2.4. ЖЕДЕЛ УЛАНУ
Улы заттармен жедел уланған жағдайда көмек көрсету кезіндегі негізгі ереже: зақымданған адамның улану ауырлығына және қал-жағдайына қарам астан, тез арада дәрігер шақыру қажет.
Көптеген химиялық заттардың әсері бірден көрінбейтінін, ол тек біраз уақыттан кейін ғана шығатынын естен шығармаған жөн. Сондықтан тек толық медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ары қарайғы емделудің қажеттілігі туралы шешім жасауға болады. Химиялық заттармен улану кезінде өз бетімен емделуге жол берілмейді.
Жедел улану кезінде алғашқы көмек көрсетудің негізгі принциптері:
1) удың организмге түсуін тоқтату (зақымданған адамды улану аумағынан шығару, теріден немесе сілекей қабатынан уды жою, былғанған киімді шешу);
2) ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіру және адам жанын сүйемелдеу (жасанды тыныс алдыру мен жүрек массажы);
3) ағзадан уды кетіру (асқазанды жуу, лоқсытатын дәрмектер, адсорбенттер);
4) ағзаның қорғаныш қасиеттерін арттыратын уға қарсы әсер беретін сәйкес заттар және медикаменттер қолдану.
Улы заттармен жұмыс кезіндегі, зертханада қолданатын қауіпсіздік техникасының нұсқауында, уланған жағдайда шұғыл көмек көрсету шаралары туралы нақтылы ұсыныстар жазылуы керек. Зертханадағы аптечкада керекті медикаменттер, уға қарсы әсер беретін заттар және құралдар болуы қажет.
Ауыз арқылы удың түсуі. Уды шығарудың ең тиімді әдісіне асқазанды зонд арқылы шаю жатады. Шаюды улану фактасы анықтала салысымен тез арада жүргізеді. Шаюдың алдында улы заттың ішекке өтіп кетуін тежейтін пилораспазм туғызу үшін асқазанға ас тұзы ерітіндісін (1-2 ас қасық бір стақанға) жібереді. Зонд арқылы шаюды жуылған су құрамында удың жоқтығы анықталғанша (сапалы талдау нәтижесі бойынша) жүргізеді. Бір ретте асқазанға 0,4-0,5 л жылы су енгізіледі; шаю саны қажетінше 20-30 болады. 5-6 сағаттан кейін шаюды қайталайды.
Асқазандағы улы заттардың адсорбциясы үшін, активтенген көмір қолдану ұсынылады. Асқазан жуылғаннан кейін бір стақан суға бір ас қасық көмір ұнтағын араластырып ішкізеді.
Егер асқазанды тез арада жуу мүмкін болмаса, мөлшері көп жылы суға бірнеше тамшы нашатр спиртін араластырып, уланған адамды құстырады. Ал күйдіргіш улармен (қышқылдармен, сілтілермен) уланғанда және адам есінен танған кезде құстыруға тиым салынады.
Антидоттар (уыттар), магний оксидінің судағы суспензиясы, таннин ерітіндісі, калий перманганаты және сонымен қатар бүркеуіш заттар, мысалы жұмыртқа ақуызы, сүт, крахмал клейстері сияқты уыттарды толық сенімділік жағдайында ғана үлкен сақтықпен қолдану керек. Уланудың түрлі жағдайларында берілетін сүтті мысалы, фосформен немесе органикалық нитроқосылыстармен уланғанда беруге болмайды. Ескі нұсқаулықтарда асқазанға түскен мықты қышқылды нейтрлеу үшін натрий бикарбонатының ерітіндісін пайдалану ұсынылғанымен, зардап шеккен адамның жағдайын одан ары нашарлатады, себебі көмірқышқыл газдың түзілуінен асқазанның ұлғаюы болады.
Әрбір нақты жағдайларда қолданатын алғашқы көмектін дұрыстығын нақтылау мақсатында арнайы анықтамаларға сүйенген жөн [6,23,37]. Әлбетте әдебиеттiң ұқсас тегi әрбiр химиялық лабораторияларда болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |