Еңбекті қорғау



бет15/83
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#109823
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83
Байланысты:
treatise36891

Жүрек массажы. Алғашқы көмек жасау саласында, жүрекке тек тура емес (сырттан) қана массаж, төс клеткасының алдыңғы жағынан ырғақты түрде басу арқылы жасалады. Нәтижесінде жүрек төс пен омыртқа ортасында қысылады да, өз қуысынан қанды итеріп шығарады; ырғақты түрде басу арасында жүрек пассивті түрде түзеледі де, қанмен толады. Бұл массаж барлық органдар мен дене талшықтарына қан түсуіне жеткілікті және зақымданған адам өміріне демеу болады. Жүрек массажы міндетті түрде жасанды тыныс алдырумен үйлестіре жасалады.

Зақымданған адамның жүрек тоқтағаны анықтала салысымен оны қатты жерге арқасымен жатқызады. Мүмкіндігінше оның аяғын 0,5м биіктікке көтерген жөн, өйткені дененің төменгі бөлігінен жүрекке қан келуі жақсарады. Тез арада кеудені қысып тұрған киімнің түймесін ағытып, төс жағын жалаңаштандыру қажет.

Зақымданған адамға көмек көрсетуші оның ыңғайлы жағынан орын алып, бір қолының алақанын төстің төменгі жағына қойып, ал екінші алақанын біріншінің сыртына қояды. Ырғақты басуды, қолдың шынтағын түзеп өз денесінің салмағын пайдалана отырып, белсенді түрде соққы бере отырып жүргізеді.Зақымданған адамның төсінің төменгі бөлігі арық адамдікі 3-4 см, ал толық адамдікі 5-6 см иілуі керек. Әр соққыда қолдың басылған қалпын секундтың үштен бір бөлігіндей уақыт ұстап, содан кейін қолды кеудеден алмай, төс бөлігінің түзелуне жол береді. Ырғақты түрде басуды мөлшермен секундына 1 рет немесе одан сәл жиірек жасайды. Минутына 60-тан аз ырғақты түрде басу шапшаңдығында, жеткілікті түрде қан түспейді.

5-6 ырғақты түрде басудан кейін 2-3 секундқа кідіріс жасалады. Егер екі адам көмек көрсетіп жатса, екіншісі бұл кезде жасанды тыныс алдыруды жүргізу керек. Егер көмекті жалғыз адам жасаса, операцияны келесі түрде кезектестіру ұсынылады: өкпеге тез арада екі рет ауа үрлегеннен кейін, 10 ырғақты түрде басу 1 с аралықпен жасалады.

Сыртқы жүрек массажын зақымданған адамның өзінің массаж көмегінсіз, жүйелі тамыр соғуы пайда болғанға дейін жасайды. Тамыр соғуды массаждың 2-3 секундтық кідірісінде өкпеге ауа үрлеу кезінде тексереді. Тамыр соғысын ұйқы артериясынан анықтаған ыңғайлы болады.

Клиникалық өлім жағдайында жүрекке массаж жасағанда, бұлшық ет тонусының төмендеуінен кеуде қатты қозғалғыш келгендігін естен шығармау қажет. Сондықтан көмек көрсетуші адам ұқыпты болып, еш үрейленбеуі керек. Массаж дұрыс жасалмаған кезде қабырға мен төстің сынуы мүмкін.

Жасанды тыныс алдыру. Барлық белгілі жасанды тыныс алдыру әдістерінің ішінен ең ыңғайлысы және арнайы құралдарды қажет етпейтін «ауыздан ауызға» (немесе «ауыздан танауға») әдісі мақұлданған.

Жасанды тыныс алдыруға дайындық, келесі операцияларды тез арада орындаумен жасалады:

1) зақымданған адамды көлденең жазықтыққа арқасымен жатқызып, тыныс алуды және қан айналымын қиындататын кимдерден босатады;

2) зақымданған адамның оң жағына тұрып, оң қолды оның мойынының астына жібереді, сол қолды маңдайға қойып, иекпен бір деңгейге келгенше барынша басты артқа шалқайтады; әдетте басты артқа шалқайтқанда ауыз өз бетінше ашылады;

3) егер зақымданған адамның жағы қатты қарсып қалса, жақтың астыңғы бөлігін, үстіңгісіне қарағанда, алдыға қарай жылжығанша екі қолдың үлкен саусағымен тарту керек, немесе жалпақ затпен (қасықтың сабымен) жақты жазу керек;

4) орамалмен, дәкемен немесе жұқа матамен оралған саусақ арқылы зақымданған адамның аузын сілекейден, тіс протездерінің қалдық массаларынан арылтады.

Кейде осы дайындық жасау операцияларының өзі өз бетімен дем алуды қалпына келтіреді.

Жасанды тыныс алдыру үшін көмек көрсетуші ішке қарай қатты дем тартып, зақымданушының мұрынын саусақтарымен жаба, оның жартылай ашық аузын ернімен қапсырып, қарқынды дем шығарады. Бір минутта 12-15 дем үрлеуді жасау керек; үрленетін ауаның көлемі 1 ретте 1-1,5л құрайды. Бұдан артық ауа жібергенде өкпе барозақымға ұшырауы мүмкін. Жасанды тыныс алдырудың нәтижелілігі кеуде қозғалысының амплитудасымен бағаланады.

Егер ауа, кеуде қуысының кеңеюінің байқалмауы және қарынның қабынуымен анықталатын, өкпеге емес асқазанға түссе, тез арада төс пен кіндік арасын басып ауаны шығару керек. Бұл кезде зақымданған адам лоқсуы мүмкін, сондықтан оның басын алдын-ала бұрып қойған дұрыс.

Өз бетімен дем алудың қозғалысы пайда болғаннан кейін де, зақымданушының өзінің ішке қарай дем тартуының басталуымен сәйкестендіріп, тағы да біраз уақыт жасанды тыныс алдырады. Жасанды тыныс алдыруды ырғақты және терең дем алу басталғанша немесе аппаратпен дем алдыратын дәрігер келгенше жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет