаннан кейін сағат тіліне қарсы бағытта бұрай отырып реттейтін винтті толығымен босатып, жоғары қысымды өлшейтін монометр көрсеткішін бақылай отыра, абайлап баллонның вентилін ашу керек. Газды алар алдында детальдардың қосылған бөліктерінен оның шықпауын, сабын көбігін жағу арқылы тексеру керек. Егер газ әлде бір жерден шығып жатса, баллонның вентилін тез жауып, редуктордағы газды шығарып, бүлік жерді жөндеу, яғни бұрандалы қосылыстарды тарту, кигізілген гайканың төсемін ауыстыру т.с.с.. керек. Редуктордағы газ қысымын алдын ала жібермейінше, ешбір детальдарды тартуға болмайды. Баллонға орнатылған редукторды жөндеуге, сонымен қатар өз бетінше вентилді жөндеуге тиым салынады. Редуктордың бүлігін қалпына келтіруді жөндеу шеберханасында маманды қызметкер жүргізу керек. Вентилі жөндеуге жарамсыз баллонды газ толтыратын зауодқа баллонның сыртына бормен «Бұзылған» деген жазумен қайта жіберу керек.
Жылына бір реттен ұзақ емес уақытта редукторларды бақылағыш-өлшегіш жабдықтар кәсіпорынының қызметіне тексеруге өткізіп отыру керек.
Газды баллоннан алу үшін, төменгі қысым монометрі бойынша керекті қысымына жеткенше немесе газдың керекті ағысына дейін сағат тілінің бағытымен реттегіш винтті баяу бұрау қажет. Егер газ тікелей баллоннан шыны жабдыққа түсетін болса, онда ол атмосферамен қатынаста болуы керек, кері жағдайда жабдықтағы қысым тез артып, жарылысқа ұшыратуы мүмкін.
Жұмыс соңында, жоғары қысым монометрімен тексере отыра баллон вентилін жауып, редуктордан газды шығарады, содан соң реттегіш винтті сағат тілінің бағытына қарсы бұрап босатады. Вентилі жабылмаған немесе редуктордың реттегіш винті босатылмаған баллонды қараусыз қалдыруға тиым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |